Home » Жаңалықтар » Футбол тарихы мен негіздері

Футбол тарихы мен негіздері

                                    000777-copy    Ералы Айбек, Мұхтар Қазбек
ДШС-11 тобы, дене шынықтыру мамандығы
1 курс студенті
(Ғылыми жетекшісі: Мейрманов Асылбек)

        Спорт падишасы саналатын футбол атауының ойыны әлем бойынша жанкүйерлер миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлержетерлік. Футбол ойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге дейін қалай жеткенін біреу білер, біреу білмес. Өзге құбылыстар секілді әр ойын түрлерінің шығу тарихы бар. Оның ішінде футбол ойынының тарихы тым тереңде.

Эпискирос, кальчио, гарпастум, дзу-ню, шалыга. Бұлардың барлығы футбол ойынының ежелгі атаулары. Әр ойынның өзіндік ережелері бар. Бүгінде футбол әлемдегі ең әйгілі спорт түрі болып табылады.

Ежелгі қытайлықтар дзу-ню ойнаған. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әр командада 6 адамнан. Ойыншылардың әрқайсысының өз қақпасы болған. Ойын барысын император қадағалап отырады. Сосын жеңілген команданың ойыншыларын бамбук ағашымен ұрып жазалайтын болған.  Ал ежелгі Грецияда қақпаны жерге сызып белгілеген. Команда да 5 ойыншыдан. Айта кетерлігі алғашқы коментаторлар осы Грецияда шықты. Оған нақты дәлел ежелгі грек жазбалары.

Рим қолбасшысы Юли Цезарьді әккі шабуылшы деуге болады. Тіпті ол өз қол астындағы жауынгерлеріне де доп ойнауды бұйырған. Егерде кімде-кім ойыннан бас тартса өлім жазасына кескен. Ежелгі Римдіктер футболды – гарпастум немесе кальчио деп атаған. Кейін бұл ойынға шіркеу қызметкерлері де қатты қызықты. Қазіргі еуропалық футболдың арғы тегі римдік «гарпастум» ойыны болса керек. Допты екі тіреудің ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлерді жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болған көрінеді. Футболға ұқсас ойын туралы б.з.б 1900 жылы Ежелгі Мысырда белгілі болған. Ежелгі Грецияда халық арасында доп ойыны б.з.б. 4 ғ. дейін белгілі болған. Бұған Афины мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған «доп ойнаған баланың» суреті дәлел бола алады. Спарта сарбаздарының арасында «эпискирос» атты доп ойыны өте жиі кездесетін. Қолмен де, аяқпен де ойнайтын ойынды римдіктер «гарпастум» («қол добы») деп атап, олар ойын ережесін бірнеше рет өзгерткен. Ойын қатыгездікпен ерекшеленетін. Римдік шабуылшылардың арқасында б.з.д. I ғасырда доп ойыны Британ аралдарына тарап, жергілікті тұрғындар: бриттер мен кельттер арасында үлкен қызығушылыққа ие болған. Бриттер б.з. 217 жылы Дерби қаласында алғаш рет римдік легионерлерді тізе бүктіріп, ойынның дамуына өз үлестерін қосқан болатын. Б.з. V ғасырда бұл ойын Рим империясымен бірге жоғалып кеткенімен, ойынның ережелері еуропалықтардың, әсіресе, итальяндықтардың естерінде қалған. Тіпті, эмоцияларын сыртқа шығармаған, тұйық мінезді Леонардо да Винчидің өзі де сол ойынға қызығатын. XVII ғасырда  дарға асып өлтірілген I Карлдың жақтастары Италияға қашып, сол жерде осы ойынмен тасысқан. Кейін 1660 жылы таққа II Карл отырғанда олар бұл ойынды Англия еліне әкеліп, сарай маңындағыларға үйреткен. Англиядағы ортағасырлық футбол құмарлық пен дөрекілікпен сипатталып, ойын көшелерде толық хаус пен төбелес негізінде ұйымдастырылатын. Билік басындағылар да бұл қантөгісті тоқтатуға бар күштерін салып, арнайы корольдік бұйрықтар да жарық көрген. 1314 жылдың 13 сәуірінде Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салатын II Эдуардтың жарлығы оқылып, шарт бұзылған жағдайда, қамауға алу жазасын қолдану туралы заңға қол қойылған. Уақыт өте келе, сарбаздар бұл ойынға садақ тарту өнерін қосып, ойын ережелерін одан сайын ушықтырып жібергендіктен, 1365 жылы III Эдуард тағы бір жарлыққа қол қойған. 1389 жылы жарыққа шыққан II Ричардтың жарлығында футбол, сүйек пен теннис ойындарына тыйым салу тармақтары қарастырылған. Футбол ойыны  Генрих IV-тен бастап  Яков П дейінгі ағылшын монархтарына да ұнамайтын еді. 1389 жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 — 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.

Барлық тыйым салатын жарлықтарға қарамастан, футболға деген қызығушылық күн санап өскендіктен, бұл ойын Англияда бейресми түрде  мақұлданып, алғаш рет «футбол» деген атқа ие болған. XIX ғ. басында «топтық футбол» бірітіндеп ұйымдасып, қазіргі ойынға ұқсай бастаған. Осы ойынның алғашқы ережелері 1846 жылы Регби-скулда құрастырылып, екі жылдан кейін Кембридж қабырғаларында нақтыланса, 1857 жылы Шеффилдте алғашқы футбол клубы ұйымдастырылған. Алты жылдан кейін бірыңғай ережелерді мақұлдау мен мемлекеттік футбол ассоциациясын құру мақсатымен Лондонда жеті клуб бас қосқан болатын. 1863 жылы Лондонда мемлекеттік футбол ассоциациясының негізі қаланып, әлемде футболдың алғашқы ресми ережелері жарық көріп, бұл ойын халық көңілінен шыққан. XIX ғасырдың аяқ жағында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды түрде дамыған. Ал 1904 жылы Бельгия, Дания, Швейцария елдерінің бастамасымен Халықаралық футбол федерацияларының ассоциациясы (FIFA) құрылған.

Ал ағылшындықтардың футбол ойнайтын добына таң қаласысыз. Оның салмағы 4 келі болған. Футболға 500ге тарта ойыншы қатысқан. Алайда хылықтың көптігіне байланысты ойыншылар жарақат алып, тіпті адам шығыны орын алған. Осыған байланысты 1313 жылы патша 2-ші Эдуард футболға тиым салады. XVII ғасырдың басында аяқ добын қайта жаңғыртты. Ойынның ережесіне сәйкес команда да 11 ойыншыдан болды. Ал 1855 жылы Кембридж университетінің студенттері арасында тұңғыш рет футболдан чемпионат өтті. Екі команда да тең түсті.

Бүгінде әлем бойынша 250 мил-ға тарта адам футбол ойнаса, 30мың  кәсіби футбол клубтары тіркелген. Ойын ережесі бойынша алаң ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышта өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396 — 453 г,  шеңбері 68 — 71 см. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын 15 мин үзілісі бар, 45 мин-тан екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Ойын барысында тәртіп бұзу «фол» деп аталады. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін — сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін — қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады. Жоғарыда атап өткеніміздей футболдың таралуын, басқаруын және бақылауын менгеретін бір қатар халықаралық ұйымдары бар. Негізігісі болып Цюрихта (Швейцария) орналасқан ФИФА ұйымы болып есептеледі.

ФИФА халықаралық жарыстарды, яғни Футболдан Әлем чемпионаттарын ұйымдастыру мәселесімен айналысады. Бүгінгі таңда  футболдың ең қатты дамыған жері — Еуропа. Ең бақуатты 20 футбол клубтары осы еуропада орналасқан. 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан 700 футболшының 102 — Англиядан, 74 — Германиядан, 60 — Италиядан, 58 —Франциядан болған. Бұл деректің жанында біздің қазақ футболының әлі де болса дамуы қажет екенін түсінеміз. Қазақ футболына 100 жылдан астам уақыт болды. 1913 жылы Семейде  «Ярыш» футбол командасы құрылған еді. Қазақ жеріндегі тұңғыш футбол командасының құрамында жазушы Мұхтар Әуезовтің де доп тепкенін білеміз. Қазақ футболының қайратына мініп, бір кездері құлдырағаны да көз алдымызда. Біздің жігіттерді доп тебе алмайды депте кемсіткен едік. Жоқ бүгінгі ала доптың аяқ алысы жаман емес. 10 жыл бұрын Азия Футбол Федерациясынан УЕФА-ға өттік. Осы жылдар ішінде Еуропаның белді құрамаларымен иық теңестіре өнер көрсеттік. Бізден оқ бойы ұзап кеткен кәрі құрлықтан тәжірибе алдық. Жетістігімізде баршылық. Кеше ғана бүкіл елді дүр сілкінткен Шахтердің жеңісін әлі талай айта жүрерміз. Қош. Енді футболды дамыту ісіне жасалып жатқан қадамдар жайына көшсек. Теңбіл доптың бастауы – аула футболы. Бүгінде үлкен қалалардағы әрбір көпқабатты үйдің ауласынан жасыл алаңды кездестіруге болады. Жыл сайын таланттарды іздестіріп, доп тебуге қабілеті бар балғындарды Бразилия жеріне тәжірибе алмасуға жібердік. Бес дүркін Әлем чемпиондарын баптайын бапкерлер енді бізге де тәлім береді. Балапанды күзде санармыз.

Бүгінгі таңда ФИФА бекіткен рейтингте Қазақстан 147-ші орында. Ал, УЕФА-ға мүше 53 елдің ішінде біздің құрама 34-ші орынға жайғасыпты. Дәл қазір Ұлттық құрама келе жылы өтетін ӘБ-нің іріктеу ойындарына қатысуда. Бірер күн бұрын өз алаңымызда Фарер аралдарын 2-1 есебімен ұтып, үш ұпайды олжалаған едік. Бүгін кешке Астана арена тағы бір айтулы матчқа куә болады. Даңқты футболшы Златан Ибрагимович бастаған Шведтер бізге қонақа келеді. С тобында Германия көш бастап тұр. 7 ойын өткізген біздің жігіттердің қоржынында әзірге 4 ұпай бар. Ендеше қарқын алып келе жатқан қазақ футболына атсалысайық және жігіттерге сәттілік.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.