Home » Ашық сабақтар » Шығыс Еуропа жазығы

Шығыс Еуропа жазығы

Р.Е. Акатай

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ

 

Сынып: 8

Мақсаты:

Білімділік: Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, ежелгі платформа екендігі, ондағы пайдалы қазбалардың орналасу зандылықтары, жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші күштер, климатының ерекшеліктері, ішкі суы, табиғат зоналары, оны қорғау жөнінде білім беру.

Тәрбиелік: Шығыс Еуропа жазығының қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, әр түсті маркерлер, А3 форматтар, тесттер, стикерлер.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй жұмысын тексеру
  3. Жаңа тақырыпқа көшу
  4. Тақырыпты бекіту кезеңі
  5. Сабақты қорытындылау кезеңі
  6. Бағалау кезеңі
  7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

  1.  Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Үй жұмысын тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша әр топ, келесі топқа 2-3 сұрақ қояды.

Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын мұқият тыңдап, сұрақтар даярлайды.

Топ басшылары келесі топқа сұрақтарын қояды және өз тобындағы оқушыларды формативті бағалайды.

3. Оқушыларды 1ден — 4ке дейін санап топтарды алмастырады.

1 сандары бірінші топқа ауысады

2 сандары екінші топқа ауысады

3 сандары үшінші топқа ауысады

4 сандары төртінші топқа ауысады

Жаңа сабақ барысы

Оқушыларға Шығыс Еуропа жазығын картадан көрсетіп, қысқаша мәлімет беру.

Шығыс Еуропа жазығы Еуропа дүние бөлігінің көп аумағын алып жатыр. Ол Жер шарының аса ірі жазықтардың бірі. Жазықтың оңтүстік-шығыс аймағы Қазақстанның батысынды орналасқан, ол Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Манғыстаумен шектеседі. Құрамында Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты және Орал алды үстірті кіреді.

Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдайды және атласпен салыстырып отырады. Мұғалімнің сөзін түртіп отырып жазып алады.

Топтық жұмыс: берілген тапсырмалар бойынша ментальдік картаны құрастыру.

1-топтың тапсырмасы — Шығыс Еуропа жазығының геологиялық құрылысы мен жер бедерін мұқият зерттеп басқа топтарға түсіндіру.

2-топтың тапсырмасы — Шығыс Еуропа жазығының пайдалы қазбалары мен климаты.

3-топтың тапсырмасы — Шығыс Еуропа жазығының өзендері мен көлдері.

4-топтың тапсырмасы — Шығыс Еуропа жазығының табиғат зоналары.

Топ ішінде тапсырмаларын орындап ментальдік карта құрастырады, оқушылардың түгел қатысуын топ басшысы қадағалайды және бағалайды. Тапсырма орындалғаннан кейін тақтаға шығып, топпен қорғап түсіндіреді.

Басқа топтардағы оқушылар тыңдайды және түсінбегенін сұрақтар қою арқылы айқындайды.

  1. Тақырыпты бекіту үшін «қайсысы артық» тапсырмасын ұсынайды:
  2. Орманды дала, дала, шөлейт, шөл.
  3. Жайық, Ертіс, Жем, Ойыл.
  4. Жалпы Сырт, Орал алды, Каспий маңы ойпаты, Торғай
  5. Ақтау, Атырау, Орал, Өскемен
  6. Тест жұмысын таратып беру

Тест жұмысын қадағалайды

Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларды орындайды:

Әр топтан оқушы тақтаға шығып артық сөзді өшіріп тастайды.

Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып отырады.

Жекеленіп тесттерді орындайды.

Дайын жауаптармен салыстырады. Топ басшысына тапсырады.

Топ басшылары бағалау парағын мұғалімге тапсырады.

Оқушыларға стикерлерді таратады.

Қорытынды бағаларын шығарады.

Сабақта не білгенін, не үйренгенін стикерлерге жазып тақтаға жабыстырады.

Үйге тапсырма: тақырыпты қайталау, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Экологиялық проблемаларын анықтап шешу жолдарын табу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Бағаларын қойғызады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.