Home » Эссе » Қазақстан рухани жаңғыру жолында. Жастар. Қоғам. Тәрбие.

Қазақстан рухани жаңғыру жолында. Жастар. Қоғам. Тәрбие.

Қазақстанның рухани жаңғыруы экономиканы инновациялылыққа қарай реформалау бойынша ауқымды міндеттер қояды. Бұл көптеген жаңашылдықтарды талап етеді. Сәйкесінше рухани жаңғыру экономиканың жаңа жаңғыруын нығайтуы керек. Бұл тұста мынадай сұрақ туындайды: Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени ортасы осынша жаңашылдықтарға дайын ба? Себебі, олар қоғамның икемділік қабілетіне, білім деңгейіне, ғылым сапасына, халықтың кәсіпкерлік және азаматтық белсенділігіне көптеген талаптар қояды. Қоғамда ғасырлар бойы қалыптасқан мінез-құлық пен құндылықтардың дағдылы үлгілері белгілі бір сәтте оның дамуын тежей бастайды,олардан міндетті түрде арылу керек. Қазақстанның табысты жаңғыруы жолында туындайтын әлеуметтік-мәдени кедергілер қандай болуы мүмкін? Олардың қатарында аграрлық секторы басым елдерге тән дәстүрлі сананың нығаюын атауға болады. Сонымен қатар,бұл ауылдардығы білім беру сапасына да байланысты. Бұған біздің қоғамда әлі де орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық пен протекционизм фактілері,жұмысқа орналасуы және мансаптық сатымен ілгерілеу үшін туыстық және жеке байланыстарды пайдалану жатады. Трайбализм мен аймақшылдық қалдықтары да кедергі келтіруі мүмкін. Бірқатар тосқауылдардың ішінде халық пен билік арасында белгілі бір дәрежеде сенімнің жоқтығын атап өтуі керек. Десек те, бұл бағытта ашықтық пен мемлекеттік органдардың қоғам алдында есептілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.Сол себепті рухани жаңғыру халыққа ғана емес, рухани ойлаудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс мемлекеттік аппаратының өзіне де әсер етуі тиіс.

Жаңғыруға біздің менталитетке жат, соңғы уақытта кеңінен насихатталып жүрген дінді айқын экстремистік түсіндіру кедергі келтіруі мүмкін,ол азаматтарды әлеуметтік қарым-қатынастардың ескі формаларына оралуға үгіттей отырып, адастырады. Мұндай миссионерлер бірінші кезекте кез келген реформалар мен инновацияларды күнәлі әрекеттерге жатқызып,мойындамайды.   Сонымен қоса жаңғырту процестерін жүзеге асырудағы ұлттың ділдік ресурсының әлеуетін дұрыс бағаламауға болмайды. Халықтың ділдік негізінде жаңғыртудың қозғаушы күші бола алатын құндылықтар мен дәстүрлер бар. Бір жағынан, халық дәстүрлері қоғамның қажетті негізін құрайды, жалпы, үйреншікті құндылықтар негізінде ұйымшылдыққа ықпал етеді. Екінші жағынан,халықтың тарихи зердесі бетбұрысты даму кезеңінде өзгерістердің қажеттігін сездіреді, жаһандық деңгейде ұлт орнын айқындау,алдағы тарихи тағдыры осы өзгерістерге байланысты болады.

Осы тұрғыдан,қазақстандық қоғамда ынтымақтастық, бірлік пен келісім құндылықтарының,толеранттылық, инновацияларға ашық болудың дәстүрлерінің, сондай-ақ орташа прагмантизмнің болуы реформаларды іске асыруға берік негіз болады. Қарап отырсақ,қазақстандықтар өзіне жат кез-келген әлеуметтік-мәдени ортаға тап болғанда,мәселен,шетелге оқуға немесе жұмыс істеуге барса, оңайлықпен сіңісіп кетеді. Біздің бәсекелік артықшылықтарымыздың бірі осы. Көшпелі өркениет ұрпақтары ретінде біз тағдырдың кез-келген өзгерістерін аяғымыздан нық тұрып қарсы ала аламыз. Дегенмен бүгінде мұның өзі аздық етеді. Біз аталған барлық факторларды ескере отырып, ұлттық жаңғырту процессін технологиялық және экономикалық аспектілерде ғана емес, идеялық кеңістікте де жүргізуіміз керек. Бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Елбасының биыл сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» терең бағдарламалық мақаласы осы мәселені қозғайды. Реформалардың табысты болуының маңызды факторы барлық қазақстандықтардың «Рухани жаңғырудың» мақсаттары мен міндеттерін түсніп, қабылдауы болуы тиіс. Алайда, қазір өзгерістерді кабылдап-қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды,ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс. Псиохологтардың айтуынша, түптің түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз,шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан,жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге,алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетінімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасаумызға байланысты. Аталаған өзгерістердің өзекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған. Махатма Ганди айтқандай: «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң,өзің сол өзгерісте бол». Ойымды қортындылайтын болсам, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз. Әлемге танымал америкалық эконимист Джон Коттер өткен ғасырдың 90-жылдары өзінің «Өзгерістердің алдында» атты кітабында бәсекелестерден ілгері болуы үшін міндетті түрде өзгерістерді алдын-ала біліп, оны басқара білу қажеттілігін айтқан болатын. Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

Байсеитова Калима Бегимбековна,
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар
академиясының Ақмола көлік колледжі,
ІІ санатты арнайы пәндер оқытушысы

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.