Home » Балабақша » «Шұғыладағы» шұғылалы семинар

«Шұғыладағы» шұғылалы семинар

Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрланған әрекеттер-бұл тұлға шығармашылығына бағытталған тәрбие,баланың шығармашылық әлеуетін ашудың мүмкіндігі екенін ескерсек,театрланған әрекеттер баланың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға,ақыл-парасатының көрінуіне, мақсатқа жету үшін ұмтылуына, табандылығының дамуына ықпал етеді. Балалар үшін жасалып жатқан осындай жұмыстың түрі ақпанның 23 жұлдызында Аққұм ауылдық округі әкімдігі аппаратының «№7 «Шұғыла» бөбекжайында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрланған әрекеттер, баланың шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігі» тақырыбында аудандық семинарда көрсетілді. Елбасының жариялаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын басты назарға алған шұғылалықтар бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып,рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеп жатқаны олардың, осы бір сәттік көпшілік назарына ұсынған оқу қызметтерінен, драмалық қойылымдарынан-ақ көрініп тұрды. Жалпы семинардың тақырыбы«Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрланған әрекеттер, баланың шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігі» болғандықтан қатысысушыларға алдымен «Баланың шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндіктері» тақырыбындағы көрме ұсынылып, «Театрланған әрекетті ұйымдастыру» тақырыбында әдіскер Г.Жадилова мәліметтер беруімен жалғасты. Екінші кезекте тәрбиеші Жанар Үсенова І кіші топ тәрбиеленушілерімен таңғы жаттығу үлгісін көрсетсе, ата-аналар өздерінің «Аялы алақан»биімен жалғастырып, тәрбиешілер театрландырылған «Ергежейлілер» биімен музыкалық сәлемдеме жолдады. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтер фестивальінде тәрбиеші Г.Мырзабекова «Таным»білім саласы бойынша «Ұлттық киімдер» тақырыбында ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен флипчарт сабақ көрсетсе, тәрбиеші Б.Сүлейменова «Қазақ батырлары» тақырыбында драма оқу қызметін көрсетіп өз тәжірибесін ортаға салды. Одан әрі шығармашылық марафонына жалғасып,онда «Қаңбақ шал мен түлкінің» драмалық қойылымы басталды. Жаңа үлгідегі қаңбақ шалды іздеген әжей түлкімен бірге алдымен су әлемінде болып тәрбиеші жас маман Дастан Гүлдананың балалармен бірге суды қалай зерттеп жатқанына куәгер болып аспан әлеміне өтті, тәрбиеші К.Саламатова жетекшілік ететін   балалар жұлдыздарды калейдоскоп   арқылы зерттеп көріп жатқанда әжей мен түлкі келіп қаңбақ шалды іздеп ол жерден де таппай,өсімдіктер әлеміне өтті. Ол жерде тәрбиеші Тұрсынова Назгүл тәрбиеленушілерімен бірге өсімдік әлемін зерттеп тәжірибе жүргізіп жаткан болатын. Ол жерден де қаңбақ шалды таппаған әжей туған өлкелерін зерттеп жатқан «Шұғыла»бөбекжайының тәрбиеленушілеріне тап болды. Тәрбиеші Г.Барпаяқова тәрбиеленушілерімен бірге Аққұм ауылының макетімен таныстырып қонақтарға ерекше қуаныш силады. Семинарды қорытындылау мақсатында бөбекжай меңгерушісі бастаған педагогикалық ұжым Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция» тақырыбындағы жолдауды насихаттап көпшілік көңілінен шыға білді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекзат Ерназарова бастаған ауданның барлық балабақша әдіскерлерімен тәрбиешілері семинардың жоғары дәрежеде өткізілгендігін айтып оң бағасын берді. Бұл жерде бөбекжай меңгерушісі Гаухар Нурсеитованың еңбегін айтпай кету мумкін емес. «Бітер істің басына,жақсы келер қасына» демекші бөбекжайдағы барлық игі істердің белең алуына, аудандағы алдыңғы қатарлы балабақшалар қатарынан көрінуіне бірден-бір себепші осы Гаухар апайымыз. Шұғылалық әріптестеріме осындай басшының жанында шуағына шомыла жүріп үлкен жетістіктерге жете беріңіздер демекпін.

 Жадилова Гулмира Абдраманқызы,
«№7 «Шұғыла» бөбекжайының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.