Қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жағдайында Қазақстан Ресубликасында азаматтылық және патриотизм сезімін тәрбиелеу өте өзекті болуда. Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзі біздерге үлкен сенім артады.
«Отан – отбасынан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп керегесінен де басталады. Сондықтан да жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу басты парызымыз.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті тілі мен салт-дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулуда Қазақстан Республикасы халықтарының салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарының маңызы өте зор.
Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы ынтымақтастыққа оладың әдет ғұрыптары, салт дәстүрлеріне құрметпен қарай отырып, тәрбие жұмыстарын жүргізсек елімізде тыныштық, береке бірлік сақталатыны бәрімізге белгілі.
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында да Қазақстандық патриоттық сезімді оқушы бойында қалыптастырудың жолдары мынадай: халықтардың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдармен ашып көрсету; халықтар тағдырының ортақтығына, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің орталығына назар аудару; ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарымызды оқушылар бойына сіңіру; туған өлке материалдарын тиімді пайдалану.
Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті. Қорыта айтқанда, оқушылардың елін, отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту – әрбір мұғалімінің басты борышы.
Қазақстандық патриотизмнің негізі — ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Ал жас ұрпақ бойына бұл қасиет бүгінгі күні балаға тәрбие жұмысымен қатар білім беруде жүзеге асырылуда. 5-сыныпта оқытылатын «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер» бөлімінде оқушылар «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Тілашар», «Қонақ күту дәстүрі», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарымен жеке, топтық, жұптық жұмыс жасайды. Бұл сабақтарда оқушыларға кейінгі кезде жастар арасында ұмыт бола бастаған сүйінші, байғазы, сәлемдеме, көрімдік, базарлық, жеті ата, иткөйлек т.б. сөздердің мәні түсіндіріліп, топ ішінде талқылау жұмыстары жүргізіледі. ПОПС «Төрт сөйлем» әдісі арқылы кез–келген тақырыпта өз ойлары мен пікірлерін жазады.
Патриотизм әдебиет сабағында «Керқұла атты Кендебай», «Қобыланды батыр» сияқты тақырыптарды оқыту барысында «Сен Кендебайдың орнында болсаң не істер едің?», Қазіргі күннің батырларынан кімдерді білесің?», «Олардың Отанымызға жасаған қандай ерекше ісін атап айтар едің?» деген сияқты сұрақтарды өрбіту арқылы бала бойына елжандылықты, ұлтжандылықты ұялатуға болады.
Қазақ халқы салт -дәстүрге өте бай ел.Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан -ғасырға ұлт
қасиетін салт-дәстүрмен,өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен,әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті.
Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық,қайырымдылық,
жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.
Оқушылармен бірлесе отырып, қазақы салт-дәстүрлер туралы қысқаша айтып өту. Дүниеге сәби келуімен байланысты салт-дәстүрлер туралы айту, қазіргі таңдағы көрінісі туралы әңгімелеу.
Қазақ халқының дүниеге сәби келгенде орындалатын ырым-жоралғыларын, дәстүрлерін таныта отырып, арым-қатынас жасауға үйрету. Лексикалық тақырып аясында монологтік сөздің үлгісімен таныстыру.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың «Төрт ана” деген өлеңінде былай деген:
«Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған. Төрт ана, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда тұрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі.
Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи еңбектері.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің негізгі мазмұны болып табылады.
Сағындыкова Салтанат,
№59 мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы