Г.К. Коянбаева
Ақтөбе қаласы,
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп
Пәні: әдебиеттік оқу
Сынып: 4
Сабақтың мақсаты: Фариза Оңғарсырова туралы мағлұмат беріп, «Қанат туралы хикая» өлеңінің мазмұнын ашу.
- Білімділік: оқушыны Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
- Дамытушылық: өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
- Тәрбиелік: мейірімділікке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ассоциия, бес жолды өлең, сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Күнге қолдарынды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақандай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізге әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
— Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 .Б.Бұлқышевтың «Ана» мәтінінен үзінді жаттау.
- «Менің анам» шығарма жазу.
ІІІ. Негізгі бөлім
Психологиялық дайындық.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
- Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы түсінік беру.
Ф.Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш аулында дүниеге келген. 1961 жылы Атырау университетінің «Тіл әдебиеті» факультетін бітірген. Еңбек жолын Балықшы ауданы, Еркінқала аулында мұғалім болып бастап, кейін мектеп директоры қызметін атқарған. Фариза сезімге толы өлеңдер жазатын лирик ақын.
- Өлеңмен жұмыс.
— Өленді мәнерлеп оқу.
— Өлеңді хормен оқу.
— Өлеңді шумақтап оқу.
- Сөздік жұмыс.
Хикая — сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.
- Жуан сұрақтар әдісімен жұмыс
«Қанат туралы хикая» өлеңі.
- Өлеңде қандай оқиға баяндалды?
- Ақын құсқа қандай қамқорлық көрсетеді?
- Қүстың қанатына қарап отырып, ақын адамда қандай екі қанат болады деп түйді?
ІV. Шығармашылық тапсырмалар.
- Суретпен жұмыс
— Құстардың суретіне қарап, ауа райын болжауға болатынын айту.
Ауа райын болжау
Тойғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай, қонақтап отырса, қар жауады. Олар қосылып шиқылдаса, жылы болады. Қуысқа тығылып, бір жерге тоқталса, суық болады. Бұл – боран алдындағы көрініс. Бозторғай әндетсе, сауысқан шатыр астына тығылса боран болады. Тауық бұрынғысынан жоғары қонақтаса, қатты аяз болады. Әтеш, қаз бір аяғымен тұрса, аяз болады. Тауық аяз боларда қанатын қағады.
- Ұйқас бойынша өлең құрастыру. «Ойымнан туған өрнектер»
. . . . . . . . . . . .баламын,
. . . . . . . . . . . .аламын,
. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .ананың.
- Мақалдың жалғасып тап.
- Ананың сүті бал,
. . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . .
- Ана сүтін ақтамағанды,
. . . . . . . . . . . . . . . .
- Әкеге қарап ұл өсер,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Баланың ұяты әкеге,
. . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Ананың көнілді балада,
. . . . . . . . . . . . . . . . .
ІҮ. Дәптермен жұмыс.
«Қабыл ал балаңның, Сәлемін жолдаған».
(Анаға арнап тілек жазу)
Ү. Қорытындылау.
— Бүгінгі сабақта кім туралы әңгімеледік?
— «Ана» сөзіне бес жолды өлең құрастыру
ҮІ. Үйге тапсырма: Өленді мәнерлеп оқу. Мақал — мәтелдер жазып келу.
VII. Бағалау