Home » Жаңалықтар » Қазақстандағы Германия Елшісі Рольф Мафаэльдің оқушылармен диалогы

Қазақстандағы Германия Елшісі Рольф Мафаэльдің оқушылармен диалогы

2017 жылғы 3 сәуірде Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы шеңберінде Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру мектебіне Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, сондайақ Алматы қаласындағы DAAD ақпараттық орталығының (Германияның академиялық алмасу қызметі) басшысы Бартоломеус Минковски барды.

Келу шеңберінде мекеме бойынша таныстыру экскурсиясы өтті. Қонақтарға шағын орталық, экологиялық мұражай жұмыстары ұсынылды. Содан кейін, делегация Тұңғыш Президент, тарих, робот техникасы, информатика, химия, неміс тілі кабинеттеріне барды. Келу барысында қонақтар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие білім беру процесінің маңызды бөлшегі» тақырыбы бойынша «Адал Ұрпақ» мектептің еріктілер клубының отырысында, «Экологиялық жүйенің өздігінен дамуы» тақырыбы бойынша 9-сыныбында «Экология» үйірмесінің сабағында, «Белая ладья» шахмат үйірмесінің сабағында, сондайақ Инновациялық Еуразия университетінің химиялық және биологиялық технология департаментінің профессоры Любовь Степановна Комардина өткізген «Оқытудың жаңа әдістері, Кейс әдістері (оқу жағдайларында)» тақырыбы бойынша жаратылыс-математикалық бағыттағы мұғалімдерге арналған оқыту семинарында болып қайтуға мүмкіндері болды. Тұңғыш Президент кабинетінде кездесу шеңберінде неміс тілін үйрену, «ЭКСПО 2017» өзекті мәселелері бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдері және қонақтар арасында диалогты алаңы өтті. Неміс тілінің мұғалімі Қ.Қ. Демеуова экологиялық жобаларды, соның ішінде «Солнечная крыша» жобасын таныстырды. Диалог алаңы аяқталғаннан кейін мектеп директоры Зауреш Дауленовна Ахмадова қонақтарға естелік сыйлықтарын табыстады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.