Home » Ашық сабақтар » ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ТҰЛҒАСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ТҰЛҒАСЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын іске асыру аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты осы жобаның жеңімпаздарының бірі Қайрат Әлімбайұлы Маишевпен имидж-кездесу өткізді.

Имидж-кездесудің мақсаты: «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын жжүзеге асыру, осы жобаның негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның дамуына біршама үлес қосқан адамдардың тағдырын үлгі ретінде пайдаланып, білімге апарар жолдарды айқындап беру.

Қайрат Әлімбайұлы Маишевпен кездесу еңбек адамын жете тануға, жас болса да бас болған, заманауи сауатты басшы, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын жақсы түсінген, нағыз патриот, өз елім деп еңіреген азаматпен жүзбе жүз танысуға мүмкіндік ашты.

Имидж-кездесуге филиалдың қызметкерлері, жас педагог мамандар, курс тыңдаушылары, Таран ауданы әкімдігі білім басқармасының басшысы, Красносельская ОМ әкімшілігі, Қ.Ә. Маишевтің сынып жетекшісі, мектеп оқушылар қатысты.

Қайрат Әлімбайұлы өз еңбек жолындағы қол жеткен табыстарына тоқталды, жас ұрпақ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, тәжірибесімен бөлісті және өзін өзі шыңдауды неден бастау қажеттігін атап өтті.

Осы бір жылы да достық кездесу «Қазақстанның 100 жаңа тұлға» жобасының жеңімпазының жас перспективалы педагогтермен бірге фотосуретке түсуімен аяқталды.

 

 

Бакуменко С.В.,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,
қоғаммен және басылым қызметімен
байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.