Наурыз айының 2 жұлдызы мен 12-сі аралығында Красноярск қаласында өткен XXIX Әлемдік қысқы Универсиадада қазақстандық студенттер жүлделі орындар иеленді. Қазақстанның құрама командасы құрамындағы 95 спортшы, атап айтсақ 5 мəнерлеп сырғанаушы, 13 шаңғышы, 2 тау шаңғышысы жəне 10 спорттық бағдарлау мен шорт-трек бойынша спортшылар ел намысын қорғап, Универсиаданың 10 күндік қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 4 күміс, 3 қола алып келді. Сайысқа еліміздің жоғары оқу орындарының 17-25 жас аралығындағы студенттері мен академиялық дәрежесі бар түлектері қатысты. Жүлделі орындар иеленген жас спортшыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова құттықтау хат жолдап, лайықты жеңістерімен құттықтады. Жүлдегерлер қатарында Жанбота Алдабергенова (фристайл-акробатика, 3-орын, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ), Әсет Дүйсенов (шаңғы жарысы, 2-орын, Қазақ спорт және туризм академиясы), Хан Яна, Волковицкая Алёна (шорт-трек, 3-орын, Қазақ спорт және туризм академиясы), Амиргалиева Алия, Бахиткереева Кадиша (шорт-трек, 3-орын, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті), Никиша Денис, Кажгали Нуртилек (шорт-трек, 3-орын, Қазақ спорт және туризм академиясы), Жаксыбаев Мерсаид, Шамуханов Еркебулан (шорт-трек, 3-орын, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті), Гридин Никита, Климин Олжас (шаңғы, 2-орын, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті), Асет Дюсенов, Люфт Иван (2-орын, шаңғы жарысы, Қазақ спорт және туризм академиясы), Турсунбаева Элизабет (2-орын, мəнерлеп сырғанау, Қазақ спорт және туризм академиясы) болды.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі