Home » Оқу-әдістемелік материалдар » ІЗГІЛЕНДІРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

ІЗГІЛЕНДІРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

2017-2018 оқу жылынан бастап Мұнайлы ауданының «№11

жалпы білім беру орта мектебі» КММ «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаға енгізілді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың «Өзін-өзі тану» бойынша тренерлерімен бірлікте көптеген жұмыстар жүргізілуде.
«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаға арналған арнайы жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Қыркүйек айында «Бала бойында жалпыадамзаттық құндылықты дамытуда «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында мұғалімдер арасында мектепішілік семинар болып өтті. Семинар барысында мұғалімдерге педагогтың жалпы стилдері, атап айтсақ: авторитарлы стиль, либеральды стиль және гуманды стиль түрлері таныстырылып, бала бойында жалпыадамзаттық құндылықты дамытуда гуманды стильдің аса маңыздылығы түсіндірілді. Мұғалімдерге гуманды педагогтардың өмірінен мысалдар, бала тәрбиесіндегі ұстанымдары, мұғалімге тән этика-ережелер афоризмдер, видеороликтер арқылы көрсетілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы басты назарға алынғандығы, педагогтерге баланы тәрбиелеместен бұрын өзімізді рухани дамытуға, рухани тәрбиелеуге тиіс екендігіміз айтылды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны мониторингтік сүйемелдеу» тақырыбында мұғалімдерге семинар өткізілді. Мұғалімдерді ізгілендіру мақсатында жүргізген семинар тартымды өтіп, оңтайлы нәтижесін беріп жатыр. Семинар барысында мұғалімдерге бала бойында рухани-адамгершілікті дамытуда «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялаудың маңыздылығы және интеграциялаудың әдіс-тәсілдері үйретілді.
Балаға тек қана білім емес, сонымен қатар рухани білімді қоса беруде оқушылар арасында интеграцияланған сабақтар жиі жүргізілуде.
Мектепте «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасы бойынша арнайы оқушылардың оқу кабинеті жасақталды. Ол жерде оқушылар «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алады, рухани адамгершілігін шыңдауда аңыз әңгімелер, сахналық қойылымдар ұйымдастырылады. Кабинет оқушыларға өздерін еркін, ыңғайлы сезінуге сай етіп жасақталған.
Оқушылардың шығармашылығын шыңдауда мектепте «Оқушылардың шығармашылық көрмесі» атты арнайы көрме кабинеті ашылды. Көрме кабинетінде ата-бабамыздан қалған ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттайтын киіз үйлер, ыдыстар, ою-өрнектер, кітаптар, оқушылардың қолмен жасаған бұйымдары, шығармашылық жұмыстары сақталған.
Оқушылардың бойында жалпыадамазттық құндылықты дамытуда адамгершілік тақырыбында аңыз әңгімелер, ұлағатты сөздер, шығармашылық жұмыстар, сахналық қойылымдар ұйымдастырылып келеді. Сабақ барысында байқағанымыз, оқушылар адамгершілік туралы аңыз әңгімелер тыңдағанды және сахналық көріністер ұйымдастырғанды өте қатты жақсы көреді. Бұл оқушылардың рухани дамуға деген ұмтылысын, талпынысын білдіреді.
Алдағы уақытта құрылған жоспар бойынша, оқушылар арасында дебат сайыстар, пікірталастар, сахналық қойылымдар, ұлағатты сөздер сайысы, т.б. рухани құндылыққа толы шаралар жалғасын табады.

 

Ботагөз ҚАРАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
«Өзін-өзі тану» тренері.
Айгерім БАЛЫМБЕТОВА,
№11 орта мектептің
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі,
Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.