Қалиева Меңдігүл
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Онды орта мектебінің дене тәрбиесінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
- Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.
Сайыстың барысы: Мектеп спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш-қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
Алға» – деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
- Директордың бейіндік жөніндегі орынбасары: Ә.Сүндет
- Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Р.Әбдікерова.
- Дене тәрбиесінің мұғалімі: А.Сайынов
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын балғындардарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға оқушылардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
№1 топ: «Сайыпқырандар»
№2 топ «Жігер»
№3 топ «Тарлан»
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Жүргізуші: «Көңілді мәре» атты спорттық ойынымыз 10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған сайыскерлер, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.
Сабақтың жүрісі:
- Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
- Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)
3.Б аскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)
- Калькулятор ойыны (эстафета берілген есепті шығару
- Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу)
- Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)
- Кім шапшаң картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)
- Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ (әр топ арқанға өрмелеп, биік шыңға шығу)
- Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)
- Ойлан тап, сиқырлы сандық. (үш сандық қойылады, соның ішіндегісін табу керек.)
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.