Баулыбаева Гулназ Нурлановна
Жамбыл облысы, Талас ауданы,
М.Қыстаубайұлы атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың дүниетану, ана тілі, математика, орыс тілі пәндері бойынша меңгерген білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, белсенді іс-әрекетін жетілдіруге, зейінін, есте сақтауын, логикалық дамыту.
- Оқушылардың топтық жұмыс жасауда, адамгершілік тәрбиеге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденіс.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану, орыс тілі.
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Ізденген -табар, оқыған — озар» атты сайысына қош келіпсіздер. Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, сабақ сайыс түрінде өтіледі. Сайысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық.
1 топ-Алғырлар
2 топ-Тапқырлар
Сайысқа жақсылап ат салысып отырайық. Барлығыңызға сәттілік тілей отырып, сайыс жоспарымен таныстырып өтейін. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Жоспары:
- Таныстыру
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
- «Тапқыр болсаң, тауып көр»
- «Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап»
- «Тіл өнері»
- Ойлан, тап!
- Кім жылдам ойыны
1-кезең. Таныстыру.
Әр топ өз топтарын таныстырады
2-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Бұл кезеңде екі тапсырма беріледі.
1 тапсырма: әр топқа бір-бірден сөз беріледі. Сол сөздерден әріптердің орындарын ауыстыра отырып бірнеше сөз құрау. Әр сөзге 5 ұпайдан беріледі.
1 топ Алғырлар
2 топ Тапқырлар
Қайырымдылық Рақымшылық
Қайыр, қылық, ырым, рақымшыл, мал, қамшы, халық,
ықылық, ай, қайырымды. шам, шал, ықылық, қылыш, қал.
2 тапсырма: шатасқан әріптерден әр топ басшысы бір-бірден әріп таңдап алады. Мысалы: м-р әріптері болса м дыбысынан басталып р дыбысынан аяқталатын сөздер айтып жарысады.
3-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр».
Бұл кезеңде 9 ұяшықтар беріледі. Ұяшықтардың артында әр пәннен сұрақтар беріледі. Әр сұраққа толық жауап берген оқушы 10 ұпай иеленеді.
- Абай кім? Абайдың қандай өлеңдерін білесің? Бір өлеңін жатқа айтып бер. Ж.: (Абай ақын – жазушы. «Қыс», «Жазғытұрым», «Адам болам десеңіз»)
- Кекілік құс па, жануар ма? Ж.: (құс)
- Қобланды батырдың мінген аты қалай аталады? Қаруларын атап бер. Ж.: (Тайбурыл, найза, семсер, қанжар)
- Өсімдіктің жер асты мүшесі. Ж.: (тамыр)
- Ең ауыр салмақты қандай жануар? Ж.: (кит 150 тонна)
- Сөз таптарын ата. Ж.: (зат есім, сан есім, сын есім, етістік, үстеу, одағай, шылау, есімдік, еліктеуіш)
- Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ж.: (Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
- «Қаздың тұзаққа түсуі» бұл қай ертегіде кездеседі? Ж.: (Ұр, тоқпақ)
- Ас қорыту мүшелерін ата. Ж.: (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан)
4-кезең: «Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап».
Әр топқа логикалық өлең есеп оқимын.
1 топ Алғырлар
- Аспан қандай күздегі!
Қарап тұрмын ауладан.
Тырналардың тізбегі сүйір бұрыш аумаған.
Әр қанатта он бірден
Басшысынан бөлегі
Бар тырнаны кім бірден
Тез есептеп береді? Ж.: (11+11+1=23)
- 7 ағайынды үлдың 1-ден қарындасы бар. Жанұяда барлығы неше бала бар? Ж.: (8 бала)
2 топ Тапқырлар
- Су құйып ем астауға
Үш қаз ұшты аспанға
Үш қасқалдақ бір қазан
Екі үйрек бір сазан
Бір көксерек бір қарға
Қосылды кеп бұларға
Айт неше құс ұшып жүр? Ж.: (3+3+1+2+1+1+1=12)
- 5 адам 5 сағатта 5 метр жер қазды. 100 сағатта 100 метр жер қазу үшін неше адам қажет? Ж.: (5 адам)
5-кезең: Тіл өнері.
Бұл кезеңдегі тапсырма тез әрі нақты жауапты талап етеді. Бұл кезеңде мақал-мәтел, жұмбақтар айтылады. Соның жауабын орысша қазақша айтасыңдар.
1 топ Алғырлар
- Аттан тай озады, атадан кім озады? (бала-ребенок)
- Не оттан да ыстық? (Отан-Родина)
- Сөзі дана үйі жоқ, сөйлемейді тілі жоқ (кітап-книга).
- Ашу дұшпан болса, ақыл не? (дос-друг)
- Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды (балық-рыба).
2 топ Тапқырлар
- Денсаулық зор … (байлық-богатство).
- Қыймылдаса не шебер, қыруар – қыруар іс өнер (қол-рука).
- Тіл тас жарады, тас жармаса не жарады? (бас-голова)
- Жесең ащы, көзіңнен шығарар жасты (пияз-лук).
- Батыр туса ел ырысы-не жауса жер ырысы (жаңбыр-дождь).
6-кезең «Ойлан, тап».
Бұл кезеңде төрт сурет беріледі. Суреттегі заттың атауын қатыстырып мақал-мәтел құрау.
7-кезең: кім жылдам ойыны.
Ойынның шарты екі топқа суреттер беріледі. Топ басшылары суреттердің атын атамай іс қимылмен, ыммен түсіндіру керек. Ыммен жасырған суреттерді топ мүшелері табу керек.
Сабақты қорытындылау: жеңген топты хабарлау.
Ұқыпты ұтар,
Іздеген табар,
Оқыған озар,
Еріншек тозар,-дегендей еріншектік ешқашан жақсылыққа жеткізген емес. Ізденген оқыған адам ғана білімді бола алады. «Іздеген табар, оқыған –озар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет.