«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінде «Рухани жаңғыру – біздің басты құндылығымыз» атты «Жалпы пәндер» апталығы аясында, физика және астрономия пәнінен «Ғасырдың ғажап тірегі – энергия» деген мазмұнда зияткерлік сайыс өткізілді. Сайысқа колледжіміздің ең талантты да дарынды білім алушыларды жинап білімдерімен сынға түсті.
Оған колледжіміздің 6 мамандығы бойынша І курс студенттері қатысты, оның ішінде «Төтенше жағдайда қорғану», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» және «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары болды.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
І кезең. Үй тапсырмасы — «Физикалық фокус»;
ІІ кезең. Брейнг-ринг (ұяшықтарда жасырылған деңгейлік сұрақтарға жауап беру арқылы балл жинау);
ІІІ кезең. «Есептеуге кім жүйрік» айдары;
ІV кезең. «Қызықты эксперимент» (Конвертте берілген тапсырманы практикада орындау және сызықтық алгоритмін салу);
V кезең. «Құрылғы тану» (көзді байлап құрылғы тану);
VІ кезең. Капитандар сайысы.
І – ші кезеңде тақырыпқа сәйкес плакаттарымен және қызықты физикалық фокустарын көрсетті. Брейн-ринг кезеңінде студенттер ұяшықтағы деңгейлік сұрақтарға таласа жауап берді. ІІІ — ші кезеңде 6 команданың әрқайсысына 4 есептен таратылды. Қызықты эксперимент кезеңінде студенттер конвертте берілген тапсырманы ішіндегі құралдармен орындауы тиіс болды. Құрылғы тану кезеңінде әр командадан топ басшысы шығып көзін байлау арқылы құрылғыларды сипап тану керек. Соңғы Капитандар кезеңінде 1 минутта 10 сұраққа «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру арқылы балл жинау.
Сайыс барысында ТЖН-25 В тобының студенті Күзембаев Бағлан «Бір физиктің махаббаты» атты жыр оқыды, ТЖН-25 Б тобының студенті Ержанова Жанерке күйден шашу шашты.
Қазылар алқасы: колледж директоры Р.К.Дүлдүл мырза, бөлім меңгерушісі: Г.О.Ақынбекова, бірлестік төрағасы: Ғ.Ә.Әнесов, «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығының оқытушысы: Н.А.Яшкуров өз бағасын берді.
Нәтижесінде «Үздік» деп танылған 3 команда дипломмен марапатталды.
І орын – «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығы студенттерінен құралған «ДекаТЖН-26» иеленді.
ІІ орын – «Ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы студенттері – «ГигаҒСН-26» иеленді.
ІІІ орын-«Дене шынықтыру және спорт» мамандағы студенттері – «ДециДШН-26» иеленді.
«МегаЭЕМ-26», «НаноМТН-26», «СантиКМН-26» топ студенттері «Алғыс хаттармен», сыйлықтармен марапатталды.
Tagged with: сайыс