Home » Мақалалар » Қазақстан — Жас ұлан

Қазақстан — Жас ұлан

Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні қарсаңында «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

«Жас Қыран» ұйымы қатарына 34 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымы қатарына 28 оқушы қабылданды.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы кіргізіліп, әнұраны орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері салтанатты түрде ант берді. Барлық қатысушылар жүректеріне қолдарын қойып: ««Жас ұлан» ұйымының мүшесі – оқуда алда, еңбекте және спортта өжет те қайсар. «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, нағыз патриот» болатынын Отанға деген ерекше сезімдерімен жеткізді..

«Жас қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылданған оқушыларға төсбелгі мен галстукты тағу мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне және «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелеріне тапсырылды.

Патриоттық ән ойналып, оқушылардың көздерінен ерекше жалын оты шарпығандай әсер болды.

     

А.К. Жусупбаева,
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының ұстазы,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.