Home » Білім және тұлға » Ы.КӨШКІНОВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ

Ы.КӨШКІНОВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ

М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік
және коммуникациялар
академиясының Ақмола колледжі
Даурамбекова Айгерим Кабдуллаевна

  Алдымыздағы жылдың 17 қарашасында Алматы облысы Райымбек ауданындағы Ұзынбұлақ ауылынан шыққан қоғам және мемлекет қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің 120 жылдық мерейтойы өтеді екен. Соның қарсаңында қоғам қайраткерінің атқарған қызметтерінің ашылмаған тұстарын ашып, мақала ретінде жариялап, шағын кітап ретінде шығару жоспарымда бар.

Ақмола округі таратылып, Қарағанды облысы құрылған кезде 1932 жылы сәуір айында Ы.Көшкіновті Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметіне жібереді. Бұл қызметті ол 1933 жылға дейін небәрі           бір жыл ғана атқарған. Бұл уақытта бір кездегі Ақмола округіне қарасты аудандар Қарағанды облысына кіреді де, облыс орталығы – Петропавл қаласы болып белгіленеді. Ендігі жерде, Ы.Көшкіновтің алдында атқаратын жұмыстардың саны көбейіп, ауқымы кеңейеді. Ол кезде Қарағанды облысына қарайтын аудандардың халқы әлеуметтік жағынан біркелкі емес еді. Олардың ішінде асқан ірі байлары болмағанымен, орта шаруалар мен кедейлер бар еді. Соның өзінде 30-жылдардың басында Қазақстанда жүргізілген байларды кәмпескелеп, жер аудару, көшпенді  шаруаларды отырықшылыққа көшіріп, ұжымдастыру тәрізді асыра сілтеу саясаты барлық қазақ жұрты сияқты Қарағанды облысын да аса қиын жағдайға ұшыратты.

Жергілікті халықтың кәсібіне қарамай, бәріне бірдей салынатын астық салығы, әсіресе Қызылтау мен Еспе өңіріндегі егін екпейтін, мал өсіруші қазақтарға қиын соқты. Өйткені олар астық алып, оны қайтадан Баянауылға әкеліп, салығын төлейтін болған. Мұның өзі жергілікті халыққа өте ауыр тигендіктен олар қолдағы малдан жұрдай болған. Осының салдарынан          1932-1933 жылдары бұл атыраптың колхозға бірікпеген елі шын мәнінде аштықтан қырғынға ұшырады. Оларға жергілікті өкімет органдары да тиісті шара қолдана алмады. Мәселен, сол кезде Баянауылда ет дайындаушы      болып жұмыс істеген ақсақал Сұлтан Оқасовтың айтуынша, ел арасынан ет дайындаушылар жинаған малды сойып, етін шанамен қыста Петропавлға жеткізетін көрінеді. Ал 1933 жылы қыс қатты болып, мая-мая болып үйілген еттерді қалаға уақытында жеткізу мүмкіндігі болмайды. Соның кесірінен         жаз шыға босқа шіріп-сасыған еттерді өртеп, жерге көмген екен. Мұндай рәсуа болған еттерді жергілікті өкімет өртке қиса да, аштан қырылып жатқан халыққа қимаған [1].

Қарағанды қаласы Қазақстанның нақ ортасына орналасқандықтан оған аштық қысқан босқындар жан-жақтан ағылып кеп жатты. Алайда, олардың бәріне бірдей тұрақты жұмыс пен тұрғылықты баспана табыла бермеді.  Тіпті, күн көрерлік жағдайдың өзі аса қиынға соқты. Халық шаруашылығы күйзеліп, ел ішін ашаршылық жайлады. Қазақтар барынша зор қамқорлыққа мұқтаж еді. Осы ретте Ыдырыс Көшкінов елімізде жүргізіліп жатқан солақай саясаттың аңысын аңдып, ақырын күтуде өзінің туған халқымен қалай болғанда да адамгершілік тұрғысынан қарым-қатынас жасауды маңызды санады. Бұған қатысты оның қарындасы Сара Халықова былай деп естелік қалдырыпты:

— «Біз 1932 жылы Петропавлға келдік. Ағам Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы. Бір күні кешке қала көшелерін аралап, өзім оқитын педагогикалық техникумға бара жаттым. Мен техникумға жақындап қалғанда көше бұрышынан бір әйелдің әлсіз дауыспен шақырғанын естідім. Жанында екі баласы бар. Қасында отырған ұлы бес жасар шамасында, ал одан кішірек ұлын қолына алып отыр. Өзі де, балалары да өте арып жүдеген, сүйектері  құры терісіне ғана жабысып тұрғандай. Тіпті, кішкене ұлының жүзінде тіршіліктің белгісі де қалмағандай. Оларға жақындап келіп едім:

— Қарағым, біз ашпыз, егер алыс тұрмасаң бізді үйіңе апарып, жейтін нәрсе  бер, нәр татпағанымызға бірнеше күн болды, нәрестем өлер хәлде, — деді ол көзінен жасы сорғалап. «Қазір, күте тұрыңыз», — деп мен жүгіріп кеттім. Үйде ағам бар екен. Мен оған аш әйел мен оның балалары туралы айттым.

— «Оларды тез арада жеткіз», — деді ағам. Зағира апам оларға дастархан жайып, борщ пен ақ жұмсақ нан берді. Ана мен балалары біраз әлденіп алған соң, ағам өзінің хатшысына телефон соғып: «Тез менің машинаммен кел!» — деді. Балалар үйінің директорына да телефон соқты. Одан соң әйелге қарап: «Жеңгей, енді қорықпаңыз, сіз де, балаларыңыз да аш болмайсыздар, бір ай өтпей-ақ балалар ойнап кетеді. Қазір менің машинама отырып балалар үйіне барасыздар, ол жерде сіздерге қажет барлық жағдайды жасайды, — деді. Дереу машина да келді, оларды ағам өзі отырғызды да, жүріп кетті»…

Содан кейін арада екі ай өткен соң, Ленин көшесі бойымен келе жатқан едім, кенеттен мені бір әйел шақырды. Қасына бардым.

— Сен мені таныдың ба? Жоқ. Мен сені бірден таныдым. Мені танымауың әбден мүмкін, балаларымды да танымай қалар едің. Сен ағаң екеуің бізді ажалдан алып қалдыңдар. Ағаң бізді машинаға отырғызып жатып: «Жақын арада оңалып кетесіңдер», — деген еді. Міне, біз оңалдық. «Қазақ коммунасы» атты балалар үйінде тұрып жатырмыз. Өзім асханада аспазшы болып               істеймін. Қазір балаларға дүкеннен нан алуға келдім. Маған жеке бөлме берді, балаларыммен бірге тұрып жатырмын. Ал енді, бізге көмектескен адамның кім екенін айтшы қарағым? Мен ағамның аты-жөнін, қызметін айттым.

— Мен сол кезде-ақ оның ізгілікті адам екенін сезген едім. Қалай білдің дейсің-ғой? Оның қарапайымдылығы мен мейірімділігінен. Сол кезде мен оны: «Кедей отбасынан шыққан, немесе жетімдік көріп өскен болар»,-деп ойлап едім. Мен: — Дәл таптыңыз,-дедім. Ол қоштасып жатып ағама көп алғыс жеткізуімді өтінді. Бұл – Ыдырыс Көшкіновтің адамдарға жасаған     көп жақсылығының бірі еді. Сол әйел мен балаларына жасалған жақсылық кезексіз істелген еді [2].

Сондай-ақ, Ы.Көшкіновтің Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы кезінде атқарған қызметін тың деректер негізінде қарастыратын болсақ, оның қазақ халқының басына түскен қасіреттің шынайы көрінісін баяндап Ф.И.Голощекинге жазған мына бір хатының деректік құндылығы жоғары. Біз осы хат мазмұнына көз жүгірте отырып, сол кездегі Қарағанды облысын жайлаған ашаршылықтан хабардар боламыз. Мұндай деректер Ы.Көшкіновтің қазақ халқына деген жанашырлығын айқындап қана қоймай, оның қоғамдық-саяси қызметіне деген жаңаша көзқарастың қалыптасуына түбегейлі ықпал етері анық. Олай болса, сол хаттың тұпнұсқалық мазмұнына          көз жүгіртіп өтсек, (ешбір өзгертусіз сол қалпында берілді – А.Д.) онда былай делінген: [3]

Из информационного письма председателья Карагандинского облисполкома ВКП (б) Кошкунова И. в Казкрайком Голощекину Ф.И.          о последствиях перегибов в коллективизации в казахских аулах

1932 г.

Социалистическая реконструкция сельского хозяйства в Казахстане проходит в условиях особо острой классовой борьбы, и особенно в ауле. Пережитки родового патриархального строя и уклада казахских аулов еще оказывают сравнительно сильное влияние баев на бедноту.

В прошлом, т.е. в 1931 году, наряду с правильной политикой и практикой в деле хлебозаготовок допущены были в целом ряде районов грубейшие искажения политики партии, что значительно осложнило как весеннюю посевную, так и продовольственное положение области.

Особенно большие перегибы были допущены в скотозаготовках, в коллективизации и обобществлении скота, — обобществлялось почти все вплоть до птиц и кроликов (см. наше письмо № 1).

На этой почве, а также благодаря слабой органазационно-массовой разъяснителыной работе, как среди колхозников, так и бедняцко -середняцкого единоличного сектора, кулацко байские элементы развили бешеную агитацию за хищнический убой скота, за откочевку. Особенно откочевки и убой скота прошли по районам, охваченным недородом.

Откочевывали со своими стадами целые аулы и русские колхозы, а оставшиеся на месте хищнически убивали скот…

Особенно перегибы дали себя чувствовать в районах охваченных недородом. Например: по 12 районам области на 17 апреля 1932 года было учтено 246 случаев смерти на почве голода и 133 факта опуханий от недоедания. Наиболее остро эти затруднения проявляются в Есильском районе, Акмолинском, Атбасарском, Булаевском, Кургальджинском, Тонкерейском, Кокчетавском, Сталинском и Мамлютском районах…

Уменьшение общего поголовья скота по области, на основе последней переписи, определяется следующими цифрами: если в 1930 году было всего в переводе на крупный скот 1718232 голов, то на 1 февраля 1932 года, к моменту переписи, осталось 918032 голов. Причем, после переписи, т.е. в феврале и марте, хищнический убой скота и особенно падеж от бескормицы продолжался и даже в больших размерах, чем в ноябре-декабре 1931 года. Поэтому надо считать, что общее количество поголовья в весну вышло еще меньше.

Массовый характер имели выходы и выезды из пределов области, откочевки. Только из одного Сталинского района из 9000 хозяйств осталось на 1932 г. 6000 хозяйств; из Мамлютского района выбыло 4500 хозяйств.Отдельные факты выхода и выезда из колхозов характеризуется следующим: Булевский район, село Конюхово в колхозе «Пятилетка»: на 1 декабря 1931 г. в колхозе состояло 400 хозяйств, на 1 апреля 1932 года выбыло 92 хозяйства. Село Полудинское в колхозе им. Калинина: в течение одного февраля месяца выбыло 90 хозяйств. В колхозе «Пятилетка»: на почве фактов голодной смерти и заболевания от недоедания с декабря месяца 1931 года по март из 500 хозяйств осталось в колхозе всего 72.

Всего по области по неполным данным выбыло 41808 хозяйств: если в 1931 году пообласти насчитывалось 204575 хозяйств, то к началу посевной компании 1932 года осталось 162767 хозяйств..

 

 

Председатель Карагандинского

облисполкома ВКП(б)                                                   КОШКУНОВ                                

 

Осымен қатар, мұрағат қазынасында жатқан құнды деректер қатарында сол кездегі Қарағанды облысында ашаршылық салдарынан орын алған жан түршігерлік тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлардың ақиқатын ашып көрсеткен мына бір тарихи құжат та өзіне баса назар аудартады. Бұл АКТ-ні сол кездегі аудандық атқару комитетінің төрағасы Аботов пен аудандық дәрігер Сейітов жазған екен. Құжаттың тұпнұсқасында мынадай мәлімет келтірілген: [4]

 

АКТ

обследования двух пунктов оседания казахских хозяйств

в поселке Шокы Карагандинской области.

 

17 мая 1932 г.

В связи с участившимися случаями смертности среди населенных колхозников, комиссия в составе районного врача Сеитова и председателя РИКа Абетова по поручению председателя ПРИК обследовала подворным обходом два пункта оседания, причем нашла, что большинство населения истощено, питается отбросами, как-то: голыми костьми, из которых путем варки приготовляет суп самого плохого качества, не имеющий никакой ценности в отношении питательности. Кроме того, в пищу употребляются старые, высохшие, а подчас выделанные кожи. В районном центре комиссия установила факт, что имеется одна семья, обнаружена масса собачьих костей, черепов и несколько собачьих лап, плавающих в котле.

В поселке Шокы, где раньше было 144 двора, в настоящее время осталось около 60 дворов, много людей из этого поселка ушли по заявлению оставшихся, по разным сторонам искать продукты. Большая часть оставшегося населения питалась падалью, разложившимся мясом, костяным супом, болтушкой из отрубей и сваренной кожей.

Путем подворного обследования в Казгородке найдено, что 18 семей форменным образом голодают, имеются явление голода, недоедания, истощения. Колхозы никаких фондов для поддержания жизни истощенных, не имеющих никакого продовольствия не имеет.

Эти семьи следующие:

  1. Бигара Кигарин, член колхоза, рабочий-строитель, по своей работе получает паек на 1 душу, семья состоит из 6 душ, из них 3 детей, жена и дети истощены, лица и конечности распухли, питаются только болтушкой и водой.
  2. Тлеубаев Сермкун — 6 душ, из них 1 дитя, питаются болтушкой, на 1 ведро воды кладут горстку ржаной муки, болтушка имеет, цвет помоев, сам и жена отечны, ребенок сильно истощен.
  3. Тлеубаев Естаулет — колхозник, сам работает на камне и получает во время посевной паек на 1 душу, в семье 4 души, из них 2 детей, питается болтушкой.
  4. Тлеубаев Байкен — колхозник, в семье 3 души, из них 1 ребенок, истощены, взрослые отечны, страдают беспрестанным поносом.
  5. Караша Усин — колхозник, в семье 5 душ, из них 3 детей, питаются старой выделанной, кожей, в момент обследования в котле варилась кожа, ребята опухли и истощены.
  6. Мажитов Какен служащий РИК-а, в семье 6 душ, из них 1 грудной ребенок, жена страдает цынгой в сильной форме, лежит на постели.
  7. Бачитан Зайнула — пастух Райсоюза, в семье 7 душ, из них 5 детей, пайка не получает, питается овсом и кожей, семья отечна.
  8. Тылнанбаев Нурмукан — в семье 4 души, из них 2 детей, питаются старой кожей, вся семья распухла.
  9. Актаилаков Ахмет — в семье 5 душ, из них 2 детей, дети истощены, питаются супом из старых костей.
  10. Кенжебалтов Кожиан — в семье 6 душ, из них 1 мальчик 10 лет, в момент обследования около дома найдена масса собачьих лап.
  • Сагындыков Куйеп — в семье Здуши, питаются собачьими тушами, в момент обследования около дома найдена масса собачьих костей, черепов и плавающих в котле собачьих лап. В комнате на подоконнике найдено несколько шейных позвонков (собачьи) также сваренных. В комнате вонь, духота. В окружности масса человеческих жидких испражнений. Вся семья истощена.
  1. Тлеугабылов Жанет — в семье 9 душ, из них 4 детей, у всех имеется полное истощение, питаются болтушкой.
  2. Баймаканов Досум — в семья 7 душ, из них 2 детей, поголовно истощены и отечны, питаются всем чем угодно. Один из членов семьи Абдрахман Досумов умер от голода и полного истощения 15 мая с. г.
  3. Жаркынбаев Айтим — рабочий-строитель, в семье 7 душ, из них 3 детей, жена истощена, отечна.
  4. Токушев Ермагамбет — в семье 6 душ, из них 3 отечны и страдают цынгой в сильной форме, питаются болтушкой.
  5. Карынбаев Сабыр — в семье 6 душ, из них 2 ребенка. Дети истощены, находятся в тяжелом состоянии.
  6. Жансеитов Мухаметжан — 44 лет, весь отечный, ходить не может, питается отрубями в виде болтушки.
  7. Серыбаев Калам -в семье 6 душ, из них 4 детей, все отечны, питаются старой кожей с костяным супом.

По поселке «Шокы» 15 семейств поголовно истощены и отечны, еле-еле ходят на ногах, питаются исключительно падалью, костяным супом и кожей. В домах, где варилось разложившееся, мясо, неимоверная вонь, при входе в такие дома невольно перестаешь дышать и собираешься скорее выйти на свежий воздух.

Эти семьи следующие:

  1. Токсан Досов — 9 душ, из них 5 детей.
  2. Айтжан Досов — 9 душ, из них 5 душ, умерли 3.
  3. Али Корнутбаев — 9 душ, из них 4 детей.
  4. Ибрай Куандыков — 3 души, из них 1 мальчик.
  5. Асылбек Токбатеров — 7 душ, из них 5 детей.
  6. Сыздык Китбаев — 6 душ, из них 4 детей.
  7. Кали Жетнысов — 4 души, из них 1 ребенок.
  8. Казней Омаров — 9 душ, из них 5 детей.
  9. Ганей Кушуков — 6 душ, из них 4 детей.
  10. Бейсембай Ордабаев — 6 душ, из них 4 детей.
  11. Клышбай Ашуаков — 8 душ, из них 5 детей.
  12. Касен Темиканов — 5 душ, из них 3 детей.
  13. Хусаин Дурманов — 4 души, из них 3 детей.
  14. Вали Ушкутаев — 5 душ, из них 3 детей.
  15. Алмурза Жумов — 7 душ, из них 5 детей.

В старом ауле «Комербай» № 3 аула в семье Амирова имеется 9 душ,           сам ушел в конце февраля, где находится неизвестно, сын Ками 22 лет          умер от полного истощения 10 мая с.г. Ахметжан 4 лет — 16 апреля 1932 г., Ахметулла — 17 апреля, жена и дочь умирают, Акет — сын 7 лет — чуть живой, сноха ушла неизвестно куда.

В больнице, пролежав 4 суток, умерли от полного истощения двое, один — из совхоза, другой — беспризорный. Через амбулаторный прием прошли с заболеванием поносом от длительного недоедания 148 человек. О чем и сотавили настоящий акт.

                      п.п. районный врач  СЕИТОВ

                        председатель РИКа АБОТОВ

 

Бұл мәліметтерге қарап отырып біз 1932-1933 жылдары Қарағанды облысы бойынша аштықтың мейірімсіз, тегеурінді шеңгеліне мықтап түскен қазақ халқының аянышты халін байқаймыз. Нәтижесінде, жергілікті тұрғындар  көп қайғы-қасірет көріп, ауыр азап тартты, аштықтан өлгендер саны көбейе бастады. Тіпті, аштық зардабынан тарыққан олар мемлекеттік разверстка бойынша жиналған астықты бөліске салуға әрекеттер жасаған. Мысалы, қала орталығына жиналған 200-ге жуық әйел азық-түлік салымы (продразверстка) бойынша жиналған астықты Орынбор қоймасына әкетуге келген көліктерді (лау, подвод) қуалап, «Егер жиналған астықты алып кететін болсаңдар, біз аштықтан өлім қаупіне душар боламыз», [5] — деп айқайлаған.

1932 жылы 15 ақпанда ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «1932 жылы Қарағанды қаласында атқарылатын іс-шаралар туралы» қаулысы шықты [6]. Осы қаулы негізінде Ыдырыс Көшкінов Қарағанды облысының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға арналған іс-шаралардың жоспарын жасап, олардың кейбіреуін іске асырып та үлгерді. Осы орайда      көзделген міндеттер қатарында Қарағанды ауыр өнеркәсіптерін дамыту, тұтыну тауарларының көлемін арттыру, байланыс жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығын, халық ағарту және денсаулық сақтау ісі, еңбекпен қамту, сауда-саттық және қаражат, коммуналды тұрғын үй шаруашылығын дамыту мәселелері жолға қойылды.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

  1. Ауыл шаруашылығын дамытуда Қарағанды, Тельмановск аудандары қаланы сүт және бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге міндеттелінді. Сондай-ақ, 1932 жылы жеміс-жидек пен картоп егу үшін қала маңынан 3000 гектар көлемінде жер бөлінді. Оның ішінде 1021 гектары совхоздарға, ал 600 гектары 6 фермаға тиесілі болды. Нәтижесінде, бұл шаруашылықтар қаланы жеміс-жидекпен 75%-ға, картоппен 42%-ға қамтамасыз етті.
  2. Қаладан шалғай аймақтардағы суармалы бау-бақша өнімдері егілетін жерлердің көлемін кеңейту және тұтыну тауарларының өнімділігін арттыру ісі де қолға алынған болатын. Тельмановск ауданында 25 шақырым егістік жерге көктемгі егіс өнімдерін егу үшін ауыл шаруашылық техникалары арнайы тексеруден өткізілді.
  3. Осы мақсаттағы шараларды іске асыру үшін Қарағанды мен Телмановск аудандарына Жер-су комиссариаты тарапынан бау-бақша өнімі бойынша 2 агроном, ал сүт өнімдері бойынша 1 зоотехник маман жіберілді.

      Байланыс жүйесі бойынша:

  1. Қарағандыдағы байланыс жүйесін жобалау мақсатындағы іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлығы 3768 сом қаражат бөлінді.
  2. Көп салалы телеграф байланысын жетілдіруде Қарағанды мен Мәскеуді тікелей байланыстыратын Қарағанды-Петропавл-Омбы телеграф желісінің құрылысын 1932 жылға аяқтау көзделді.
  3. Қарағандыны Алматы және Ақмола қалаларымен тікелей байланыстыруы тиіс Ақмола-Қарағанды-Қарқаралы-Семей телеграф желісін іске қосу 1932 жылдың 1 маусымына белгіленді.
  4. Қарағанды-Қоңырат телеграф желісінің жұмысын аяқтап, жүйелі түрде байланысқа қосу ісі 1932 жылдың 1 қазанына белгіленді.
  5. 1932 жылдың 1 тамызына Қарағанды облысының шет аймақтарындағы 5 поселканың арасына телеграф желісін тарту.
  6. Қарағанды қаласында салынып жатқан, жалпы көлемі 10500 шаршы метр болатын байланыс үйін қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету.
  7. Қуаттылығы 10 квт. болатын әуетолқындық радиостанция салу.
  8. Байланыс басқармасына 1000 нөмірлі телефон станциясының құрылысын салу жөнінде ұсыныс беру.

     Еңбекпен қамту ісі бойынша: Қарағанды облысына қарайтын Атбасар, Тельмановск, Нұра, Жаңа-Арық, Петропавл, Қарқаралы, Еңбекші, Абыралы, Баянауыл аудандарының тұрғындарын еңбекпен қамту міндеті бекітілді.

    Орман шаруашылығы бойынша:

  1. Қарағанды облысын 75% құрылыстық ағаштармен қамтамасыз ету ісі Сталинск, Сандықтас және Көкшетау қалаларының ағаш өңдеу өндірістеріне міндеттелінді. Мұндағы құрылысқа қажетті ағаш көлемі 75000 м3 болса, отынға пайдаланылатын ағаш көлемі 15000 м3-ге белгіленді.
  2. Омбы темір жолының бойымен ағаш өнімдерін тасымалдауды 600 вагонға арттыру мақсаты көзделді.

    Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бойынша:

  1. Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелерін шешу үшін 1932 жылы Қарағанды тресі тарапынан 13200 сом, ал қалалық кеңес тарапынан 190 сом, барлығы 13390 сом ақша бөлінді. Бөлінген қаржы негізінде Қарағандыда саман кірпіштен көлемі 202000 м3 болатын 130 тұрғын үй, ал күйдірілген кірпіштен жалпы көлемі 169000 м3 болатын 38 тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланды. Бұл кезде қаладағы коммуналды-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени құрылыстарға жалпы құны 2000000 сом қаржы жұмсалу қажет болды [7].

Алайда Ы.Көшкіновтің Қарағанды облысының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуда көзделген міндеттерді аяғына дейін орындауға  мүмкіндігі болмады Өйткені, 1933 жылы Қазақ өлкелік комитеті оны          Батыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалығына ауыстырып жіберген болатын. Осы кезде, 1933 жылғы шілде пленумының шешімдерін жүзеге асыру үшін БК(б)П Алматы облыстық комитеті хатшылығының 1933 жылы 10 қыркүйекте өткен мәжілісінде «БК(б)П Қазөлкекомының              VI пленумы шешімдерін нақтылау туралы» мәселе қаралды. Пленум шешімдерін облыстың барлық аудандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін БК(б)П Алматы облыстық комитетінің тұрақты теориялық және үгіт-насихат жұмысын жүргізетін белсенділерінің басым бөлігі аудандарға аттандырылды. Осы топтың мүшесі Ы.Көшкінов Қазақ өлкелік комитетінің VI пленумының қарарларын түсіндіру үшін шалғайдағы Ақсу ауданына іссапарға жіберілді [8]. Сонымен қатар, БК(б)П Алматы облыстық комитеті хатшылығының 1933 жылы 10 қыркүйекте өткен мәжілісінде «Қазхалком және БК(б)П Өлкекомы шешімдерін жүзеге асыру туралы» мәселе қаралып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалардың жағдайын жақсарту үшін төмендегідей шешімдер қабылданды:

  1. Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(б)П Өлкекомының шешімдеріне сәйкес, сиыры жоқ колхозшылар үшін облыс ішінен 2500 бас 8 айға дейінгі бұзауды жеке пайдалануда сиыры бар колхозшылар мен жеке
    шаруа қожалықтарынан қатаң түрде олардың өз еріктерімен шарттасып алу және сатып алу жүргізілсін.
  2. Аудандар бойынша шарттасу арқылы бұзау сатып алудың шамамен төмендегідей жоспары бекітілсін:

 

Аудан аттарыБұзау сатып алу жоспары
1Ақсу85
2Алакөл85
3Кеген100
4Қастек25
5Октябрь25
6Шелек110
7Шу60
8Қордай200
9Калинин60
10Лепсі700
11Талдықорған250
12Үржар800
 Барлығы:2500

 

Сондай-ақ, Ы.Көшкінов 1934 жылы 16 қаңтарда өткен Қазақөлкеком VІІІ конференциясының алтыншы отырысында Қарағанды көмір зауытында жылына шығарылатын көмір мөлшері және Батыс Қазақстан өңіріндегі мал шаруашылығы мен астық жинаудағы өрескел кемшіліктерді  өткір көтереді. Осы ретте, Ы.Көшкінов өміріне қатысты 30-жылдардағы құжаттарға мұқият назар аударсақ, сол уақыттың ызғары сезіліп, күмәнді сұрақтар туындайды. Өйткені, сондай бір құжатта: «Жолдас Көшкіновке партия мен үкіметтің астық дайындауға қатысты шешімдеріне қайшы қабылданған жергілікті партия және кеңес органдарының шешімдерін бұзу жүктеледі»,-делінген. Кейбір құжаттар жазықты адамдарды  орнынан алуға немесе жауапқа тартып, тіпті тұтқындауға да оған айрықша құқық берілгендігінен, барлық жергілікті партия және кеңес органдары оған көмек көрсетуі тиіс екендігін мәлімдейді. Осыдан келіп, «Апырмай, мұншама жауапты істерді атқару барысында ылғи айрықша құқыққа ие бола тұрып, бірде-бір рет жаза баспады ма екен? Билігі құрғырдың шексіздігінен біреулерге қиянат жасаған жоқ па екен?»,- деген сұрақтардың да туары сөзсіз. Алайда, не мұрағат құжаттарынан, не ел аузынан, немесе жазба деректерден ол туралы ешбір теріс пікір байқалмайды [9].

Ы.Көшкінов 1933 жылы қазақ елін басқаруға Л.И.Мирзоян келген соң ғана, Батыс Қазақстан облысындағы бір жылдық қызметінен қол үзіп, 1934 жылы қазан айында еліміздің астанасы Алматыға шақырылады. Өзінің туған өлкесіне деген сазды сағынышпен оралған сол кездегі Ы.Көшкіновтің көңіл қуанышын белгілі жазушы Рахметолла Ыдырысов былай деп суреттейді: «1934 жылғы қазан айының бас кезі. Ыдырысты Оралда бірге қызметтес болған достары, жолдастары қаумаласып шығарып салды. Москва–Алматы пойызына отырған Ыдырыс жол бойы ойда келеді. Көкірегін қуаныш кернеген. Купеде жалғыз отырып, өзінің өткен өміріне көз жібереді, өзіне-өзі есеп бергендей болады… Көз алдынан өткен өмірі тізіліп өтіп жатты. Кеңестік билік пен туған халқы алдында өзінің ары таза екендігіне көзі жетіп, көңілін әбден демдеді. Енді, жүрегін туған жерге деген сағыныш сезімі биледі. «Шіркін, Алатау! Қайран жер жәннаты Жетісу! Туған ұлың сағынып келеді. Ондағы туған-туыстар, дос-жарандары мен таныстары тізбектеліп көз алдынан өтіп жатыр. Сүйікті досы – Ілияс (І.Жансүгіров – А.Д.) тұр міне көз алдында. Оның жазған шығармаларын сүйсінбей оқи алмайтын еді. Ілияс та жазған әрбір жаңа өлеңін алдымен Ыдырысқа беруші еді… — Мен ақын емеспін сын айтатын, маған неге бересің? — дегенде Ілияс: Сен өзің ақын болмағанмен жаның ақын, зерделі азаматсың, — деуші еді» [10].

Алматыға келісімен Ыдырыс Көшкінов 1934 жылдың қазанынан 1935 жылдың наурыз айына дейін Қазақ КСР Жер-су Халық комиссарының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып жауапты қызмет атқарып, солақай саясат зардаптарын жоюға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асыруға атсалысты.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Арғынбаев Х. Баянауылдан Камчаткаға дейін.// Туған өлке, 2007, № 2.
  2. Ыдырысқызы Р. Жақсылық кезек күтпейді.// Жалын, 1993, 125-126 бб.
  3. ҚР ОММ 320-қ., 1-т., 15-іс, 23-24-пп.
  4. ҚР ОММ 320-қ., 1-т., 201-іс, 63-66-пп.
  5. ҚР ОММ 320-қ., 1-т., 51-іс, 8-п.
  6. ҚР ОММ 5-қ., 13-т., 36-іс, 1-2-пп.
  7. ҚР ОММ 5-қ., 13-т., 37-іс, 237-241-пп.
  8. ҚР ПМ 812-қ., 1-т., 88-іс, 104-105-пп.
  9. Ыдырысов Дархан Оңласынұлының жеке мұрағаты.
  10. Ыдырысов Р. Ер есімі — ел есінде.// Лениншіл жас, 15 қыркүйек 1977.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.