Home » Жаңалықтар » «Жан жылуын сыйла!» атты қайырымдылық акциясы

«Жан жылуын сыйла!» атты қайырымдылық акциясы

83-%d0%bc%d0%b5%d0%ba-img_5303-06-12-16-03-26     2 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейірімді қала» акциясына өз үлесін қосып отырған «Адам» қайырымдылық қорының демеушілігімен №83 мектеп-гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен «Жан жылуын сыйла!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Әрине, әр қашан, мейірімділік, қамқорлық бәріміздің құлағымызда, және де мейрімділік көрсеткен адам өзі-өзін өте тамаша сезінеді, өйткені ол адамзаттың қанына сіңген қасиет. Жақсылық жасау игі қасиеттерінің бірі. Жақын адамға жан жылуын сыйлау, қамқор болу – адамгершілік белгісі. Өткізген мерекенің де мақсаты –  жан жылуын сыйлау!  Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. 83-%d0%bc%d0%b5%d0%ba-img_5300-06-12-16-03-26

Бүгінгі күні көптеген адамдар өз күші мен уақыттарын аямай, қайырымдылық ісімен айналысуда. Аталған іс-шараға «Адам» қайырымдылық қорының президенті Баймырза Шыңғыс мүгедек тобындағы балаларға жеке сыйлықтар табыстады, ал,  EQS Европейский Качественный Сервис компаниясының президенті Насибов Шахим Ядигарович және директоры Галеев Ерсаин Ерназарович мүгедек тобындағы балалардың мектептеріне, жалпы қолдануға арналған музыкалық центрлер сыйға тартты.

Қайырымдылық акциясына «Ветераны Афганистана» атты  Республикалық қоғамдық мекемесінің төрайымы Махашов Жангельды Менлибаевич өз үлесін қосты.

№83 мектеп-гимназиясының директоры Сауле Ермухановна Теменова өзінің еңбек жолында мүгедек тобындағы балалар үшін қайырымдылық іс-шараларын өткізуде. Мектептің әлеуметтік қызметкері Тыныс Сергазиевна Сейдахметова – ары қарай мерекелік құттықтау кешін концерттік бағдарлама және шоу бағдарламасын ұсынды.83-%d0%bc%d0%b5%d0%ba-img_5302-06-12-16-03-26 83-%d0%bc%d0%b5%d0%ba-img_5299-06-12-16-03-26

Бағдарламада 65 мектеп-гимназиясының түзету сыныптарының оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Айгүл Смагулова
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.