Home » Ашық сабақтар » Ыбырай Алтынсарин — ұстаз, жазушы, ақын, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин — ұстаз, жазушы, ақын, қоғам қайраткері

Сабақтың білімдік мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық жолын жалғастыру; өмірі мен шығармашылығын байланыстыра талдау арқылы жаңа мағлұматтар алу, ол туралы ой толғау; өлеңдер мен әнгіме, аудармаларының идеяларын ашу, әдебиетке енгізген жаңалықтарын ашып көрсете білу.

Тәрбиелік мақсаты: өмірімен өнеге екенін дәлелдеу; шығармаларының тәрбиелік мәнін ашу, өмірмен байланыстыру; Ыбырай туралы айтылған пікірлер негізінде кісілік келбетін ашып көрсете білу; топтык жұмыстар арқылы өзара сыйластық, бір-бірінің пікірімен санасу сияқты тәрбиелік денгей қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: осыған дейінгі білімдері мен осы сабаққа дайындық барысында білгендерін және сабақ үстінде меңгерген деректерін салыстыра білу, жинақтау.

Көрнекіліктері: портреті, «Ыбырай кім?» (схема-таблица), «Өнер-білім бар жұрттар», «Таза бұлақ» (Ы.Алтынсарин жинақтары), Ыбырай шығармаларына арналған иллюстрация-буклет, тест сұрақтары, шатысқан шумақтар (таблица).

Сабақ жүрісі:

  1. Ұйымдастыру (сабақ мақсатын, жұмыс түрлерін түсіндіру), 4 топқа бөлу, 1 топ көмекші.
  2. «Ыбырай кім?» схемасын сөйлету, яғни оқығандарынан ой қорытып, бос орынға жауап табу (әр топ ақылдасып жауап іздейді).
  3. Жауаптарын қорғау, дәлелдеу.
  4. Көмекші топтың толықтыруы.
  5. Аталған жауаптар ішінен ақындығы мен жазушылығын дәлелдеу (Ыбырай шығармаларын оқығандығын көрсету — мақсат). «Кім көп біледі ?» (көмекші топтың дайындаған сұрақтарына жауап беру, жинаған ұпайлары жазылып тұрады).

III. «Жұптық жұмыс» (әрбір шағын топтағы көршілер пантомимо арқылы Ыбырай шығармаларын сөйлетеді, оны қалған топ мүшелері қай шығармадағы қандай үзінді екенін табады).

  1. IV. «Шатысқан жолдарды түзе» (өлең жолдары, әр тармақтағы сөздер орны өзгертіліп берілген, соны қалпына келтіріп түзету). Түзетілген вариантын әр топ таратылған қағазға жазып көмекші топқа тапсырады, олар тексеріп, түзетеді.
  2. V. Иллюстрация-буклетпен жұмыс (бейнеленген образдарды табу, шығарма сюжетін баяндау, тізбектеп айту).
  3. VI. Бүгінгі сабақта, өткен сабақта айтылғандардан ой қорыту:

Әрбір шағын топтың ортақ ойға келуі; — «Ыбырай аманаты» атты шағын мәтін құрау (өмірімен, шығармаларымен не айтты?).

VII. «Аламан бәйге» (большой круг) «Ыбырай және кісілік келбет» схемасын ашу.

VIII. «Ыбырай кейіпкерлері бізбен бірге» атты интервью: (көмекші топтың 4 оқушысы 4 журналист ролінде — Әрқайсысы 1-1 топпен жұмыс істейді).

Ыбырайдың Үсені қазір не істейді, қандай қызметте?

Кедей баласы сонша үлкен қызметке қалай көтерілгенін түсіндірсеңіз?

Асан қазір қандай жігіт болды екен, көрерменге ол туралы не айта аласыз?

Бай баласы бола тұра неге заман талабына ілесі алмады деп ойлайсыз?

Сейітқұл шаруашылығының жағдайы туралы айтсаңыз?

Еліміздің нарық қыспағынан шығуға Сейітқұл егіншілігі біраз септігін тигізді деп ойлайсыз ба?

Әлемдік бәсекелестікке қарсы тұра алады деп айта аласыз гой?

Ыбырайдың қыздары туралы не айтасыз ?

Отбасылық және қоғамдық өмірде алған орындары қандай болды?

  1. IX. «Шоқан, Ыбырай және олардың ортақ ойлары» атты схемамен жұмыс (шағын шығарма).
  2. X. Рейтинг есебін хабарлау, бағалау.
  3. XI. Тапсырма: Тест сұрақтарын жасап келу.

«Шоқан мен Ыбырай, олардың ортақ ойлары» туралы тұжырымдарын оқушы кеңейте баяндау.

                                              Алсаева Назым Сагимбековна

                                                 Алматы облысы Ескелді ауданы

                                                 Шымыр ауылы М.Маметова тындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.