Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Филиал жыл қорытындысын шығарды

Филиал жыл қорытындысын шығарды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ 2016 жылының жұмыс қорытындысын «Алау» телерадиокомпаниясының эфирі арқылы жариялады.

2016 жылдың 22 желтоқсанында филиалдың ДБО тренері Ж.К. Кобжасарова «Көкейтесті сұхбат» хабарында өткен жылдың маңызды іс-шараларына тоқталды. Ол жыл Ы.Алтынсариннің туылғанына 175-жыл толуына арналуымен есте қалды. Бағдарлама аясында Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражай базасында Алтынсарин оқуларын өткізу көзделді. Филиал «Өлкетану – «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асырудың негізі» өлкетанушылардың І облыстық Форумын өткізді. Форум шеңберінде «Өлкетану – «Мәңгілік Ел» мұрасы» — «Краеведение-истоки «Мәңгілік Ел» оқу-әдістемелік құрал таныстырылды, онда облыстың үздік өлкетанушыларының іс-тәжірибесі көрсетілді.

Сертификатталған мұғалімдердің «Жарқын белес» дәстүрлі республикалық форумы онлайн режимінде өткізіліп, «Оқыту мен білім беруде АКТ пайдалану: білім ресурстары мен сапаны қамтамасыз ету» тақырыбына арналды. «Алау» радиосы хабарында Ж.К.Кобжасарова Елбасы ұсынған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру жөніндегі филиалдың қызметін жан-жақты атап өтті.

Оқытушылар өз сабақтарын Ұлттық идеяның құндылықтарын таныстырумен бастады. Білім беру мазмұнын жаңарту жөніндегі тренерлер оны түсіндіруде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы өткізген курста оқылған жаңа технологияларды пайдаланды.

«Көкейтесті сұхбат» хабарының бірі «TIMSS — 2015» математикалық және жаратылыстану білім беру сапасын Халықаралық мониторингтік зерттеу қорытындыларына арналды.

2015 жылы TIMSS беделді халықаралық рейтингте Қазақстанның мектеп оқушылары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл жерде біліктілікті арттыру жүйесі де өз маңызды рөлін атқарды. 2013-2015 жылдары аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ 150-ден астам бастауыш сынып және математика пәні мұғалімдері оқу курстарынан өтті.

Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі Ғ.С.Жүсіпова және мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Бекмаганбетова бұл зерттеулер бастауыш мектеп 4-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану білім беру сапасын және әлемнің түрлі елдеріндегі 8-сынып оқушыларының білім деңгейін салыстыруға, сондай-ақ білім берудің ұлттық жүйелеріндегі айырмашылықтардың бетін ашуға жол береді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның МДБОжТТ кафедрасының меңгерушісі Г.И.Данильченко «Разбудильник»

бағдарламасының қонағы болды. Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейінің оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары Г.М. Бечановамен және мектеп оқушылары Асқар Маликов пен Арина Балонинамен бірге TIMSS халықаралық зерттеудің ерекшеліктерін айтып өтті. №1 мектеп-лицейі – зерттеуге қатысқан аумақтың бірден бір мектебі. Бағдарламаға қатысушылардың пікірі бойынша Қазақстан мектеп оқушыларының соңғы зерттеудегі табысы мұғалімдермен, мектеп оқушыларымен және ата-аналар жұртшылығымен тиянақты жұмыс істеудің нәтижесімен байланысты болды.

Хабардың соңында Г.И.Данильченко, бұдан былай зерттеу жұмыстарында тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсеткен өзге елдердің мұғалімдерімен байланысты нығайтып, осы елдердердегі педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын оқып-үйрену арқылы өз тәжірибесін байытуға мүмкіндік алуға болатының атап өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ қолдағы бар тәжірибесін ескере отырып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттығын одан әрі арттыру мақсатында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жаңа бағдарламасын құрумен айналысуда, бұл өз кезегінде Қазақстан оқушыларына халықаралық рейтингте жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.