Home » Эссе » ЭКСПО – 2017

ЭКСПО – 2017

Экспо ˗ халықаралық ірі жобалардың бірі. Осындай ауқымды шаралар біздің де елімізде өткелі жатыр. Қазір де Астана қаласында Экспо-ға деген дайындық қызу жүріп жатыр. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. Бұл бүкіләлемдік көрме үш айға дейін жалғасады. Қазіргі таңда Экспо еліміздің ең басты нысанына айналды. Әлемнің жүз елуден астам елі қатысатын Экспо көрмесі арқылы Қазақстанды әлемге танытып, даңқын шығаратын үлкен мүмкүндік туды десек қалт айтпаймыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған көрменің басты тақырыбын қазірде барлық ел қолдап отыр. Бізде барынша Елбасымыз ұсынған жобаны қолдаймыз. Елбасымыздың еңбекқорлығының және ақылдылығы мен алғырлығының арқасында осындай кең көлемді көрмені өткізу біздің елге бұйырып тұр. Ал бұл көрмені тамашалау барлық адамның арманы. Экспо көрмесін сәтті, жұртшылықтың көңілінен шығатындай қылып өткізу еліміздің басты міндеті. Осы көрмеден соң еліміздің болашағы күрт өзгереді деп сенемін. Қазақстанды дүние жүзіне әйгілі ететін бұл көрме елдің есінде тек жақсы жақтарынан ғана қалады деп ойлаймын. Көптен күткен бұл көрме енді санаулы күндерден соң Астана қаласында өз жұмысын бастайды.

Махан Миражан

Астана қаласы

№ 67 мектеп гимназиясының

11 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.