Home » Мақалалар » Электрондық оқу құралы мен электрондық оқулықтың ара жігін ажырата алып жүрміз бе?

Электрондық оқу құралы мен электрондық оқулықтың ара жігін ажырата алып жүрміз бе?

Қарағанды обл.,Қарағанды қ.,
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
Абдраемова Гульжахан Кайратовна
Мониторинг және талдау бөлімінің
жетекші маманы

 

 

 

 

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдаулары өзінің жүйелілігімен ерекшеленеді. Биылғы Жолдау ел дамуындағы үлкен бір жоспардың кезекті айтулы сатысын меңзейді. «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Президент көптеген өзекті мәселелерге өз көзқарасын біл­дірді. Солардың басым бағыттарының бірі – адами капитал сапасын жақсарту соның ішінде, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс деп атап көрсетіп, IT-білімді сауаттылықты қалыптастыруға баса көңіл бөлу керектігін алға тартқан.

Педагогтердің ақпараттық технологиялық сауаттылығын зерделеу мақсатында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының біліктілікті арттыру курсының барысында тыңдаушылармен сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде кейбір тыңдаушылардың электрондық оқулықпен электрондық оқу құралының ара жігін ажыратуда қарама-қайшылықтар байқалды. Осы себепті, электрондық оқулық пен электрондық оқу құралының айырмашылығын талдау керектігі туындады.

Электрондық оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген құштарлығы оянады, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының қолданатын көрнекілігінің жанында анықтамасы беріледі.

Электрондық оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және үлгілей алады.

Ал электрондық оқу құралы дегеніміз кәдімгі баспа оқулығының электрондық нұсқасы. Бұл оқулықта қарапайым тілмен айтатын болсақ видео, аудио көріп, тыңдай алмайсыздар.

Қандай мемлекетте болсын болашақ дамуының басты мақсаты адами капиталдың өсуіне байланысты. Біздің еліміздің де ұзақ мерзімді стратегиясының бірі − білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру. Олай болса, білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы оқу орындары десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық мәдениеттің ұраны ХХІ ғасыр техника заманы болғандықтан, еліміздің білім беру жүйесінде орнын ойып алар сауатты электрондық оқулықтарды сабақта тиімді пайдалану маңызды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.