Иманов атындағы жалпы орта мектебінің
І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оспан Әсия Мұхамеджанқызының І жартыжылдықта
атқарған жұмысының рефлексивтік есебі
2016-2017 оқу жылы
Бағдарламаның мазмұны
Кіріспе
Осы Бағдарлама оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жүргізу үшін қажетті білімнің болуын көздейтін, мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл тәсіл негізгі төрт қағидатқа негізделген, олардың ішінде негізгісі «Балалар қалай оқиды?» қағидаты болып табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді береді.
— Нені оқыту керек?
— Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек?
— Сіздің табыстық деңгейіңізді қалай бағалауға болады?
Бағдарламаның тақырыптық мазмұны ЮНЕСКО және Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымының (ЭЫДҰ) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарының негізгі қағидаттарымен үйлеседі, сондай-ақ мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстарды қамтитын жеті модульден тұрады:
— Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
— Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
— Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
— Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
— Таланты және дарынды балаларды оқыту;
— Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
— Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мұғалімді дамытуға бағытталған осы Бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді.
Бағдарламаның мақсаты
-Ұжымындағы мұғалімдердің қосымша білім мен білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру, кәсіби дамуға көмектесу;
— Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету;
— Ұжымындағы мұғалімдерді, оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзіреттілік танытатын белсенді азамат қалыптасатын оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Жеті модуль мәнмәтінінде Бағдарламаның теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігін қалыптастыру.
2. Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасатындығын көрсетуін қамтамсыз ету.
— Бағдарламаның негізгі идеяларына сәйкес рефлексивті ойлау;
— Оқыту үдерісін жоспарлау;
— Жеті модуль тақырыптары ықпалдастырылған сабақтар топтамасын жоспарлау және оны іс жүзінде жүзеге асыру;
— Оқушыларды оқу үдерісіне тарту;
— Оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау;
— Өзінің білім алу үдерісі бойынша рефлексия және оның педагогикалық тәжірибеге ықпалы;
— Өзінің оқыту үдерісі бойынша рефлексия;
3. Қазақстандық мұғалімдерді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
— Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модуль мәнмәтінінде мұғалімде тұжырымдамалық түсіну негіздерінің және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;
— Мұғалімдер өз тәжірибесі туралы сыни тұрғыдан ойлану (рефлексия) дағдыларының, өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуы;
— Мұғалімнің оқушыларды білім алуға тарту үдерісін жандандыру әдістемесін меңгеруі;
— Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болуы.
Мен деңгейлі бағдарламасының міндеттерінде көрсетілгендей жеті модуль тақырыптары ықпалдастырылған сабақтар топтамасын жоспарлап үш тоқсанда үш сыныпқа өттім. Оқушыларды оқу үдерісіне тарту; Оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау;
Өзімнің оқыту үдерісім бойынша әрбір іс әрекеттен кейін рефлексивтік есеп жазып отырамын.
Иманов атындағы жапы орта мектебінің 7-сыныбына қазақ тілі пәнінен өткен тізбектелген сабақтың рефлексивтік есебі
7-сыныпқа қазақ тілі пәнінен 17-24 қазан аралығында «Сын есімнің түрленуі», «Сын есімнің шырайлары», «Сын есімнің емлесі», «Сын есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыптарына жеті модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақ өттім. Сабақтардың мақсаты, міндеті қойылып, сол бойынша түрлі стратегияларды сабағымда орындалатын тапсырмаларға қарай қолдана білдім. Сабақта оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Сабағыма қатысқан әріптестерімнің пікірлерін тыңдап және оқушы үнін жүзеге асыра отырып, келесі сабақтарды жоспарлап отырдым. Бірлескен топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды орындап, А,В, С деңгейлі оқушылар да назардан тыс қалған жоқ. Түрлі тапсырмалар, эссе жазу, өлең шығару, т.б тапсырмалары жинақталды. Жалпы алғанда, оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Жаңа тақырыпты топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, топ ішінде талдап, жоба қорғауға тиіс болды. Жоба қорғау барысында көшбасшы оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. Сабақта бағалаудың түрлері де жүзеге асырылды. Өзара бағалау, топтық бағалау, стикер арқылы бағалау, т.б
Иманов атындағы жапы орта мектебінің 6-сыныбына әдебиет пәнінен өткен тізбектелген сабақтың рефлексивтік есебі
6-сыныпқа әдебиет пәнінен 7-21 желтоқсан аралығында І.Жансүгіровтің «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері. М.Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді). «Біржан сал Абай аулында» (Біржан мен Абай ұқсастығы). М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» Біржан әнінің зор құдіреті тақырыптарына жеті модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақ өттім. Сабақтардың мақсаты, міндеті қойылып, сол бойынша түрлі стратегияларды сабағымда орындалатын тапсырмаларға қарай қолдана білдім. І.Жансүгіровтің «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері тақырыбындағы сабақта шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ту, Елтаңбадағы бейнелерді қатыстыра отырып тілек тіледі. Топқа бөліп отырғызып үйге берілген «Түйебай» әңгімесін шығарманың композициясы бойынша сұрадым. «Топтастыру», «Тұжырым жаса» әдістерін падалану арқылы үй тапсырмасын пысықтап, жаңа сабақты түсіндірдім. Өлеңді құрылысына қарай талдап, берілген тапсырма бойынша постер жасады. Сабақта кейбір оқушылардың қызығушылығы жоғары болғанымен, кейбір оқушылар немқұрайлы, топқа онша өз үлестерін қоспай отырғандарын байқадым.
Сабағыма қатысқан әріптестерімнің пікірлерін тыңдап және оқушы үнін жүзеге асыра отырып, келесі сабақтарды жоспарлап отырдым. М.Әуезовтың «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді) тақырыбын өткенде І. Не білеміз? ІІ. Не білгіміз келеді? ІІІ. Не білдік? әдісі бойынша жүргіздім. Топ бойынша І. Не білеміз? бөлімі бойынша түрлі тапсырмалар бойынша білетіндерін айтса, ІІ. Не білгіміз келеді? бөлімі бойынша сал мен серінің айырмашылығы Біржан сал туралы мағлұматтар, Абай мен Біржанның рухани жақындастығы туралы түсіндірдім. ІІІ. Не білдік? бөлімі бойынша тапсырмалар арқылы сабақты қорытындылап, жинақтады. Жалпы сабақтарда байқағаным, оқушылардан сабақтың соңында блоб ағашын пайдаланғанда, барлығы десе де болады, тек стикерлерін жоғары қойып жатыр. Оқушыларға ескертетін жай, тек шынайылықты көрсету керек деп түйдім. Бірлескен топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды орындап, А, В, С деңгейлі оқушылар да назардан тыс қалған жоқ. Түрлі тапсырмалар, эссе жазу, өлең шығару, т.б тапсырмалары жинақталды. Жалпы алғанда, оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білсе, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. Сабақта бағалаудың түрлері де жүзеге асырылды. Өзара бағалау, топтық бағалау, стикер арқылы бағалау, т.б
Иманов атындағы жапы орта мектебінің 8-сыныбына қазақ тілі пәнінен өткен тізбектелген сабақтың рефлексивтік есебі
8-сыныпқа қазақ тілі пәнінен 21-31 қаңтар аралығында «Қарсылықты салалас», «Түсіндірмелі салалас», «Талғаулы салалас», «Кезектес салалас» тақырыптарына жеті модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақ өттім. Сабақтардың мақсаты, міндеті қойылып, сол бойынша түрлі стратегияларды сабағымда орындалатын тапсырмаларға қарай қолдана білдім. Сабақта кейбір оқушылардың қызығушылығы жоғары болды, кейбірі дайындықсыз келгені анықталды. Сабағыма қатысқан әріптестерімнің пікірлерін тыңдап және оқушы үнін жүзеге асыра отырып, келесі сабақтарды жоспарлап отырдым. Алғашқы сабағымда оқушыларды топқа бөліп екі топ етіп отырғыздым. Үй тапсырмасын «Сен-маған, мен-саған» әдісі бойынша бір-біріне сұрақ қойды. Семантикалық карта белгіледі. Жаңа сабақта қарсылықты салаластың жалғаулықтарын тақтаға іліп қойдым, бір топ бірінші жай сөйлемді жазса, екінші топ жалғаулықты ортасына қоя отырып екінші жай сөйлемді жазып қарсылықты салалас құрмалас сөйлемге айналдырды. Кітаппен, тақтамен жұмыстар жүргізілді. Оқушылар өзін-өзі бағалады. Келесі сабағымда «Ашық жұрнал» сабағы бойынша өттім. Алғашқы беті «Қайталау – оқу анасы» деп аталады. Бұл сабақта жұптық жұмыс жүзеге асырылды. Әр жұп берілген тақырып бойынша постер қорғады. Келесі беті «Жаңа сабақ құпиясы» деп аталады. Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін «Кітап – досың, ақылшың» парақшасы бойынша жаттығумен жұмыс жүргізілді, «Сергіту сәті» «Тасбақалар жүгірісі» жарысы бойынша өткізілді. «Шығармашылық – биікке шығар шың» парақшасы бойынша А,В,С деңгейлі оқушыларға тапсырма берілді. Эссе, сәйкестендіру, өлең шығару сияқты т.б. Үйге тапсырма беріліп, әрбір тапсырма бойынша стикермен бағаланып отырды. Соңында сабақтан алған әсерлерін байқау үшін «Тілші» әдісі қолданды. Сабақта бағалаудың түрлері де жүзеге асырылды. Өзара бағалау, топтық бағалау, стикер арқылы бағалау т.б. Жалпы алғанда, оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білсе – мұғалім үшін еңбектің жемісін көре білгені, т.б.