Home » Білім және тұлға » ШӘКІРТСІЗ ҰСТАЗ — ТҰЛ

ШӘКІРТСІЗ ҰСТАЗ — ТҰЛ

 Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы тағы бір қуанышқа бөленді. Бұл жолғы қуаныш себебі — Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінен мектеп басшысы Сауле Кажибекқызы Алгамбарованың атына келген Алғыс хат. 2016-2017 оқу жылының түлегі Қайыртай Ақмарал Талғатқызы мектепті жақсы аяқтап, аталған оқу орнының грант иегері болған еді. Мектеп қабырғасында жауапкершілігі мол, оқуға ынтасы жоғары, сыныптастарыңың арасында беделді болған Ақмарал жоғары оқу орнында да беделге ие болып, өз қатарларының алды болып жүргені бізге қуанышты. Адамгершілік мінезді,қатарларының сенімді құрбысы, жақсы оқуды алдына мақсат қойған ол еңбегінің нәтижесінде  қазіргі кезде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Оқу орнынан келген  Алғыс хатта:

 

Құрметті Алгамбарова Сауле Қажибековна

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті Сіздерге түлектеріңізге берген сапалы білім мен саналы тәрбиелеріңіз үшін үлкен алғысын және ыстық ықыласын білдіреді

Шәкірттеріңіз Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқи жүріп, өздерін терең ойлай білетін, оқу үрдісінде де ғылыми ізденісте де, оқу орнының қоғамдық өмірінде де қиындықтарды жеңе отырып, жоғары жетістіктерге қол жеткізе алатын студенттер ретінде көрсетуде.

Қазіргі таңда Қазақстандағы маңдай алды жоғары оқу орнындарының жоғары білікті ұстаздар ұжымы бакалаврлар, магистрлер және PhD докторларды дайындай отырып, дарынды жастардың заман талабына сай маман болып қалыптасуына және өз болашақтарын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы өздерінен дарынды студенттерін қашанда мақтан тұтады.

Сіздермен бірлесе отырып білім мен шығармашылыққа деген ынтасы мол жігерлі жастарды алдағы уақытта да тәрбиелей бермекпіз.

Өз тарапымыздан Сіздің шәкірттеріңіздің білімдерін шыңдап, біліктіліктерін жетілдіруіне бар мүмкіндікті жасайтынымызға сендіреміз

Сіздірдің дендеріңізге саулық, еңбектерінізге толағай табыс, отбасыларыңызға береке тілейміз.

                                                     Құрметпен Ректор :                           Е. Сыдыков

 

Иә, «Шәкіртсіз ұстаз-тұл» демекші, осындай мақтанышқа лайық,тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы Ақмаралдай шәкіртіміздің осындай іргелі оқу орнын таңдап, ЖОО ұстаздарына да жақсы қырынан танылып жүргені — бізге мақтаныш.

Айгуль Советовна ЖАКУПОВА,
технология пәні мұғалімі,
Абай Құнанбаев атындағы
№2 жалпы орта білім беру мектебі.
Екібастұз қаласы
Павлодар облысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.