Home » Бастауыш » Қазақстанның өзендері мен көлдері (дүниетану)

Қазақстанның өзендері мен көлдері (дүниетану)

 Жалпы мақсаты

Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту. Өзендер мен көлдерді қорғаудың жолдарын үйрену.

Күтілетін нәтижелер

Өзен, көлдер туралы біледі.

Өзен мен көлдің айырмашылығын ажырата алады.

Қазақстандағы өзен-көлдердің аттарын, қай жерде орналасқанын біледі.

Әдіс-тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; «Ой қозғау» әдісі, тест, топтық жұмыс,

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Миға шабуыл, «Сәйкестендіру», «Семантикалық карта»

Құрал-жабдықтар: карта,  плакат, түрлі-түсті бояу, ресурстар, стикер, топ ережесі

Сабақ барысы

І. Психологиялық дайындық.

І топ. Каспий теңізі

ІІ топ. Есіл өзені

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жерасты сулары. Минералды сулар.

Балалар сіздердің орындықтарыңыздың артында сіздерге арналған тосын сый бар, алып оқып танысып, нөмірлеріне байланысты жауап беріңіздер.

  1. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
  2. Табиғатта су неше күйде болады? Cу туралы қандай жұмбақ білесің, айтып бер.
  3. Жерасты суы қалай пайда болады?
  4. Бұлақ дегеніміз не? Су туралы мақал-мәтел.
  5. Жерасты суын қалай алып пайдаланады?
  6. Артезиан құдығының кәдімгі құдықтан айырмашылығы неде?
  7. Минералды су деп қандай суды айтамыз?
  8. Қазақстанда қандай шипажайлар бар?
  9. Ақжайық шипажайы туралы не білесің?

10 Сарыағаш шипажайы туралы білетініңді айт.

  1. Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр?
  2. Су қоймаларына нелер жатады?

Оқушылар өткен тақырып бойынша стикердегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді.

Қызығушылықты ояту кезеңі. Жаңа сабаққа кіріспе.

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асады.

Жер шарының бөлігін мұхиттар алып жатыр. Сондықтан ол – жердегі ең үлкен тіршілік ортасы болып табылады.

Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды. Жерде ірі төрт мұхит бар. Көлемі бойынша атағанда олар мыналар: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит.

Жер бетінің ғарыштан қарағанда көгілдір болып көрінетіні – жердегі мол судың арқасы. Сондықтан да жер «Көгілдір ғаламшар» деп аталады.

«Ой қозғау» жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстанның өзендері мен көлдері»
Өзендер

Жазық (ағысы баяу)

Тау (ағысы жылдам)

*Мәтінді өз беттерінше оқу.

-Қазақстанда қандай көлдер бар?

-Көлдер қалай пайда болады? Көлдің қандай түрлері бар?

-Көлдердің өсімдіктер және жануарлар әлемі.

Картамен жұмыс:
-Тақтаға оқушыларды шығарып өзен, көл, теңіздерді тапқызу.

Жаңа сабақты түсіндіру.

— Қазақстан – кең байтақ өлке. Ол – Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Қазақстан орман-тоғайлы, шалғынды, таулы, өзен, көлді жерлерге бай.
1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.
Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы. (Дәптерге жаздыру)

2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.
3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді. Ертіс өзеніне Бұқтырма су электр стансасы салынған.

4) Қазақстандағы тұзды көлдер:
Каспий, Арал, Балқаш-жартылай тұщы, жартылай тұзды.
Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.
5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді.Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.

  1. Дәптермен жұмыс: Кескін картадан теңіз, өзен, көлдерді тауып бояу.

Жеке оқушымен жұмыс. «Бес жол өлең»

Сөзжұмбақ шешу: «Өзен, көл»

  1. «Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу

Сергіту сәті «Сен білесің бе?»

Су – өмір нәрі дейді. Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қатысты бірнеше деректер келтіруге болады екен.

— Іркілдек теңіз жәндігі – медузаның бүкіл салмағының 99 пайызы судан тұрады.

— Егер 1 келі қарбызды кептірсе, одан 20 грамм ғана құрғақ зат алынады, яғни қарбыздың 98 пайызы судан тұрады.

— Адамның тамағына және ішуіне 2-3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне 60 тонна су тұтынады екен.

— Адам салмағының 65 пайызы су десек, адам ағзасы 15-20 пайызынан айырылса, тіршілігі тоқтайды. Адам сусыз бірнеше күн ғана шыдай алады.

— 1 келі картопты өсіруге – 300 литр су, 1 келі бидай өсіруге – 1200 литр су жұмсалады екен.

Топпен жұмыс

І топ:   Каспий теңізі «Сәйкестендіру»

ІІ топ: Қазақстанның өзендері туралы ақпаратты пайдаланып, математикалық есептер құрастыр.

Түрткі сұраққа жауап бере отырып, өз ойларын дәлелдейді. Кітаптағы мәтінді оқып, танысады.

Қорытындылау   Тест жұмысы.

1.Қазақстанда ірілі-ұсақты қанша мың өзен бар?

А) 85 ә) 95 б)83

  1. Елордамыз Есіл өзенінің қай жағалауында орналасқан?

А) оң ә) сол б) орналаспаған

  1. Жайық өзенінің жалпы ұзындығы неше км.?

А)2438км ә) 2824 км б)2428км

4.Қазақстанның өзендері:

А) Ніл Ә) Сырдария Б) Енисей

  1. Ерекше көлді тап

А) Каспий Ә) Арал Б) Балқаш

Көршілерімізбен алмастырамыз, тексереміз

 Бағалау. Әр топтан бағалаушы оқушылар бағалау парағын тапсырады.

 Үйге тапсырма

«Қазақстанның өзендері мен көлдері» тақырыбын оқу, мазмұнын айту.

Өзендер мен көлдер туралы қызықты материалдар жинастыру.

Эльвира Сырымқызы Губашева,
БҚО, Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы
Е.Ш.Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.