Home » Мақалалар » ЭКСПО-2017 – ең үздік ғылыми-мәдени жетістіктер көрмесі

ЭКСПО-2017 – ең үздік ғылыми-мәдени жетістіктер көрмесі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012ж 22-қарашасында Францияның астанасы Парижде өткен ХКБ-ның ЭКСПО халықаралық  бюросы Бас ассамблеясы 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбы «Болашақ энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. ЭКСПО   көрмелерінде әлемнің барлық мемлекетті өздерінің ең үздік технологиялық ғылыми-мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жахандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады.

ЭКСПО Астана қаласында 6-маусымнан бастап 10-қыркүйекке дейін   жалғасын тапты. Көрмеге әлемнің 75 мемлекеті, 14 халықаралық ұйым, 3 миллионға жуық қонақтар келді.

ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Елбасымыздың көрегенділігі мен біліктілігінің арқасында   Қазақстан бүкіл әлемге танылып, абыройы арта түсті.Сонымен қатар, «№2 Сайрам бөбекжайында» ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты, ынтымақтастықты, ұйымшылдықты нығайту мақсатында 30.06.2017 жылы ЭКСПО – 2017 қосқан үлесіміз деп «Менің ЭКСПОМ «№2 Сайрам» — 2017» көрмесінің ашылу салтанаты болды. Онда ата-аналар мен балалар көрмеге қойылған «Хайуанаттар бағын», «Аквариумдағы балықтар», «Ертегілер әлемі» қалашығын көріп тамашалады.

«№2 Сайрам бөбекжай» тәрбиешілері:

С.Х. Уринбасарова, Д.А. Бимурзаева,

А.О. Арғинбаева, М.Қ. Жетписова, Г.Б. Салиева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.