Home » Мақалалар » Шығармашылықтың кілті — ізденісте

Шығармашылықтың кілті — ізденісте

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру — бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау арқылы білім мазмұнын жаңарту мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды меңгеру сынды кешенді шаралар жүзеге асуда.

2017 жылғы 11 — 22 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлері қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтта «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтарына арналған біліктілік арттыру курсына қатыстым.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында XXI ғасырдағы ұлттық санаға, қоғамның рухани жаңғыруына қатысты бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, ревалюциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы, бағыттары туралы айтылады. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында барша Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар айқындалады. Осы Жолдауды негіз ете отырып, курста талқылаудың нәтижесінде алғашқы сабағымыз Елбасының Рухани жаңғырудың алты құндылықтарын, ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңартудан басталды. «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы курс жетекшісі: Қажиева Гүлнар Тоқайқызы курс барысында, ҚР балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметі туралы, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың нормативтік құқықтары, тәрбие қызметін ұйымдастыруда тақырыптарды терең меңгертті. Сондай-ақ, курс аясында тәжірибелік сабақтар, шебер сыныптар, түрлі тренингтер ұйымдастырылып, сабағымыз күннен күнге қызықты да тартысты өтті. Курс жетекшісі өз жүрегінің жылуын сыйлай отырып, бізді жұмылдыра, бірлесе жұмыс жасауға үйретті.

Курстың әр сабағы күнделікті жүйеге қойылып, таңертеңгілік психологиялық тренингпен басталып, сабақ барысы топқа біріктіру арқылы жалғасып отырды. Түскі үзілістен кейін бір әннің тарихымен танысып, сол әнді орындау арқылы көңіл-күйімізді көтеріп сабағымызды жалғастырып отырдық. Еліміздің әр аймағынан келген тыңдаушылардың түрлі іс жұмыстарымен танысып тәжірибе алмастық.

Мысалы, Атырау облысы, Махамбет ауданының З. Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің қобыз сыныбы мұғалімі Төлешева Алтынай апайымыз өзінің іс – тәжірибесін бейнеролик арқылы көрсетіп, топпен бөлісті. Біздің бұдан байқағанымыз: сол өнер мектебінде жұмыс жүйелі жүргізіліп, нәтижесінің көрініп тұратынын және БҚО Бөкей ордасы ауданының тарихын Рухани жаңғыру бағытында зерттеліп, бірлескен жобалардың қорытындысын бейнеролик түрінде ұсынды. Тұңғыштар мекенінің тарихы зерттелген жұмыс арқылы біраз мағлұмат алып, таныстық. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында, этномәдени құзіреттелігімізді арттыру үшін Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығының директоры Мұрат Тілепбердіұлы бізге «Есік» қаласының мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына, табиғат ананың тартқан сыйы «Есік» көліне, «Түрген» шатқалына және «Батан» сарқырамасына саяхат ұйымдастырды. Саяхат кезінде Сақ әлемінің құпиясына қанық болып, «Алтын адам» ескерткішін көріп тамашалап, шығу тарихымен толық мағлұмат алдық.

Курс барысында шығармашылық жұмыс, шебер сынып, ықшам сабақтар ұйымдастырылып, әр топ өз тәжірибелерімен бөлісіп отырды және SWOT – арқылы талдап, SMART – пен мақсат қойып жоспарлау керектігін үйрендік.

Курс жұмысы тәжірибелік сабақпен ұштастырылды. Үйірме оқушыларының шығармашылық іскерліктерін арттыру, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында №1 Оқушылар үйіне қосымша білім беру мұғалімдеріне арналған республикалық семинар болды.

Семинар «Жақсы көңіл-күй – жан шуағы» атты тренингтен басталып, шеберлік сабақтармен жалғасын тапты. «Би өнерінде оқушылардың актерлық қабілетін дамыту» би үйірмесі, «Сувенир» бисер үйірмесі, «Түрлі түсті жіптен білезік тоқу» қолөнер үйірмесі, «Монотипия техникасы» сурет үйірмесі бізге жоғары деңгейде өз жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибе алмастық. Қорыта айтқанда, Оқушылар үйінде шығармашыл ұстаздардың іс-тәжірибесі жоғары деңгейде екендігіне көз жеткіздік және оқушылардың үйірмеге деген қызығушылығы жоғары, белсенділігін байқадық.

Курстың қызықты болғаны соншалықты, екі апта уақыттың қалай тез өткенін сезбей де қалдық. Алдағы уақытта осы «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Республикалық институт филиалы курсынан алған білімімізді тиімді пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы бағытпен жұмыс жасаймын.

Осы курстан әрбір ұстаз жақсы оймен кететіні күмәнсіз! Курстың ұйымдастырушыларына және курс жетекшісі Гүлнәр Тоқайқызына біздерге жасаған қамқорлығы үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Және жаңа білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жаңа жұмыста әріптестеріме табыс тілеймін!

 

Тұяқова Гүлшат Қуандыққызы

«Шардара» мектеп – лицейі

Қосымша білім беру педагогы

ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.