Home » Білім және тұлға » Жарқын бастаманың негізі

Жарқын бастаманың негізі

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, 30 дамыған елдің қатарына кіру, «100 нақты қадам» — Ұлт жоспары бағдарламалары аясындағы міндеттерді таяу уақыттарда жүйелі түрде нақтылаған кешенді құжат болып табылады. Елбасы білім беру жүйесін өз назарынан тыс қалдырмайды. Мектепке дейінгі Білім саласы педогогтарының атынан ел Президентінің Қазақстан халқына жаңа Жолдамасында айтылған идеяларға қолдау білдіреміз.

Біз бәріміз ел дамуының куәгеріміз. Болашақта бұл үрдістің жалғасатындығына сенеміз. Қазақстан барлық әлем елдерімен бейбітшілік және толеранттылық саясатын ұстанатындығын мақтан тұтамыз. Біздің бастамалар әрқашан халықаралық қолдауға ие және іс жүзінде іске асырылуда. Оған ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болуымыз. Көрмені ұйымдастыруда Қазақстан халықаралық қауымдастық тұлғаларының атынан жоғары баға алып, табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика саясаты қалыптасты. Бұл табыстардың негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және толеранттылық келісімнің арқасы.

Елбасының әрбір халыққа Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсаты көзделген және мемлекет дамуының басты бағыттарын айқындап берді. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жаңа өнеркәсіптің құрылуы, денсаулық, білім беру салаларын жаңғырта отырып бәсекелестікке қабілетті ел болып қалыптасу. Ол үшін адами капиталымыз да бәсекелестікке шыдап тұра алатындай болып дамуы тиіс. Сондықтан да халқымыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген, ол үшін жас ұрпақтың денсаулығы мықты болуы қажет. Сол себепті Елбасы денсаулық мәселесіне көп көңіл бөлуіміз керек екенін айтты. Одан кейін білім беру мәселесіне де ерекше көңіл бөлді, ал бұл көпжылдық еңбек өтілі бар педагог ретінде мені қатты қуантады.

Елбасының білім саласына деген сарабдал саясаты арқасында бүгінгі күні барлық балабақша, мектеп, арнайы орта білім, техникалық білім беру ұйымдары, университеттер заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған. Әрбір қазақстандықтың өмір бойы білім алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар келешекте барлық өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар  балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін  құру, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу қазақстандық білім беру жүйесінің жаһандық білім беруде   уақыт талабымен терезесі теңеліп келе жатқандығының айғағы.

Қазақстандықтардың болашағы-қазақ,орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді,  жоғары сыныптарда  жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіп, нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді еркін меңгеруде.

Ұстаз мәртебесін көтеру, оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет. Университеттерде био және IТ технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін мамандық иелерін дайындау.

Бүгінгі таңда жастардың жан-жақты дамып – жетілулері, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде білім алулары, әлемдік саясат сахнасында өз орындарын айшықтай білулері ең алдымен Елбасының саясатының арқасы. Тарихымызда елеулі орынға ие болып қалған «ЭКСПО – 2017» көрмесінде қазақ жастары   шығармашылық, креативтік ойлау қабілеттерін дамытып, белсенділіктерін арттырып, еліміздің, шет ел меймандарына қазақ ұлтының құндылықтарын насихаттап үш тілде еркін сөйлеп уақытын тиімді пайдаланды.

Президент айтқан: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым, Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп,тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік» деген сөзге қосыламыз.

Қазастандағы кез келген этникалық топ өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, сонда ғана бізде нағыз азаматтық қоғам құрылады. Қазақстан біртұтас ұлтқа, Мәңгілік Елге айналады.

Қарағанды қаласы «Бәйтерек» балабақшасы педагогтар қауымдастығының атынан, Елбасымыздың жаңа Жолдауын қолдай отырып, Жолдауда көрсетілгендей, білім саласына артылған жүктерді мойымай көтеріп, ел болашағы үшін аянбай тер төгеміз деп әріптестерімнің атынан сенім білдіремін.

Рашида Ұмбетқызы,
ҚМҚК «Бәйтерек» балабақшасының директоры,
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.