Home » Проза » Сыналған достық

Сыналған достық

Ханның тәңірі, аспанмен бой таластырған Шыңғыс таудың етегінде Керегетас дейтін жер бар. Табиғаты ағаш пен суға бай болмаса да, даласы таулы. Алыстан ат терлетіп келген жолаушыға не көлінен су бермес, не ағашынан көлеңке бермес кең жазық. Алайда көзқуантар табиғаты болмағанымен, осы бір жадағай келіп артынан мұнарланған биік таулары мен баурайдағы дөңестері терең ойға салатын тәрізді… Мұқият үңіліп қарасаң өзінің текті жер екендігін, Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің ордасы екендігін аса бір реттілікпен орналасқан таулары арқылы, циркульмен өлшеп сызғандай мінсіз дөңестері арқылы үн қататындай.

Сонау көкжиектен жарыса шапқан екі салт атты көрінеді. Бір сәтте бұл бейне ылдидан ағызып төмен шауып көзден ғайып болды. Дөңнің ар жағынан тербеле қозғалған қара де келіп жетті-ау әйтеуір. Бұл Шалқар мен Алмас еді. Алмастың аты біраз желпініп барып әрең тоқтады.

  • Др-дрррр, ай қарғыс-атқыр, қайдан ғана келістім десеңші, мына жануарға мініп сенімен бір дала кезбен секілді топырақты босқа шаңдатуға…
  • Ойпырмай, соншама не болды, өзің ең ғой, көрші ауылдың қыздарына барамыз дегенде көзің жайнап шыға келген. Енді не орта жолда, менің жанымда ойыңнан айни қалдың ба?
  • Жоға, тек аздап шаршағаным ғой,-деп қыздар туралы естіп, қайта өзін одан әрі жүруге қажай тускендей күбілжіктеп қалды.

Шалқар осы сәтте енді ымырасына кіргелі тұрған күнге қарап ойға кіріп кетті. Қыбырлап өз бетімен қынжылып тұр еді. 40-қа келсе де 20 жасар жігітке ұқсап Алмасқа ренжіп тұрған-ды. Сондағы ойы мен сонда тек қыз дегенде ғана керек болғаным ба дейді. Ол осындайда жанымда Гүлжанаттың жоғын-ай, әттең деп терең күрсінді. Осы сәтте ол көптен бері көріспеген жан дегенде жалғыз адал досы Гүлжанатқа баруды ойына алды. Әкесінің көрші ауылға барып келу туралы өтінішінен кейін ол үйге келді. Күн ендігі ұясына кіріп үлгерген болатын. Гүлжанатқа жол тартып кетуге енді тіпті кеш деп таңның атуын асыға күтті.

Дала жым-жырт. Тамылжыған көктемнің лебі сезілір-сезілмес сәт. Жерге қарасаң не бір таза ақ қар, не бір таза қара топырақ емес, түсініксіз лай-батпақ. Еңістердің маңынан суды сыздықтатып ағызғандай дыбыс шығады. Осы бір қолайсыз ауа-райына қарамастан Шалқар жылғадағы суларды шөлп-шөлп басып жолда келеді. Осы бір жап-жақын екі қыстақтың арасы тағаты таусылғаннан ба оған бір керемет алыс жердей болып көрініп келеді.

Желмен басы ғана қозғалып тұрған қараған-тоғандардың арасынан жалғыз-аяқ жолмен атын желдірте шапқан жолаушыны Гүлжанаттың көзі шалды. Алыстан қарауытып, шырамытып барып оның Шалқар екендігін жазбай таныды. Оның қуанышы қойнына сыймастай болып, жұмыстан шаршап жабырқаған жанары нұрланып шыға келді. Ішінен мына баланың есіне түсетін күнім болады екен-ау деп толқыды.

Шалқар келіп атынан түсіп жатқанда Гүлжанат да алыстан күлімсірей қарап үйінің алдына жол салып журген тақтайын жерге қоя салып оған қарай беттеді. Содан кейін манағы толқынысын мүлдем білдірмеген қалпында:

  • Е, жолаушы кім болдыңыз? Келу себебіңіз қандай? Әлде қысқы інінен шыққан аю болдыңыз ба?,-деп қалжыңдай сұрады. Ал, Шалқар болса осы бір аю туралы айтқысы келген Гүлжанаттың ойын түсініп, қыс бойы бұл жаққа мүлдем ат ізін салмағанын ойлап ұялды. Ол да оның өрекпе қалжыңына:
  • Е, сол алыстан бір сұлуды көріп, жанына танысуға келіп едім. Сөйтсем ол сұлу дегенім сен екенсің. Енді саған қарап көзімнің көрмей бара жатқанын байқағандаймын,-деп қарқ-қарқ күлді.
  • Сырбаз жігіттің айтуына қараңдар!

Екеуі осылайша қалжыңдаса күліп үйге кірді. Ұзақтан көріспеген екі дос шүйіркелесіп, қалжыңдасып мәз-мейрам болып қалды. Пеш үстіндегі шәугімді толықтай қалай бітіріп қойғандарын өздері де байқамай қалды. Шер тарқатып, қарқылдаса күлгеннен беттері қызарған екеуі далаға салқындауға шықты. Түстің кезі, күн шақырайып, даладағы қарды одан сайын ерітуде.

Шалқар Гүлжанатқа қарап:

  • Есіңде ме? Осы көктем шыққанда аяғымызға резеңке етікті киіп алып суды шолпылдатып ойнаушы едік қой?
  • Ееее, Шалқар, бала болып кеттің ба? Сен былай бос сөйлегенше Қаражалдың баурайындаға менің жайылып жүрген жылқыларымды айдап әкелсеңші. Мен оған дейін жақсылап тұрып ет асып қояйын.

Шалқар сөзге келмей келісіп, атына отырып келген жолымен қайтадан кері қарай Қаражалға жол тартты. Қаражал жотасы бұлағы бар екі таудың ортасы. Осы жерге төрт-түлік малдың түгелі дерлік су ішіп, жайылуға келеді. Ағып жатқан су деңгейі бағана келер жолдағысынан да көтеріліп, ағыс қатайып, арнасы толасып кетіпті. Шалқар мойынын соза су ішіп тұрған жылқыны қайыра бергенде қызыл суға атының тұяғы тайып кетіп жайылма суға күмп ете түсіп ағысқа қарсы шамасы келмей сол бойда бұтағы жайыла өскен ағашқа тірелді де қалды. Осы сәтте аттың қышқыра кісінеген ащы дауысы қорада қи алып жатқан Гүлжанатқа естілді. Бұл дыбысты естігенде Гүлжанаттың жүрегі дір етіп, тұла бойы суып кетті. Жүрегі бір жамандықты сезгендей жайдақ атқа секіре міне салып дыбыс шыққан жаққа қарай шаба жөнелді. Орта жолда оның ойына келмеген нәрсе келіп, Шалқарды алаңдап жыларман болды. Менің кесірімнен оған бірдеңе болса өзін кешірмейтінін айтып, бір жағынан өкініп, бір жағынан не болғанын асыға білгісі келіп келеді. Ол көзді ашып жұмғанша жотаның басына келіп жетті. Бұл кезде Шалқар болса бұтаға асылып , қолының соңғы күшін жинап дірдекетеп тұр еді. Алдыға қарай жүзуге тырмысқаннан тонының түймелері ағытылып құр жалаңаш денесі осы бір мұз араласқан селді жұп-жұқа шүперекпен брон желеттей қорғап тұр. Ол көктем ғой деп еркінсіп, шолақ жең көйлектің сыртынан қысқа тонын кие салған болатын. Бұл көріністі көрген Гүлжанат біраз кідіріп барып Шалқардың артынан ессіз бала ұқсап суға күмп ете түсіп, бұтадан қолы үзіліп кеткен Шалқардың артынан қарай ағыс бойымен жүзе бастады. Қайдан пайда болған күш екені белгісіз Гүлжанат Шалқармен қоса оның қасқа атын да жағаға сүйреп шықты. Ерні бозарып кеткен Шалқарға қарап, демін баспай жатып:

  • Енді болмағанда үйде бауырсақ пісіріп, сенің күрішіңді жеп отыратын едік қой жетімек. Мен болмағанада кетуші едің әрі қарай ағып,-деп қалжыңдады. Бірақ осы бір қалжыңында шынымен ол үшін алаңдағанын, қамқор екендігін көрсеткендей.
  • Саған не аспандағы құстар жеткізіп үлгерді ме? Қайдан білдің?
  • Сен дегенде аса сезгіш қой менің жүрегім, Шалқар-жан, — деп жымиды.

Аптықтарын басқаннан кейін екеуі кері үйлеріне қайтты. Шалқар ішінен Гүлжанаттың аттарын үркітіп алғанын есіне түсіріп біраз қынжылып келеді. Гүлжанат болса, Шалқарды аман алып қалғанын ойлап қуанып келеді. Бұл бір ғажап дүние емес пе? Адал достық теп осыны айтпағанда нені айтамыз?

Нұрымқызы Нұржанат,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
11 «А» сыныбының оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.