Home » Баяндамалар » «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

«Бір рет айтылған әңгімелер артынан үнемі қайталануы қажет. Бұл ұмытылып қалғанды қайта еске түсіру емес, қайта ұмытып кетудің мүмкіндігін болдырмас үшін жасалады» (К.Д. Ушинский)

Тарих-адамзаттың зердесі. Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі біздерді ұлы бетбұрыстарға әкелді. Қазіргі ақпараттық қоғамда оқушылар үшін білімнің мәні маңызды екені белгілі. Оқушыларымыздың келешекте табысты болуын қамтамасыз ету үшін оқыту мен оқуды ұдайы арттырып отыруымыз қажет. Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалана алатын, ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Қазақстан тарихы пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі: көптеген хронология, тарихи терминдер, кісі есімдері, қоныстар, жыл, ай аттары, сандар көптеп кездеседі. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қателіктер жібереді. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Сабаққа тақырыптық жоспар жасағанда алдыңа қойған мақсатың қол жетімді болуып, сабақ мақсаты әдістемелік тұрғыдан дұрыс тұжырымдалып, оған жету жолдары анық болуы керек.   Сыныпта алынған сынама тесттерде жіберілген қателермен жүйелі талдау жұмысын жүргізіп, оның маниторингін шығарып отыру қажет..

Мұнда: «Үйренуді үйрену» стратегиясы тиімді нәтиже деп ойлаймын

Өз іс-әрекетіңді жоспарла,Өз іс-әрекетіңді қадағалай біл,Өз іс-әрекетінде қолданып көр, Маңыздысын таңдай біл.

Жалпы алғанда, стратегиялар оқушыға ақпаратты оқуға, табуға, сақтауға және пайдалануға көмектеседі. Мен тестілеудің ең қарапайым әдісі «жауабын таңдау тестінен» бастап

Суретті тест, Еске салушы тест, Сәйкестендіру тесті, Бірнеше дұрыс жауапты тест,

Реттік хронологиялық тесттерді ұсынып отырмын. Тестке дайындық барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың шегі жоқ. Әр мұғалім қиялына байланысты әртүрлі тәсілдерді, көрнекіліктерді, карталарды қолдануына болады.

Елімізде талапкердің білімін бағалаудың тестік әдісі 2004 жылдан бері қолдаынлып келді. ҰБТ-ның басты мақсаты, тапсырмалар арқылы білім сапасына бақылау орнату, талапкердің білімін бағалауда әділ болу. ҰБТ білім беру мекемелерінің қызметін объективті бағалауға нақты рейтинг көрсеткішін белгілеуге оқытушы мен оқушының жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылушылығын туғызады. Өткен 2017 жылдан ҰБТ форматына өзгеріс енді.Үш міндетті, екі таңдау пән.Міндетті пәндер арасында математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәндері.

Биылғы тест тапсырмаларының базасы 50%-ке жаңартылды. 2017 жылы бізде 80 мың тест тапсырмалары болса, биыл олардың саны 120 мыңнан асты. Оның шамамен 11%-ы функционалды сауаттылығын анықтауға бағытталса, шамамен 37% тест тапсырмаларының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл пәнді тереңірек түсінуге және құр жаттап қана қоймай, ойлануға мүмкіндік береді. Осы жолда қосымша сабақ Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы.

Қосымша сабақтың мақсаты — оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету.

Қосымша сабақтың міндеттері — оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже — ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету.

ХХІ ғасырда оқушылардан талап етілетін: сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістерді қалай және қай жағдайда қолдануды білуі ойын еркін жеткізе алатын оқушыны қалыптастыруда көмектеседі. Мысалы: Сабақтарда 7 модуль: Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, проблемалық оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін пайдалану. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнаған дұрыс. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық, аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргізіледі. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай оқып, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, түсінулеріне болады. Оқушылардың білімін бақылауда тесттің бірнеше түрлерін ұсынамын.

Логикалық тізбекті ажырату. Бұл жерде «кезбе тілші» әдісі арқылы бір оқиғаға немесе жағдайға байланысты жаңалықтар бағдарламасын жасауы керек. 1-ші оқушы: жедел тілші. 2-ші оқушы: диктор. 3- ші оқушы: куәгер.

Мәселен: Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларды сын тұрғысынан ойлануға жетелейтін келесі тапсырма. Егер сен, ХІХ ғасырда өмір сүрсең, 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы көтерілісінде кімді, қай мемлекетті қолдаушы едің? Мұнда сыни ойлана отырып, есте сақтау қабілеттерімен бірге, оқушылардың отансүйгіштік қабілеттері шыңдалады.

Енді керісінше, Тәуке хан ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда емес, ХХІ ғасырда- яғни сенің сыныптасың болғанда аты, жөні кім болар еді? Бұлай ой тастау оқушыларға хандар кестесінен жаттауға ретінен жағылмауына көмектеседі. (Есімов Тәуке Жәңгірұлы болар еді.)

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғау және ой жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады.      Толықтыруды қажет ететін тест. Толықтыруды қажет ететін тестілер мәтінінде керекті сөздерді, белгіні қоятын ашық орынға оқушылар қажет жауабын қояды. Болмаса төмендегі тест үлгісі бойынша берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орнына жауабын жазады немесе тапсырманы жалғастырып аяқтайды.

  1. Түрік сөзі…….. сөзінен шықты.(теле)
  2. Саудагерлер қаласы…….. ( Тараз)
  3. Ең алғаш мұсылман бейіттері…………….(Отырардан 9-10ғ және Боран қала жұртынан табылды.)
  4. Алтын өнеркәсібінде 1873ж ……жұмысшы әйелдер еңбек етті.(12%)
  5. Махамбет Жәңгір ханның ….. деген баласына тәрбиеші болды. ( Зұлқарнай)
  6. «Ресей- кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ-артымызда ….( Мәскеу)
  7. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан әкету … аяқталды. (1989ж ақпан
  8. Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Андропов …. келді. (1982-1984ж)

Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай оқып, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, есте сақтауға болады. Ол үшін екі тәсіл ұсынамын. 1. тас дәуірінен бастап, қазіргі заманға дейінгі тақырыптарды ретімен оқыту. 2.тест тапсырмаларын іріктеп, мағынасына қарай есте сақтау.

Сәйкестендіру тесті оқушылардың таным қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Бұл жұмыста тарихи оқиғалар араластырылып беріледі де оқушылар дұрыс жауаптарын сәйкестендіре орындайды. Сәйкестендіру тесті тірек сызбалары арқылы белгіленеді

Сәйкестендіру тестін бірнеше тақырыпты өткеннен кейін пайдаланған тиімді. Сонымен бірге толықтыру тесті, баламалы тест әдістерін жүйелі түрде қолдана білсең бұл жұмыстарда оқушының ойлау қабілеттерін арттырары сөзсіз.

Хронологиямен жұмыс

Хронологиямен жұмыс оқушыларды тарихи оқиғалардың өткен уақытын есте сақтауға дағдыландырады.

Бірнеше жауабы дұрыс тест.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының президент сайлауы болған жылдар.           (1991,1995,1999,2005,2011.)

Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отыру қажет. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап әдісін түрлендіре отырып пайдаған тиімді. Мысалы: «шынжырлы чемпион» ойыны. Онда бір тарауды оқып бітіргеннен кейін, бірінші партадағы бірінші оқушы орнынан тұрып екінші оқушыға сұрақ қояды. Ол жауап берсе келесі партадағы үшінші оқушыға сұрақ қояды. Үшінші оқушы жауап бере алмаса орнына отырады. Екінші оқушының сұрағына енді төртінші оқушы жауап береді және солай жалғаса береді. Тек сұраққа жауап бергендер ғана айналымға қатысып, бірнеше айналымнан кейін чемпион анықталады.   Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері арттады. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Тарихи терминдермен де жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білулері керек.

Өткен оқу жылынан бастап мемлекетіміз анағұрлым жүйелі шешімге келді—ҰБТ ны екі кезеңге бөлді. Біріншісі, тек орта мкетеп үшін қорытынды бағаға бағдарланады. Ол ауызша өтеді. Ал екіншісі—тек жоғары оқу орындарына қабылдану үшін қолданылады. Ол сынақ тест түрінде алынады. Өткен 2016-2017 жылғы тесттің ерекшелігі бұрынғы бір жауабы дұрыс тестпен қатар сәйкестендіру және бірнеше дұрыс жауапты тестер енгізілген. Бұл оқушылардан мектепте ауызша емтиханға ал, жоғары оқу орнына түсу үшін тестке дайындалуды қажет етеді. Яғни дайындықты екі есе күшейту керек деген сөз.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Мұғалім ата-анамен бірге оқушының 11 жыл алған білімінің жоғары нәтижеге жеткенін қалайды. Ол үшін мұғалім мен ата-ана және оқушы арасында тығыз байланыс болуы керек. Ата-ана баласының мектепте алған білімін үйде қайталап меңгеруіне көмек көрсетуі тиіс. Оқушы дайындық кезінде мынадай жайларға ерекше назар аударуы қажет.

  1. Тестті мағынасын түсініп оқу.
  2. Оқулықпен жұмыс жасау.
  3. Мұғалімнің берген бағыт-бағдарымен әрі қарай өз бетіңше іздену.
  4. Бос уақытты текке жібермей, тиімді пайдалана білуге дағдылану.

Өз тәжірибемді қорытындылай келе, жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану білім беру үрдісіне оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады.

Тарих-тамыр болса, мұғалім-бұтақ, оқушы-гүл. Міне, осы жайқала өскен гүлді әдемі қалпында өсіріп, сақтау біздің басты міндетіміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық ІІІ том

Алматы, «Атамұра» баспасы, 2002,228-бет

  1. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты

Алматы, «Санат», 1994, 36 бет

  1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы. № 10. 2017 ж
  2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы. № 11. 2017ж
  3. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы. № 9. 2018ж
  4. Т.Тұрлығұл, Қ.Адамбосынов, М. Райымбекова « Қазақстан тарихы.»

Әдістемелік нұсқау. Алматы «Мектеп» 2011

  1. «Қазақстан тарихы.» Жұмыс дәптері. Алматы. «Достық,» 2013.
  2. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы», 7 -сынып.
  3. «Қазақстан тарихы», 8-9-сынып
  4. Жақсығалиев Ж. Оқу әдістемелік құрал- Орал: «Полиграфсервис» баспасы, 2008ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.