(құм терапиясы)
Мақсаты: Балалардың көңіл-күй жағдайын бағалауын қалыптастыру; жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, тілдерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Дамытушылығы: Көріп сезу арқылы балалардың сөздік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: табиғатты сүйе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шағым құмзар әр балаға, түрлі-түсті құм, жануарлардың мүсіні.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, танымдық ойындар, түрлі-түсті құммен сурет салу, ертегі элементтері, әуен.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар топқа кіріп, қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүректің жылуын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жиналған бар жылуды,
Қонақтарға шашайық!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Балалар толықтай жауап береді). Жарайсыңдар, ендеше балалар, қатар-қатар тұрайық, пойызды біз құрайық, серуендеп қайтайық. (Балалар әдемі әуенмен қатарласып серуенге шығады.)
1-Аялдама (Астананың суреті, Бәйтерек)
Тәрбиеші: Балалар, біздер серуенде ненің суреттерін көрдік? (Балалардың жауаптары: Бәйтерек, әдемі жерлерді)
Тәрбиеші: Олай болса, балалар, біздер сол көрген Бәйтеректің суретін мына құмның үстіне салып көрейік. (Балалар бас бармақтың көмегімен құмға Бәйтеректің суретін салады)
2-Аялдама (Ақтау қаласы, оның ішінде біздің Каспий теңізіміз)
Тәрбиеші: Балалар, біздер серуенде ненің суреттерін көрдік? (Балалардың жауаптары: теңіз және оның жағалауын)
Тәрбиеші: Олай болса, балалар, біздер сол көрген теңіздің толқынның суретін мына құмның үстіне салып көрейік. (Балалар бас бармақтың көмегімен құмға толқынның суретін салады)
Дидактикалық ойын: «Жануарлардың сиқырлы мүсіні» (Ойын шарты: балалар құмзарларда тұрған әр түрлі жануарлардың мүсінін салатын пішімдер бар, содан жануарлар мүсіндеп шығару)
Сергіту сәті:
Бала, бала, балақай
Қол соғайық алақай!
Бір, екі, үш деп айтайық
Саусақтарды тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып ойнайық.
Ханшайым: — Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
— Мен ертегі елінен келе жатыр едім, мына балалардың әсем дауыстарын естіп қалдым, сол балаларды көрейін деп келдім.
Ханшайым: Менің елімде әдемі гүл бағы бар. Онда әдемі гүлдер, өсімдіктер өседі. Бірақ мен ғажайып гүл іздеп келдім. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: — Әрине, көмектесеміз.
Ханшайым: Олай болса, біздер менің сиқырымның көмегімен құм әлеміне барамыз, ендеше көздерімізді жұмамыз, ұшып бара жатырмыз, алдымыздан түрлі-түсті құм әлемі шықты.
Тәрбиеші: Құм еліне кіру үшін ережесін білу керек:
Құмды шашпау;
Лақтыруға болмайды;
Құмды басқа жерге тастауға болмайды;
Ешкімді ренжітуге болмайды.
- Балалар, құм туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Жұмысымызды бастамас бұрын, сіздерге қысқаша мәлімет беремін.
Құм – нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм – сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіш және алуан түрлі ыдыс жинайды.
Балалар құмзарға жақындайық, ыңғайлы тұрыңдар.
«Сәлеметсің бе, құм!» жаттығуы. Саусақтармен, алақандармен құмды жайып, іздер салу (балалар өз құмзарларына барады). Балалар, бүгін бізге қонақ келген Ханшайымға ғажайып гүлді түрлі-түсті құмнан жасап сыйлайық (әдіс-тәсілдерін түсіндіру).
Музыка әуенімен балалар түрлі-түсті құммен гүл, күн, өсімдіктер салуды көрсетеді. Балалар өз жұмысын еркін тұрып салады. Балалар суретті алақанмен ептеп құм жазу арқылы өшіріп, келесі суретті салуды көрсетеді.
Саусақ жаттығуы:
Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Кешкісін күн батады,
Гүл ұйқыға жатады.
Тапсырма аяқталған соң құм жайында әңгімелесу. Баланың тапсырманы жақсы орындағаны үшін мадақтап, қолдап отырған жөн (салфетка қолдану)
Сабақты қорытындылау:
— Балалар, бүгін біздің тобымызға Ханшайым келіп, оның тапсырмасын орындадық.
— Балалар, біз түрлі-түсті құмнан ғажайып гүл салдық.
— Балалар пікірлері.
— Бүгін мен білдім: құм – сусымалы зат.
— Мен түсіндім – құммен сурет салу маған қызықты.
Тәрбиеші:
Қол ұстасып тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Көплепесова Ұлболсын Шахановна
№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы