Home » Жаңалықтар » Химия пәнінен республикалық интернет олимпиадасының қорытындысы

Химия пәнінен республикалық интернет олимпиадасының қорытындысы

2017 жылдың 25 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Қазақстандағы химия ғылымы» тақырыбындағы химия пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық интернет олимпиаданың қорытындысын шығарды.

Олимпиада мақсаты: Химия пәніне деген қызығушылықтары жоғары педагогтарды анықтау, олардың көрсеткен білімдері үшін ынталандыру, мадақтау, педагог білімдерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау.

Шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау және мадақтап, педагог кәсібінің беделін арттыру мен ғылыми білімді насихаттауды міндеттеді.

Республикалық интернет олимпиадаға еліміздің облыстары мен қалаларынан 289 педагог қатысты.  Соның ішінде:

— Қостанай облысынан – 102

— Маңғыстау облысынан – 86

— Астана және Ақмола облысынан– 32

— Батыс Қазақстан облысы – 21

— Жамбыл облысынан– 17

— Қызылорда облысынан -12

— Солтүстік Қазақстан облысынан —  8

— Ақтөбе облысынан – 6

— Қарағанды облысынан – 3

—  Оңтүстік Қазақстан облысынан – 1

— Алматы және Алматы облысынан– 1

Республикалық интернет олимпиаданы өткізу кезінде  тест тапсырмалары орындалды. Қазылар алқасының шешімі бойынша тест нәтижелеріннен ең көп ұпай санын жинаған педагогтар олимпиада жеңімпаздары атанды.

Жеңімпаздар:

1 орын – 21 педагог;

2 орын – 14 педагог;

3 орын – 40 педагог.

http://orley-kost.kz/index.php/ru/olimpiadi1   сілтемесі бойынша жеңімпаздармен танысуға болады.

1,2, 3 орын алған жеңімпаздарға дипломдар 2017 жылдың  1 маусымына дейін электрондық пошталарына жіберіледі.

Олимпиада қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!

А.Н. Мускина

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы,

ДБО тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.