Home » Поэзия » Ширек ғасыр тойына арнау

Ширек ғасыр тойына арнау

 

25 жыл бұрын біздер қандай ек,
Жетімсіреп жалтақтаған жандай ек.
Әркімге бір жаутаң қағып телміріп,
От болсақ та, лаулап әсте жанбап ек…

Тәубә, тәубә…
Тәуелсіздік  таңы атты
Қуандырып барша момын қазақты
Тәуелсіз ел,егемен ел,азат ел,
Бағалайды, бағамдайды бар бақты

Ақ  патшамыз Назарбаев басқарған,
Игі істерге, жақсылыққа бастаған
Қазақ елі, Қазақстан тек алға,
Талай жылдар Тәуелсіздік аңсаған!

Арта берсін даңқың үстем мерейің,
Жарқын іспен болашаққа сенейін
Халқым күлсе мен де күлем шаттанып,
Халқымды мен байлығыма теңеймін

Енді елімнің ешкім алмай мазасын,
Ширек ғасыр толған тойы тойлансын
Қыдыр дарып,құт қонған ел байрақты,
Тұғыры биік Тәуелсіздік жасасын!

Тоқбергенова Нұрлыгүл Қазкенқызы
Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.