Home » Жаңалықтар » «Қазақстан территориясының қалпына келу тарихынан» атты семинар өтті

«Қазақстан территориясының қалпына келу тарихынан» атты семинар өтті

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейде «Қазақстан территориясының қалпына келу тарихынан» атты семинар өтті. ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі мен Астана қаласының білім басқармасы ұйымдастырған шараға ғалымдар мен қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Басқосуды Астана қаласы білім басқармасының әдіскері Дайра Қайнемқызы жүргізді. Күн тәртібінде бес тақырып талқыға салынып, баяндамашылар маңызды мәселелерге тоқталды. Қазақстанның тарихи территориясының қалпына келтіру барысында жасалған жұмыстар мен шекарамызды халықаралық тұрғыда заңдастыруда Елбасының атқарған қызметі айтылды.

Ұлт болу үшін төрт нәрсе керек» дейді Сталин. Бірінші, оның территориясы. Екінші, жеріне, климатына қарай шаруашылығы, үшінші, салт-дәстүрі, төртінші, тілі, діні болуы тиіс. Шүкір біздің шекарамыз шекендеулі. Жан-жағымызда алпауыт мемлекеттермен шекаралас болғанымызға қарамастан, барлық мәселені бейбіт шешіп отырмыз. Бұл біздің Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы,- дейді деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің бастығы, т.ғ.д., профессор Ғани Мұқашұлы.

Жиын барысында Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Ресей шекараларын рәсімдеу шарттарына ерекше тоқталынды. Қазақ шекарасын бағамдау бойынша жасалған ғылыми-зерттеулерге назар аударылды. Семинар соңында ғалымдар мен ұстаздар пікір алмасып, №59 мектеп-лицей оқушыларының мерекелік концертін тамашалады.

Ж.БЕСЕУ  

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.