Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының балаға қатысты салт-дәстүрлері туралы алған білімдерін кеңейтеді, тиянақтайды.
Сыни тұрғыда ойлау қабілеті, мүмкіндіктері, баяндау дағдылары дамытылады.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеуге,ұлттық салт-дәстүр негізінде ізгілікке тәрбиеленеді
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, кестелер, постер, бағалау парағы
Әдіс- тәсілдері: мәтінді зерттеу, әңгімелеу, іздену, «Инсерт», «Балық»
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру (сәлемдесу) Бейнероликке назар аударайық, мына бейнероликтегі көріністер не туралы? Әрине қазақ хаплқының салт-дәстүрі. Біз қандай салт дәстүрлермен таныстық? (Сәбиге ат қою, сүйінші, көрімдік, азан шақыру)
Өлеңді оқимын, мына өлеңдер шумағы кімге арналған, ендеше біздің танысатын келесі дәстүріміз баламен байланысты «Шілдехана» деп аталады.Шілдехана бала дүниеге келгенде жасалатын той.
Жаңа сабаққа көшпес бұрын үй жұмысын қайталап өтейік.
- Үй жұмысын пысықтау.
Өткен сабақта біз қандай мәтінмен таныс болдық? Жақсы онда өткен тақырыпқа шолу жасайық! Оны біз ыстық орындық арқылы жүзеге асырамыз.(Сұрақтарға жауап беру)
1.Сәби дүниеге келгенде оның ата-анасы мен туыстары не істейді?
2.Ағайын- туғаннан не сұралады?
3.Сүйінші дегеніміз не?
4.Сүйінші сұраушы адамға не беріледі?
5.Сәбилі болған отбасына туыстары қандай тілек айтады?
6.Көрімдік дегеніміз не?
- Сәбиге есім беру дәстүріне қазақ халқы қандай мән берген?
8.Сен қалай ойлайсың баланың аты оның тағдырына әсер ете ме?
9.Ата-ана бала есімінің қандай болғанын қалайды?
10.Нәрестеге есім неше күнде қойылуы керек?
11.Есімді кім қояды?
12.Ат қоюшы адам нәрестенің құлағына «Сенің атың….» деп неше рет қайталайды?
13.Бұл дәстүр қалай деп аталады?
14.Ат қойған адамға не беріледі?
15.Сен қалай ойлайсың, салт-дәстүрлер қазіргі заманда керек пе?
Жаңа сабақ:
Топқа геометриялық фигуралар арқылы бөліну.
Топ басшысын сайлау
Бағалау парақшасын, инсерт парақшасын тарату
Қолымызға инсерт парақшасын алып Не білемін? Не білгім келеді?
деген сұраққа жауап жазайық.
Топтарға мәтін таратылады.
Шілдехана-нәрестенің дүниеге келу құрметіне жасалған той, қазақ халқынның салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл салтты еліміздң кей жерлерінде «Шілделік» деп те атайды. «Шілде» сөзі парсының «Чел» немесе «Чил» қырық (40) сөзінен шыққан.Шілдехананың көне атауы «Шілде күзет» болған. Мағынасы: туылғаннан кейін қырық күндік күзет, анасы мен баласын жын-шайтандардан 40 күн бойы күзету. Бұл 40 күн ана мен бала денсаулығына өте қауіпті болған.
Шілдехана — өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.Дүниеге келген нәрестенің отбасы көрші-қолаң, ағайын-туыстарды жинап, қуаныштарын бөлісіп той- думан жасайды.Бұл тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары алыс-жақыннан келеді. Олар шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді.Тойда нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіреді. «Балаңыздың бауы берік болсын» деген құттықтау сөздер айтылады.
Шілдеханада жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін келеді. Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін сойылған малдың еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолына алып, мүжіп тазартады да, сүйекті биік жерге іліп қояды. Мұнысы баланың мойыны тез бекісін деген ырым.
Қонақтар тойға шашу әкеледі. (Әртүрлі сыйлықтар)
Тапсырмалар
Мәтінді түсініп оқу, бейтаныс сөздерді анықтап алу (сөздік дәптерге жазу)
Жөн білетін кісі –правила знающий человек
Омыртқа – позвоночник, один из основных блюд
Мүжіп – обгладать кость
Жын-шайтан-злые духи,нечистые силы
Күзету – подстрегать, охранять
Тез бекісін – пусть окрепнет
Қауіпті – опасный
Ырым – поверье, примета
Мәтінді топ басшылары таңдап алады.
Барлық топқа тапсырма №1
1.Постер құрастыру
2.«Автобус аялдамасы» әдісі бойынша мәтінді топ ішінде ауыстырып толықтыру.
№2 тапсырма (таңдап тапсырманы алады)
І топ Жоспар құру
ІІ топ Сұрақтар құрастырады
ІІІ топ Мазмұндау
Сонымен мәтінді қаншалықты меңгергендіктеріңді аударма арқылы пысықтайық.
№3 тапсырма
Орысшадан қазақшаға аудару
Рождение ребенка является большим семейным праздником. В первый вечер после рождения ребенка в доме собирались родственники, друзья. Этот праздник назывался шілдехана, шілде күзет. Поздравления близких символически означали охрану матери и новорожденного от злых духов. Гости желали хорошие пожелания. Уважаемые люди давали бата.
№4 тапсырма
Дәптерімізге бүгінгі күнді жазып мәтіннен мына сөздерді жазып алып, талдаймыз.
І топ морфологиялық талдау Нәресте
ІІ топ сөз құрамына талдау Қонақтарға
ІІІ топ фонетикалық талдау Шілдехана
№5 тапсырма
«Балық» әдісі бойынша қарсы мәндес сөздерді табу.
Ітоп — алыс, қуаныш, биік, үлкендер
ІІ топ — шақырумен, жақсы, жастар, таза
ІІІ топ- әйелдер, жаңа, қауіпті, келеді
(Ауызша сөйлем құрастыруға болады
№6 тапсырма
Кім жылдам ойыны. Қонақтар шілдеханада не істейді деген сұраққа жылдам жауап жазу.
Сабақты қорыту:
Тойдың соңында не беріледі?
Батаны кімдер береді?.
Кім бата айта алады?
Кері байланыс:
Бүгінгі сабағымызда біз не білдік?
Не білемін? Не білдім ?Не білгім келеді? парақшасын толтырады,оқиды.
Сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай қиындықтар болды?
Ендеше бүгінгі білімдерімізді бағалайық.
Топ басшылары сөйлейді.
Бағалау парағы
Үйге тапсырма: 104 бет, сұрақтарға жауап беріп диалог құрыңдар.
Молгаждарова Әсемгүл Бағдатқызы
Көкшетау қаласы
№5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі