«Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру үдерісіндегі заманға сай өзгерістерді енгізу барысында ғылыми-техникалық прогрестің шыңына шыққан өркениетті елдердің тәжірибесін тиімді пайдаланып, ұстаздардың біліктілігін арттыруды бастап кетті. Оның ішінде, бұл орталықтың Маңғыстау облысы бойынша филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыс ұстаздарын үздік стандарттарға бейімдеп, озық әдістемелерді үйретіп келеді. Өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін жастар көшін қалыптастастыру үшін алдымен ұстаздар үздік үлгі көрсете білуі тиіс. Дәл осы қағидамен жұмыс істеп жатқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Жұмағалиева Индира Таумышқызын айтпай кетпесек болмас. Индира Таумышқызы – ұжымды басқарып отырған білікті басшы, оның облыс педагогтерінің біліктілігін арттыруда, жаңашыл идеялары мен білім, білік, дағды қалыптастыруда биік белестерден көрініп жүргені барлығымызға аян. Қазіргі таңда облыстағы білім беру мекемелерінің білім сапасының артуына өз септігін тигізіп, кәсіби шеберлігімізді шыңдауға шығармашылық еркіндік беріп отырған басшыға ұстаздар атынан ризашылығымызды білдіреміз.Баланың бастапқы білімін қалыптастырып, болашағын бағдарлайтын орта білім беру ордаларына артылатын жауапкершілік салмақты. Үлкен жүйенің кішкентай тетігі саналатын мектептердің білім саласында мемлекеттің мұрат тұтқан мақсаттарын орындауда алатын орны да орасан. Осыны ескере отырып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған орта білім беретін мектептерде денешынықтырудан сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы курсқа қатысу бақыты бізге де бұйырды.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, 26 мұғалімнің басын қосып, ұйымшыл топтың тренері, өз ісінің шебері, жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқудың инновациялық технологиялары мен әдістері кафедрасының аға оқытушысы Ағуза Далабайқызы Рамазанова өзінің тәжірибесі мен жаңа бағдарламаның барлық қыр-сырларын бөлісу арқылы мамандығымызға деген құрметімізді арттыра түсті десек қателеспейміз. Бізге он күн бойы қазіргі жаңартылған білім жайлы және жаңа технологиялармен жұмыс жасауды үйретті. Ұстаз болу үшін табиғи дарынды ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырумыз қажет. Осы қасиеттерді біз Ағуза Далабайқызының бойынан аңғардық. Ұлттық спортымыз — ата-бабаларымыздан қалған мол мұра. Тоғызқұмалақ ойынының, сондай-ақ елімізде дамып келе жатқан бестемше және түрік ойыны мангала ойынының қыр-сырын 10 күн бойы үйреткен Төлегенова Ақмаржан Игілікқызын да ерекше айтып өткіміз келеді. Ол алаңдағы «Тоғызқұмалақ» пен «Бестемше» ойынының қалай ойналатынын көрсете отырып, ұлттық ойнымызды жаңғыртты, салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулығымызды нығайтты. Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқудың инновациялық технологиялары мен әдістері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Алмахан Батырбайқызы Қабылова «Сапалы білім беруді қамтамасыз ету жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық техника. Педагогикалық әдеп» тақырыбындағы лекциясында педагогикалық әдептің негізгі қағидаларымен жан-жақты таныстырды. Таланттан басқа талабы көп жаңа заманда мұғалім образы оқушының тек тәрбие емес, нәтижелі және пайдалы білім алуына қалай әсер ететінін үйреткен жетекшімізге алғысымыз шексіз. Жаңартылған бағдарлама тілімен айтар болсақ, біздің курста нағыз белсенді тренер – белсенді тыңдаушылар болдық.
Ырысжан ЖҰМАҒҰЛОВА,
Жаңаөзен қаласы,
№17 орта мектептің мұғалімі,
Ернар МЫРЗАҒҰЛОВ,
Ақтау қаласы, Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқытушысы,
Ұлболсын ТАҒАНИЯЗОВА,
Мұнайлы ауданы,
№2 мектептің мұғалімі,