Home » Мақалалар » Оқытудың белсенді әдістері

Оқытудың белсенді әдістері

Сабақта компьютерлік технологияны пайдаланудың тиімділігіп айта келе, компьютермен жұмыс барысында студенттердің психологиялық ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін, компьютерді пайдалануға арналған гигиеналық талаптарды ескеру кажет.
Компьютерлер қолданылатын бөлмеде табиғи және жасанды жарық көздері болады. Компьютерлік сыныптар орналасқан бөлме солтүстік және солтүстік шығысқа бағытталған болып, олардың терезелерінде реттеліп отыратын перде болғаны дұрыс. Компьютерлік сынып жер асты бөлмелерінде немесе жартылай жер асты бөлмелерінде болмауы керек. Жарықтың дұрыс түспеуі студенттердің көздеріне кері әсерін тигізіп, тез шаршатады. Мұндай кезде сабақ барысында студентмен көзге арналған жаттығуларды орындаймыз.
Сондай-ақ құрылыс пәндерін оқыту барысында аудио, видео роликтерді пайдаланған тиімді.Аудиосабақта материал үнтаспа арқылы тыңдалып, қосымша логикалық сұраулар арқылы жүзеге асырылады. Берiлетiн сұрақтар нақтылау, ұсыныс жасау, қарсылығын бiлдiру, хабарлау т.б. үлгiлерде ұсынылса ұтымды болады. үнтаспа тыңдауда кiдiрiстiң (пауза) рөлi үлкен.  Тыңдалған материал логикалық кiдiрiс арқылы жүзеге асырылады. Радио хабарларды, телеақпараттарды тыңдап-түсiнуде сабақта игерілуге  тиiстi мәтiн түрлерiнiң стильдiк және жанрлық құрылым ерекшелiктерi ескерiлуi мiндеттi.
Аудиомәтiндi таспадан тыңдау, ғалымдардың айтуынша, екі рет қайталануы керек. Екiншi қайталану негiзiнде саты бойынша қиындықтарды жеңуге бағытталған тапсырмалар өте қажет. екi рет қайталанып берiлгенде, Студентның жадында сақтау қабiлетi артады. Студент видео, аудио таспаларды, фильмдердi, студент тыңдайды. Олардың негiзгi мақсаты — арнайы белгiлi бiр тақырып бойынша хабар немесе ақпарат, тiрек сөздердi тыңдау. Бұл студенттің сөздiк қорын байытуға мүмкіндiк бередi. Аудиоматериалдар студенттің талдау дағдысын жетiлдiредi; өз пiкiрiн, ойын тұжырымдап айтуға көмектеседi. Аудиотаспаға жазылған тақырыптар жеке дара үйретiлмейдi. Ол материалдар сабақта өтетiн мәтiнге сай таңдалып алынады.
Бейнеқұралдарды пайдалану әдiсi: Үйрету процесінде дидактикалық телевизорды пайдаланудың маңызы зор. Телевизор арқылы берiлетiн хабар дәстүрлi әдiспен салыстырғанда анағұрлым құндырақ, себебi ол оқу материалын қабылдаудың нәтижелi жолы және де үйретудiң жаңа мумкiндiктерiн калыптастыратын құрал. Видеотаспа студенттің танымын  кеңiтедi және хабар алу процесiн артығырақ дамытады,
Жаңаша оқыту әдiстемесi негiзiнде видеоның орнын анықтаған американың әдiскер ғалымы М.Лекяч: “Визуальды хабар коммуникативтiк актiнi толық ұғынуға көмектеседi”,-дейдi.
Бейнекөрiнiс арқылы үйрету дамыған елдерде соңғы жылдары кең тараған әдiс. Бiздiң елiмiзде де видео арқылы үйрету методына арнайы пәнді оқыту барысында белгiлi бiр тақырыпқа құрылған немесе мәтiнмен мағыналас бейнесюжетпен бiлiм беру кең көлемде қолға алынғаны оң нәтижесін көрсетуде.
Видео дауыспен көрiнiстi таспаға жазып алуға жарайтын жеке көрiнiстердi түрлi-түстi немесе ақ-қара реңкiнде көрсету мүмкiншiлiгi бар нәрсе. Ең негiзгi әсерi — видеоның дауысты дәлме-дәл тыңдаушысына жеткiзе беруiнде. Видео арқылы құрылыс жұмыстары, құрылыс жұмыстарын  жүргізу технологиясын көзiмiзбен көрiп, құлағымызбен естiп, дамытамыз. Видео өмiрдегi шындықты сабақ барысында көз алдымызға әкеліп, студенттердің белсенділігі, пәнге және мамандыққа деген қызығушылығын арттыратын негізгі көмекші құралдың бірі деп есептеймін.

Р.Н.Сатқанбай
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»
арнайы пән оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.