Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЗУДЕН АЛТЫН МЕДАЛЬ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЗУДЕН АЛТЫН МЕДАЛЬ

2017 жылдың 22-25 ақпанында Теміртау қаласында П.И. Клюевты еске алуға арналған жастар арасында жүзуден ҚР чемпионатында елдің ең мықты дегн 300 жүзгіші қатысты. Ақтөбе қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Кирилл Васильев 2003-2004 жылдары дүниеге келгендер тобында бәсекелестіктің үш күндік нәтижесі бойынша алтын медаль жеңіп алды!

«Бірінші орынға 100 метрге шалқалай менімен бірге 8 қатысушы қатысты. Мықты қарсыластардың арасында Қарағанды, Алматы мен Астана қалаларынан жүзгіштер болды. Менің нәтижем 1,07.84» – дейді Кирилл және өз нәтижесін жақсартуға ұмтылатынын да қосты. Қазірдің өзінде Астанада өтетін келесі конкурсқа қатысуға дайындық жүргізілуде.

Кирилл екі жасынан бастап жүзу бассейіне барып жүр, ал кәсіби жүзуді бес жасынан бастады. Кириллдің әкесі әрі жаттықтырушысы Виктор Васильев баласы үшін үлгі де тәлімгер болып, республикалық деңгейдегі асуды бағындыруда ұстазы болды.

Спортшылардың жеңісі – жаттықтырушылар құрамының білікті және жоспарланған жұмыстарының жемісі. Жаттықтырушылар Любовь Васильевна мен Степан Владимировичке алғысымызды білдіреміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.