Нұр-Сұлтан қаласы №15 «Дарын» балабақшасының аясында 2019 жылдың 10 сәуір күні «Есіл» ауданына қарасты балабақшалар арасында отбасылық «Шаңырақ» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – отбасы ынтымағын нығайту және бүлдіршіндердің бойында ұлттық құндылықты қалыптастырып, рухани бай, дарынды балаларды тәрбиелеу.
Сайыста №15 «Дарын», №63 «Әсем-Ай», №68 «Балбұлақ», №78 «Асыл», №82 «Айару»балабақшаларының атынан шыққан отбасылар өзара бақ сынасты. Бас жүлдеге №63 «Әсем-Ай» балабақшасының намысын қорғаған Тельбаевтар отбасы ие болды. І орынды №15 «Дарын» балабақшасынан Балмаганбетовтар отбасы және №68 «Балбұлақ» балабақшасынан Аубакировтар отбасы, ІІ орынды №78 «Асыл» балабақшасынан Тұрсынқожа отбасы және №82 «Айару» балабақшасынан Сәлімжановтар отбасы бөліп алды.
Жалпы №15 «Дарын» балабақшасы 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасап келеді. Балабақшада бірнеше ақылы қызмет түрлері жүйелі жұмыс жасап, нәтижесін көрсетуде: ағылшын тілі, вокал, хореография, логопед, робототехника, интеллектум, тұзды шахта, массаж. Балалар барлық ақылы қызмет түрлеріне зор ықыласпен қатысады. «Дарын» балабақшасы ата-аналармен жұмыла жұмыс жасайды және үнемі ата-ана қолдауына ие. Балабақша ұжымы өте шығармашыл, білімді, креативті жас мамандардан құралған. Мамандар жас болса да өз істерінің шебері.
Балабақшаның негізгі жұмыс бағыты – әр баланың бойынан дарындылық көзін тауып, әрі қарай жетілдіру. «Дарын» балабақшасы үшін – әр бала ДАРЫНДЫ!
Жакеева Айдана Муратовна,
№15 «Дарын» балабақшасының әдіскері.