Home » Ашық сабақтар »  «Шалқан» ертегісі

 «Шалқан» ертегісі

Білім беру саласы: «Қатынас» 

Оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет

Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға талпындыру. Еңбекқорлыққа баулу.
Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы, тілін дамыту, ойын, зейінін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілігі: Достыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Білімділік: Еңбексүйгіштікке баулу, мақал-мәтел жаттату, ертегі мазмұнын меңгерту.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын.

Көрнекілігі: Ертегінің суреттері, жылжымалы суреттер, бейне таспа, атрибуттар.

Сөздік жұмыс: Шалқан, бірінің артынан бірі.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті, Балалардың іс-әрекеті
Жылулық шеңбері
Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдарды жасайды.

Айтылған сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі:

— Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісімен танысамыз.

Ертегі мазмұны: 

— Ерте, ерте, ертеде. Бір атай мен әжей өмір сүріпті. Атай үй алдындағы бақшаға шалқан егіпті. Шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанға тамсана қарап, оны тарта бастайды. Тартып-тартып шалқанды жұла алмайды. Көмекке әжейді шақырды. Әже атадан, Ата-шалқанның сабағынан ұстап тартып еді жұлынбады. Әжей немере қызын

шақырды:

Әжей: қызым, қызым, бізге көмекке келші дейді.

Қызы: жарайды, әже.

Қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды

суыра алмайды.

Немере қызы көмекке итін шақырады. Ит қыздың етегінен, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды суыра алмайды. Ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды суыра алмайды.

Мысық көмекке тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан, мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады шалқанды суырып алады.

Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақал бар.

Балалар ертегі мазмұнын қызығушылықпен тыңдайды.

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? 

Иә, ұнады. 

Енді, балалар, назарымызды бейнетаспаға аударайық. (Ертегі мазмұнын бейнетаспа арқылы айту).

Сергіту сәті

Ата шалқан егіпті, (отырады). Шалқан үп-үлкен болып өсіпті. (тұрып, қолдарын жоғары көтереді). Ары-бері тартып еді, тартылмады (бірін бірі ұстап тартады). Алақай! Тартып жұлып алдық (қолдарын шапалақтап секіреді, қуанады).

Үстел үсті театрын пайдалана отырып, ертегі мазмұнын ашу. 

 Сұрақ-жауап. 
— Атай не екті? – Атай көмекке кімді шақырды? — Әже көмекке кімді шақырды? – Немересі нені шақырды? — Күшік нені шақырды? — Мысық нені шақырды? – Сонымен, бәрі бірігіп не істеді? 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Шалқанды, Әжейді, Немересін, Күшікті, Мысықты, Тышқанды, Шалқанды жұлып алады.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Шалқан ертегісінің мазмұнын атрибуттар арқылы кейіпкерлендіріп ойнату.

Балаларды мадақтау.

Балалар рөлдерге бөлініп, сахналайды.

Күтілетін нәтиже: 

Біледі: ертегіні мұқият тыңдауды.

Игереді: ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын.

Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді.

                                                   Аманова Эльмира Фуркатовна

«Айша-Биби» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі

                                                   Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                                                   Қарнақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.