Home » Эссе » Ғарышкерлер күні

Ғарышкерлер күні

Ғарыш — бұл адамзаттың соңғы елу жылда жеткен ең үлкен жетістігі. Ғарышты игеру барша адамзатты бұрыннан қызықтырғаны анық. Себебі бізден тыс басқа кеңістікте не бары бізді өте қатты толғандырады. Иә, ғарыш бұл бізге беймәлім, қызықты, жұмбағы көп әлем. Оны зерттеу бізге үлкен жеңіс болатыны мәлім. Ғарышқа адамзат 1961 жылы 12 сәуірде  алғаш рет шықты, ол біз үшін, жалпы барша әлем үшін үлкен жетістік болды. Сол күннен бастап 12 сәуір ғарышкерлер күніне айналды.

Иә, сол сәттен соң түрлі мемлекеттер ғарышты ашық космосты игеруге ұмтылды. Солардың ізімен біздің тәуелсіз Қазақстанда ғарышты игеруге ұмтылды. 1991 жылы космосқа алғашқы қазақ баласы Тоқтар Әубәкіров ұшты. Оның ізімен Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сынды ел үміт артқан ерлер ғарышқа ұшты. Шын мәнісінде ғарышқа ұшу ол үлкен батырлық. Мен тек космосқа ұшу не болмаса көптеген кездесетін қиындықтарды емес, елдің атынан сонау ғарышқа ұшып сол жерде түрлі зерттеу жасап еліне абыроймен оралуды айтып тұрмын. Бұл білген жанға өте ауыр міндет. Сол міндетті толық орындап шығудың өзі қиын.

Бүгін ғаршкерлер күні. Бұл күннің сонау 1961 жылдан бастап маңызы жоғары. Мен  өз елімнің ғарышкерлерімен мақтанамын. Олар Қазақстан үшін зор еңбек сіңірді. Тоқтар ағамыздың сол күнгі ғарышқа шығып, қазақ туын көтергені әлі күнге дейін жадымызда. Ол сәттің маңызы, мәні тым жоғары. Ол сәт біз үшін қымбат.

                                                       Абдикеров Нұржан

Рудный қаласы әкімдігінің

  «№19 орта мектебі»КММ

 11 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.