Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Физика пәнін оқытудағы теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері

Физика пәнін оқытудағы теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері

 Жалпы физика — табиғаттың негізгі қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.

Қандай да бір мәселенің өзектілігін анықтау кезінде әрқашанда оқыту алдындағы міндеттер арасындағы бар қарама-қайшылықтан және оқытудың теориясы мен практикасындағы осы мәселенің жасалуының деңгейі мен дәрежесінен шығады. Сондықтан, біз орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі алдында тұрған қарама-қайшылықтарды бөліп аламыз және олардың негізінде өзекті мәселелерді қалыптастырамыз.

Орта мектеп оқытуды демократизациялау, гуманизациялау, гуманитаризациялау сияқты принциптерден құрылады.

Бұл принциптердің көрінісі әр типті оқу мекемелерін, әртүрлі оқу бағдарламалары мен оқулықтар құру болып табылады. Сәйкесінше осы уақытқа дейінгі орта физикалық білім берудің бірдей деңгейі, оқу бағдарламасы мен оқу құралы және оқушылардың оқу мекемесін және оқу бағдарламасы мен оқу құралын таңдау арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылық әртүрлі типтегі оқу мекемелеріндегі, бағыттары әртүрлі кластардағы физикалық білім беру мазмұнын анықтауды негіздейді.

Практикаға жеке бағыттылық оқытуды енгізу, мұнда мұғалім «орта» оқушыға бағытталады, ол үшін қабілетімен, қызығушылығымен және икемділігімен жеке адам болып табылатын ал әрбір нақты оқушыға жаңа әдістерді, жоспарларды және оқытудың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру процесі жүріп жатыр, еліміздің барлық өмірінде, ең аз уақыт аралығында білім беруді жаппай ақпараттандыру болады. Әзірге бұл процесс баяу жүріп жатыр, бірақ оның темпі қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Біздің оқушылар физиканы оқу процесінде ЭЕМ-ны тек есептеу құралы ретінде пайдаланбауы керек, сондай-ақ оқыту құралы және дайындықты бақылау құралы ретінде де пайдаланулары керек. Қазірдің өзінде де мектепте моделдеуші, бақылаушы және оқытушы компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Компьютер барлық пәндер бойынша да оқу процесіне әлі де кеңінен енетін болады, соның ішінде физика бойынша да. Физиканы оқытуда компьютерді қолдану технологиясын құру – физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі.

 

Тагаев Орифжон Тиллабекович,
Түркістан облысы,
Жетісай ауданы, Атақоныс елді мекені
Абдурахман Жами атындағы №24 ЖОМ
физика пәнінің оқытушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.