Home » Білім және тұлға » Лаура Абзалбек. Тереңнен нәр алған тектілік!

Лаура Абзалбек. Тереңнен нәр алған тектілік!

«Әрбір адамға қызметтің белгілі түрі лайық келеді, бұл қызмет оны қоғамға пайдалы етіп, сонымен қоса оған бақыт әкеледі» (М.Баррес) деген даналық сөз бүгінгі кейіпкеріміздің бет-бейнесі мен болмыс-бітіміне, адами тұлғасына арналып айтылғандай. Cаналы ғұмырын ғылым-білімге арнап, сол кәсібінен бақыт пен қуанышқа бөленген Сәулеш Дімкешқызының өмірі – көпке үлгі боларлық өнегелі өмір.Кафедрадағы телефон безілдеп қоя берді. Тұтқаның әр жағынан «Лаура Сапарқызы, Сізді директор шақырып жатыр» деген хатшы қыздың жұмсақ дауысы естілді. «Не боп қалды екен? Нендей мәселемен екен?» деген сұрақтар миымда жарыса жауабын іздеп жатыр. Қойын кітапшамды қолтығыма қыса сала жүгірдім. Кабинетте тағы да басқа әріптестер отыр екен. Сәулеш Дімкешқызы әдеттегідей жылы шыраймен амандасып, көз жанарымен орындықты меңзеді де, бірден іске көшті. Әкеме арналған кітаптың тұсаукесерін ұйымдастыруды жоспарлап отыр едім. Соған орай қандай да бір ойларыңыз қажет еді, — деп әрқайсымызға су жаңа, сиясы кеппеген кітаптарды ұсынды.

Мұқабасы жылтыр әрі қатты кітап сыртындағы ер адамға барлай қарадым. Иман жүзді, сәл езу тарта жымиған, сидаң, ашаң өңді, киім-киісі ұқыпты, жасы алпысты алқымдаған ер адамның жүзінен Сәулеш Дімкешқызын жазбай таныдым. Жоғары жағында «Димкеш Муканов: «Жизнь, наполненная любовью. Страницы биографии» деп тақырып жазылған екен. Кітапты ақтарып, Дімкеш Оразбекұлы туралы біраз жайға қанықтым. Әр бетті парақтаған сайын Сәулеш Дімкешқызының бойындағы ізгі қасиеттер мен көркем мінез қырлары тектіліктен нәр алып, ананың ақ сүті, әке қанымен бойға дарыған дара тұлға екеніне көз жеткіздім. Техника ғылымының докторы, профессор мен ұлағатты ұстаз, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздіктері сынды ата-анадан Сәулеш Дімкешқызы сынды ұрпақтың дүниеге келуі заңды да. Тектілік. Биіктік. Парасаттылық. Осының бәрі текті әулеттен шыққан жанның бойынан табылып жатса, ол тереңдік пен кемелдік көрінісі емес пе?  Тектіден текті туады,
Тектілік тұқым қуады.
Тектілердің тұяғы,
Таңдайды құз-қияны.
Шын тектілер халқы үшін,
Өлімге басын қияды.
Жақсы, жаман деместен,
Жанына жұртын жияды, — деген өлең жолдары бірден ойыма оралды.
Десе де Сәулеш Дімкешқызының шыққан шыңы мен бағындырған биігін қанмен берілген тектілікпен шектеу дұрыс болмас. Толағай табыстың артында маңдай тер мен өлшеусіз еңбектің жатқандығы сөзсіз.Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мем­лекеттік университетінің математика­ факультетін бітіріп, алғашқы еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысындағы қарапайым ауыл мектебінің мұғалімдігінен бастаған жас маман ұcтаз мамандығының ұлылығын бірден жауапкершілікпен сезініп, өзіне деген талапшылдық жолынан танбайды. Ізденіс пен еңбекқорлығының арқасында 1992 жылы республикалық «Жыл мұғалімі» байқауында топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлайды. Бұл оның бүгінгі жетістіктерінің алғашқы баспалдағы ғана еді. «Елім дегенде еміреніп, жұртым дегенде жұмылып қызмет қыл!» (Б.Момышұлы) дейтін әке ұстанымын бойына жастайынан сіңіріп өскен Сәулеш Дімкешқызы 90 жылдардың қиын-қыстау кезеңдеріне қарамастан, аймақта алғашқылардың бірі болып, дарынды балаларға арналған Қарағанды облыстық «Дарын» мектебінің негізін қалайды. Ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы үшін бар жан-тәнімен беріле жасаған жұмысы қызмет бабында тек өрге басуына жол ашты.  Қолға алған жоғары лауазымдар тізгінін абыроймен атқарып, жан-тәнмен беріле еңбек етеді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-тәжірибелік «Оқулық» орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, Білім және ғылым министрлігіндегі жұмыс жылдары Сәулеш Дімкешқызы мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған еліміздің ұлттық білім беру жүйесін жаңарту стратегияларын жобалауды қолға алып, Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беруді стандарттауды табысты жүзеге асырады.
2012 жылы әр облыстарда орналасқан біліктілікті арттыру институттары «Өрлеу» ұлттық орталығына біріктіріліп, еліміздің білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізіле бастайды. Ұлттық орталық жұмысының алға ілгерілеуі аймақтардағы филиал ұжымдарының бір мақсатқа жұдырықтай жұмыла қызмет етуіне тікелей байланысты еді. Жергілікті жерлердегі филиалдарды басқаруға көшбасшылық менеджменттің «жілігін шағып, майын ішкен» басшы кадрларды тағайындау күн тәртібіндегі аса маңызды мәселенің бірі болды. Осы орайда Қарағанды институтын басқару бір ауыздан Сәулеш Дімкешқызына сеніп тапсырылды. Әрбір ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, білікті басшы қызметіне кіріскен сәттен ұжым жұмысының тасы өрге домалап келе жатыр. Ұлттық орталыққа қарасты облыстардағы 17 филиалдың ішінен Қарағанды филиалының 5 жыл қатарынан көшбасшылар тізімінен түспеуі – төгілген маңдай тердің тәтті жемісі.

Білікті басшының басқару стилінен оның ішкі мәдениеті, адамгершілік тұлғасы айқын аңғарылады. Ұжымның татулығы мен бірлігін айрандай ұйытып, әр қызметкердің шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасап отырған Сәулеш Дімкешқызы өзі де өнер ауылынан алыс емес. Өнер демекші, ол кісіні білімнің қара шаңырағы – ҚарМУ жанынан құрылған «Жарқын» би ансамблінің әйдік бишісі болғаны да осының бір дәлелі. Әдетте, біздің қоғамда ғылымның соңына түскен адамдардың басқаша келбеті қалыптасқан. Несі бар, бүгінгі іргелі ұжымның басшысы, педагогика ғылымдарының докторы биші болса, айып па? Бұл да әке мен анадан дарыған қасиеттің бір парасы. Данышпан Абайдың толық адам туралы айтатыны бар. Кемелдену, жетілу үстінде болып, әр нәрсені көрмекке, білмекке ұмтылуға тырысу керектігін ескерте келе, «Толық Адам қандай болу керек?» деген сұраққа ақын «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста; сонда толық боларсың елден бөлек», — деп жауап береді. Біздің кейіпкеріміз де өнерге ғашық болып, ғылым-білім арқылы рухани жағынан жетілген болса, нұр үстіне нұр емес пе? Институт қабырғасына келген аздаған жылдар ішінде мен дара болмыстан байқаған қорытындыларымды үлгі ретінде өзіме түртіп алып жүремін. Солардың бірсыпырасына тоқталып өтсем:

  • пирамиданы кері төңкеру: өндірістік жұмыстың барлық түрін жоғарыдан төменге емес, төменнен жоғарыға қарай бағыттау, сөйтіп барша ұжымды ортақ іс пен мақсатқа жұмылдыру;
  • жанама әсер ету: мақсат сәтсіздіктер үшін бір ғана адресатты анықтап, жазалау емес, керсінше кемшіліктерді сурет, қандай да объект немесе сұрақтар негізінде «миға шабуылға» айналдыру, нәтижесінде барлығы ойланады, өзінше нәтиже шығарады, келеңсіздіктерді болдырмауға тырысады;
  • «көпірше» арқылы басқару: кез келген жұмыс түрін жауапты тұлғалар арқылы жүргізу, процесс барысында туындаған қарапайым мәселелердің өзін тұлғалар арқылы ақпараттандыру;
  • тайм-менеджментті қатаң сақтау: өзінің және өзгелердің уақытын құрметтеу, тіпті маңызды шаралардың өзін белгілі уақытқа сыйғызу;
  • кәсіби саладан тыс қабілеттерді ашуға мүмкіндік беру және оны ресурсқа айналдыру: түрлі бағыттағы, деңгейдегі шараларда ұжым мүшелерінің кәсіби дағдыларынан бөлек потенциалын ашуға жағдай жасау;
  • ойнай отырып, ойланту: жарасымды әзіл – басқару менеджментінің ажырамас бөлігі;
  • шешен сөйлеу – кез келген басшы үшін ең маңызды қасиеттердің бірі. Орайын келтіріп, тапқырлықпен сөйлеу арқылы ұжымды бұйрық беру арқылы емес, тапқыр, ұтымды сөздермен басқару, мәселенің байыбына барлығының көзін жеткізу;
  • лауазымына тәуелсіз әр қызметкерді бағалай білу;
  • үнемі күліп жүру және т.б. осы сияқты қағидаларды кез келген маман өзіне болашақ даму бағдары ретінде алуға болады. Кітап мұқабасындағы ер адамның жүзінен мейірім мен қамқорлық табы бірден сезіледі. «Жизнь, наполненная любовью» деген жолдарға қайтадан көзім түсті. Иә, расында да, сүйіспеншілікке толы, көпке үлгі боларлық өнегелі өмір.Абзалбек Лаура Сапарқызы,Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
  • «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
  • Сәулеш Дімкешқызының кәсіби тұрғыдан бөлек, болмысындағы абзал қасиеттерді де шексіз жалғастыра беруге болады. Оның адами тұлғасын басқа тұлғалардан оқ бойы озық етіп, даралайтын қандай құбылыс? Бұл сауалдың жауабын дәл қазір тапқандаймын. Меніңше, ол – тамыры отбасынан мейірлене сусындаған кейіпкеріміздің бойындағы өмірге деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббат! Оның бастау көзінің тұңғиық тереңдігі сонша, әкеден балаға жалғасқан, өміршеңдігін жоғалтпаған махаббат.  Оның бастау көзінің тұңғиық тереңдігі сонша, әкеден балаға жалғасқан, өміршеңдігін жоғалтпаған махаббат. Кітап мұқабасындағы ер адамның жүзінен мейірім мен қамқорлық табы бірден сезіледі. «Жизнь, наполненная любовью» деген жолдарға қайтадан көзім түсті. Иә, расында да, сүйіспеншілікке толы, көпке үлгі боларлық өнегелі өмір. 

    Абзалбек Лаура Сапарқызы,
    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
    Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.