Home » Балабақша » Ынтымақты ұжымның белестері

Ынтымақты ұжымның белестері

Мектепке дейінгі тәрбие әлемі – ақ жаулықты әжелер мен асқар таудай аталарымыздың немерелері, шөберелері ардақты әкелер мен аяулы аналардың көзінің ағы мен қарасы сәбилердің балдай тәтті қылықтарымен елітетін ерекше сыйқырлы әлем. Сыйқырлы әлем символы – бүлдіршіндер десек, осы бүлдіршіндерге білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы Қазақстандағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласына» биыл 100 жыл толып отыр.

100 ғасырлық тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта  балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақшалардың өткен тарихына көз жібере отырып, деректерге сүйенсек, Қазақстанда алғашқы балабақша Верный (қазіргі Алматы) қаласында, Семей, Орал, Қызылорда қалаларында балалар алаңдары және мектепке дейінгі киіз үйлер түрінде 1917 жылдан бастап ашылып, 1921 жылы олардың саны 115-ке жеткен екен. 50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың аяғында балалар мектепке дейінгі мекемелері жалпы білім беру жүйесінде орнықты орын алып, қоғамдық тәрбиенің тұрақты факторына айналған. Елдегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы мектепке дейінгі мекемелердің желісін кеңейтуге зор әсер еткен, себебі осы аталған жұмыстарға балаға қарап үйде отырған әйелдерді тарту сол жергілікті жерлерде мектепке дейінгі мекемелерге сұраныстың артуына байланысты, ясли-бақшаларды бірге ұйымдастыру халықтық білім беру бөлімдеріне, өнеркәсіп мекемелеріне, колхоздар мен совхоздарға жүктелді. Мұның нақты дәлелі 60 жылдық тарихы бар Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасының ашылуы.

1957 жылы бірнеше колхоздар біріктіріліп Чапаев атындағы совхоз құрылып, Едіге талы Попошныйдың арғы бетіне егін, тары егіп бірнеше үйлер салынып, село орталығы бой көтерген. Осы кезде егінші әйел-аналар алаңсыз жұмыс істеу бағытында алғаш рет егін қосып басында 1 топ бөбекжай 25 баламен ашылған.

1964 жылы село орталығына көшіріліп, балабақша жаңа типтегі жобамен салынған 2 топ 45 баламен жұмыс істеген.

1968 жылы тағы 1 топ қосылып, 1968-1979 жылдар аралығында 70 бала тәрбиеленген.

Село халқының өсуіне байланысты 1979 жылы қосымша екі үйлік үй беріліп, 4 топта 90 бала тәрбиеленген.

1988 жылы жаңа типтегі екі қатарлы ғимарат салынып, 1989 жылы 1 қаңтардан бастап пайдалануға беріліп, 6 топта 140 бала тәрбиеленіп  келді.

1999 жылы жаппай балабақшаларды қысқарту кезінде 1 топ жабылып, 120 баламен 5 топ жұмыс істеді.

2001 жылы қайтадан 1 топ ашылып, 145 бала тәрбиеленіп келді.

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап «Балабақшадағы бала санын 10 пайызға өсіру» туралы  Үкімет қаулысына сәйкес 6 топта 155 бала тәрбиеленді.

2013 жылы Республика бюджетінен қаржы қаралып 25800000 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2014 жылы жергілікті жердегі мектепке дейінгі балалар санының көп болуынан, балабақшаға деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында облыстық бюджеттен  (Ембімұнайгаз акционерлік қоғамының демеушілігімен) 147 915 690 теңге қаржы бөлініп, 2 топ 50 балалық жапсаржай құрылысы басталып, 2015 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап балабақшада 8 топта 205 бала тәрбиеленуде.

Өмір – бұл ағын су секілді, бір орында тұрмайды, яғни жылдар жылжып, уақыт өтеді. Уақыт өткен сайын қай салада болмасын дүниенің бір жаңалығы орын алып жатады десек, бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту үрдісінде білім мазмұнын жаңарту  көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл үшін ең алдымен материалдық-технтикалық базаны жақсарту міндеті тұрады десек, бөбекжай-бала бақшасының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсару үстінде.

Ақпараттық құралдардан 5 — интерактивті тақта, 15 – компьютер, 14 – принтр , 3 – ноутбук ,

6 – телевизор, 1 – мультимедиялық құрылғымен жабдықталған. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес 24 бейне бақылау камерасы орнатылған.

Екіншіден, білім мазмұнын жаңартуда жаңа әдістерге көшу, яғни білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастаған «инновация» терминімен сипатталады. Инновация — білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. Балабақшадағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы  — мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себебін тигізетін жаңа технологияларды инновациялық іс-әрекеттің үш кезеңі бойынша мақсатты ендіруінде болып табылады. Нәтижесінде: қазіргі заманға лайық рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды терең меңгерген, білімі мен білігі жоғары шығармашыл тәрбиеші моделі қалыптасады.

«Білім негізі балабақшадан» деген қағиданы ұстанып, балабақшада 24 педогог еңбек етіп  келеді. Педогог мамандардың сапалық құрамы: жоғары білімді – 15, аяқталмаған жоғары – 6 , арнаулы орта – 3. Біліктілік санаттары бойынша 6 – жоғары, 5 – І санатты, 7 – ІІ санатты. 6 – жас маман бар. Мектепке дейінгі тәрбиеде осы кезеңге дейін бірнеше бағдарламалар «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу программасы», «Балбөбек бағдарламасы», «Балабақшадағы 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлық бағдарламасы», балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіліп келді. Әр кезеңдегі бағдарламалар мазмұнына қарай балалардың ақыл-ой қабілетін, ой- өрісін жан-жақты дамыта отырып, құзіреттілікті қалыптастыруда балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып «Оқытудың ойын формасы», «Сын тұрғысынан ойлау», «Тәй-тәй», «ТРИЗ», «Флипчарт» сабақтар технологияларының әдістемелері тәрбиешілер шығармашылығымен балабақшадағы оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді. Балабақшаның  оқу-тәрбие үрдісіне қолданып отырған бұл технологиялармен балалар өз ойын еркін жеткізеді, топпен шешім қабылдайды, ойларын бір-бірімен салыстырады, тыңдайды, ойнай жүріп қарапайым білім, білік дағдылары қалыптасып, ой-өрістері дамиды. Бұл технологиялармен жұмыс істеу тиімділігінің нәтижесі балабақша іс-тәжірбесінің облыстық, республикалық деңгейдегі педогогикалық оқулар мен байқау-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуынан көрінеді. Соның ішінде облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктерді саралайтын болсақ: «Балбөбек» бағдарламасымен жұмыс жасаған кезеңде «Оқытудың ойын формасы» технологиясы бойынша жеткен жетістіктеріміз:

1998 жылдың сәуір айында «Балаларға тәрбие мен білім беруде балабақша мен мектептің байланысы» атты облыстық семинарда «Ойын әдістері арқылы сан және санау ұғымдарын бекіту» тақырыбында тәжірибелік сабақта Ғибатуллина Алма Сағындыққызының жалпы педогогикалық жұмыс дәрежесі жоғары деңгейде бағаланып, семинар қорытындысымен «жоғары» біліктілік санатына ұсынылды. Желтоқсан айында «Білім және ғылым қызметкерлерінің І съезіне делегат болып қатысып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қосалқы секциясында «Этнопедогогика балабақшада» тақырыбында іс-тәжірбелік баяндама жасалды. Съезд күндеріндегі «Қазақстан мұғалімі» газетіне «Ұлыс пен ұлт ертеңі» атты мақала жарияланды. Съезд күндеріндегі марапаттау шарасында Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздігі» Белгісімен марапатталды.

2000 жылы «Ең таңдаулы балабақша» аудандық, облыстық байқауларында балабақшамыз І дәрежелі Дипломға ие болып, Республикалық байқаудың «Лауреаты» атанды. Осы жылы Республикалық ХХV Педогогикалық оқуда «Балбөбек бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру» тақырыбында баяндамасын қорғаған тәрбиеші Есенгенжина Ғалия Рахметоллақызы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Балабақшадағы 5-7 жас Мектепалды даярлық бағдарламасы» бойынша «Сын тұрғысынан ойлау», «Тәй-тәй»  әдістемесі қолданылды.

2004 жылы балабақша меңгерушісі: Қайрлиева Балғаным Қуандыққызы Қостанай қаласында өткен «Мектепалды даярлыққа-5 жыл: түйінді мәселелер және болашағы»  халықаралық конференциясына делегат болып қатысып, №11 «Шағын мектеп» ғылыми-әдістемелік журналында «Құлыншақ балабақшасы» тақырыбында балабақшаның іс-тәжірибесі жарияланды.

2005 жылы «ХХІ ғасырдағы мектепке дейінгі білім беру; ізденістер, түйінді мәселелер және болашағы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясында «Мектепалды дайындық бағдарламасы мазмұны «Тәй-тәй» әдістемесімен ұштастыра жүргізудің маңызы тақырыбында балабақшаның іс-тәжірибесімен таныстырылды.

2006 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында Ғибатуллина Алма Сағындыққызының «Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық негізінде балаларды мектепке дайындау мәселелері»  тақырыбында баяндама жасап, жинаққа енгізілді. Білім беру мазмұнынын жаңартудың бір бағыты – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Балабақшаның бұл тұрғыдан негізгі мақсаты  –   балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп нәтижесін беруде.

2007 жылы Алматы қаласында «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы ұйымдастырған «Мектепке дейінгі тәрбие стандартын дайындау мәселелері жөніндегі» халықаралық конференциясында «Баланың бойында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудағы отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынас» тақырыбындағы баяндамаларын қорғап, ол баяндама негізі халықаралық конференция материалдары жинағына енгізілді.

2008 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің республикалық педогогикалық оқуларында Сыралиева Динара Әділбекқызының «Мектепалды дайындық топтарындағы балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталып, «Ағартудың қазіргі заманғы педогогикалық теория мен практикаға дейінгі жетістіктері» атты республикалық жинаққа енгізілді.

Балабақшамыздың инновациялық бағыттағы жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде 2009 жылы Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының 2009 жыл 9 қыркүйек №57 куәлігі бойынша балабақшамыз «Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» бағытында «Тірек балабақшасы» болып бекітілді.

2013 жылы Қайрлиева Балғаным Қуандыққызы «Білім ұясы: Таңдаулы балабақша — 2013» байқауында ауданнан «Бас жүлде», облыстан І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» аудандық, облыстық  педагогикалық оқуларында дене тәрбиесі секциясы бойынша «Мектепке дайындық топтарында дене сауықтыру шараларының дәстүрден тыс түрлерін қолдану» тақырыбындағы баяндамасын қорғап аудандық педагогикалық  оқуда І дәрежелі Дипломмен марапатталды, облыстық педагогикалық оқуда ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Мамыр айында Талдықорған қаласында «Баланың жасында көргені бүкіл өміріне азық болады» тақырыбында өткен республикалық педогогикалық оқуларда Абілбашарова Нұрсәуле Ғапурынқызының «Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасы «Алғыс хатпен» марапатталды, республикалық баяндама жинағына енгізілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 408 бұйрығымен «Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу алаңы» болып республика бойынша 77, облыс бойынша 5 балабақша бекітілді. Сол 5 балабақшаның бірі – біздің «Құлыншақ» бөбекжай-бала бақшасы болды.

2015 жылы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогтардың  инновациялық технологияларды қолданудағы кәсіби біліктілігін шыңдау, тәжірибе алмасу мақсатында  «Мектеп дейінгі білім беру ұйымдарына әлемдік ең таңдаулы  педагогикалық  теориялар  мен әдістемелерді енгізу» тақырыбындағы облыстық семинардың бір күні балабақша базасында   ұйымдастырылды.  Семинар қорытындысында метепке дейінгі білім беру ұйымдарына: «Тәрбие-білім беру  үрдісіне педагогикалық теориялар, әдістемелер мен технологияларды жаппай енгізуде  педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету» ұсынымдары енгізілді.

Балабақша әдіскері А.Ғибатуллина Астана қаласында 2015 жылы 23 қаңтар күні болған «Мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы білім беретін типтік бағдарламасын сынақтан өткізу және жаңа технологияларды қолдану» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысып, апробацияның жүргізілу бағытымен танысып келді.

2016 жылы Алматы қаласында өткен «Инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбындағы семинар-тренингте, Ақтау қаласында өткен «Жалпы білім беретін оқу бағдрламасы мен инновациялық технологияларды қолдануы сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» тақырыбындағы өңірлік семинарда, Атырау қаласындағы №1 МДАГ гимназиясының базасында өткізілген «Мектепке дейінгі балалардың жобалау әрекетін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинарда, №43 «Арман» балабақшасында өткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілген жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларының апробациясының қорытындылары» тақырыбындағы облыстық семинарда аппробация бағытында жүргізіліп отырылған жұмыстардан іс-тәжірибе алмасылды.

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас» ІІІ облыстық ғылыми-практикалық конференцияда жоғары санатты тәрбиеші Есенгенжина Ғалия Рахметоллақызы «Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысының мазмұны» тақырыбында іс-тәжірибелік баяндама жасап облыстық білім басқарасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2016-2017 оқу жылында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және мектепке дейінгі педогогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдарын  ескере отырып, әзірленген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмысы жүргізілуде.Қазіргі ақпараттандыру кезеңінде интернет ресурстарын қолдану тиімділігі артуда. WWW.45MINUT.KZ сайтымен тұрақты байланыста болып, тәрбиешілердің іс-тәжірибелері интернет желісінде жарияланып келеді.

2016 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізілген «Ұстаз салтанаты» қашықтықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауында Ортаңғы «Жұлдызша» тобының тәрбиешісі Есенгенжина Ғалия Рахметоллақызының «Қазіргі заманға сай бала тілінің дамуы» тақырыбындағы шебер сыныбы «Ата-анамен жұмыс» номинациясы бойынша «Бас жүлдеге»   ие болды. Музыкант Қайрлиева Шұға Жантұрғанқызы  Ортаңғы «Гүлдер» тобында өткізген «Аккаланың жаңа-жылдық шырғалаңы» тақырыбындағы қойылымы «Жаңа-жылдық букет» қашықтықтан өткізілетін  Республикалық интернет-байқауында   жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2008 жылы 4 баладан құралып, қазір құрамы 15 балаға жеткен  «Еркем-ай» балалар оркестрі 2012 жылғы Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының облыстық «Айгөлек» фестивалі қорытындысымен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған балалар шығармашылығы «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» сырттай аймақтық фестиваліне қатысып «Дала үні» номинациясы бойынша «Бас жүлдеге» ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды. Отбасы және балабақша журналында (№1. 2012 жыл) жарияланды.

2017 жылы Шомпаева Қаракөз Қорабайқызы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуда  ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2017 жылдың 3 мамыр күні  Қостанай қаласында Қазақстанда балабақшалардың ашылғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі» Республикалық педогогикалық оқуында «Балабақшадағы инновациялық іс-әрекеттің қолданылуы: нәтижелер мен жетістіктер» тақырыбында жасалған баяндамада балабақшамыздың 60 жылдық тарихында меңгерушілік  қызмет пен қоғамдық жұмысты қатар атқарған:

1957-1964 жылдарда «Чапаев» бөбекжайының ең алғашқы меңгерушісі болған. Еңбек ете жүріп қоғам өміріне белсене араласқан. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарының  иегері  Жасмағанбетова Шарипаның (1925 ж – 2006 ж) , 1964 – 1968 жылдарда Қазақ ССР Мәдениет Министрі, Мәдениет қызметкерлері кәсіпшілік Одағы Республикалық комитетінің және ҚКП аудандық комитетінің, Еңбекшілер депутаттарының аудандық Советі атқару комитетінің, Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің  Құрмет Грамоталарымен наградталған Айтқалиева Баян Айтқалиқызының (1925 ж – 20085ж),  1968 – 1983 жылдарда бірнеше  рет  селолық   кеңес  депутаты  болып  сайланып, біраз  жыл  селодағы  әйелдер  кеңесінің  аудандық, облыстық  білім  бөлімдерінің   мақтау  қағаздарымен, Қазақ  ССР  оқу  министрі  Құрмет   Грамотасымен   марапатталған Мұханбеталиева Жәмиланың (1931 ж – 2005 ж), 1983 – 2016 жылдарда Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Үздігі, 2002 жыл «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-10 жыл» мерейтойлық медалімен 2014 жылы  «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2015 жылы  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет Грамотасымен» марапатталған ардагер ұстаз Қайрлиева Балғаным Қуандыққызының (1953ж.т.) есімдері құрметпен аталып, «Мектепке дейінгі білім беру — ғасырлық тарих шежіресінде» тақырыбындағы облыстық форумында шығарылған Атырау облысы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мамандары кітабына есімдері  енгізілді.

Осы ұстаздар салған сара жолды жалғастырып келе жатқан «Құлыншақ» бөбекжай-бала бақшасы педагог қызметкерлерінің шығармашылық жұмыс — нәтиже көрсеткіштері, «Республикалық 45minutkz» басылымынан шыққан «Жаңа білім-Жаңа ғасыр» кітап-топтама жинағына басылып интернет желісі арқылы  республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекеме педагогтарына көмекші құрал ретінде ұсынылды.

Қазақстанда 100 жылдық тарихы бар мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуда жарты ғасырдан астам шығармашылықпен еңбек етіп келе жатқан «Құлыншақ» бөбекжай бала бақшасыныңда қосып отырған үлесі жалғасын таба береді.

Ғибатуллина Алма Сағындыққызы

Атырау облысы, Исатай ауданы

Тұщықұдық ауылы

 «Құлыншақ»  бөбекжай-балабақшасының

директоры

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.