Home » Ашық сабақтар » Фетр матасынан бұйым дайындау

Фетр матасынан бұйым дайындау

 «Үйрен де, жирен»

(мастер класс)

Мақсаты:

Фетр матасына қойылатын талаптарды өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге,жұмысқа  деген қызығушылығын қалыптастыру. Осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, бейнелеу
Көрнекіліктер: слайд, фетр мата, жіп түрлері, қайшы, схема, шаблон, суреттер

Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Мата таңдау арқылы, жұпқа бөлініп отырады                                                                                                              1.Сән үлгісін көрсету

Музыка ойналып қыздар сән үлгісін көрсетеді

Қайырлы таң Алтын күн
Қайырлы таң Көк аспан
Қайырлы таң Жер-ана
Қайырлы таң Достарым
Қайырлы таң Қонақтар!

Бүгінгі мастер классқа қош келдіңіздер!  Бүгінгі мастер класс саяхат түрінде өтпек.

  1. «Шешендер ауылы».
  2. « Тарихи дастан» ауылы
  3. «Жәрмеңке» ауылы
  4. « Шеберлер» ауылы
  5. «Шешендер ауылы». Қонақ назарын ортаға аудару мақсатында мақал –мәтелдердің жасырын сөзін тауып,толықтырып оқу жаттығуын орындайды
  6. Шебердің инесі де, алтын, ..Күймесі де алтын…………………………………
    2. Жақсыдан үйрен, ..жаманнан жирен………………………………………………
    3. Еңбектің наны тәтті,…Жалқаудың жаны тәтті……….
    4. Шебердің қолы……… көпке ортақ

ІІ. Қызығушылықты ояту
2. « Тарихи дастан» ауылы. Мағынаны тану
Халықтық сәндік — қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі.
Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – felt, неміс тілінде – filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI — V ғасырдағы мерзімді айтты.

Фетра- талшықтан жасалған маталық емес материал.Фетра матасын өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырылады.Фетрадан әр түрлі бұйымдар жасауға болады.

  1. «Жәрмеңке» ауылы. Фетр матасынан жасалған бұйымдарынан көрме ұсыну.
    4. « Шеберлер» ауылы. Видеоролик көрсету.

Жұмыстың жасалу әдіс тәсілдерін көрсету, үйрету.

Үлгі шаблондар арқылы фетр матасын қиып пішеді, бұйым жасайды.

ІІІ. Қорытындысы:

 «Наурыз дастарқаны» ауыл. Кофебрейк
1. Аш кезінде берген күлше, Тоқ кезінде берген түйеден артық.
2. Дастарханның басында дұшпан да дос.

Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, адамдар, адамдар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.

 

Еркебекова Ж.У.

технология пәні мұғалімі

 Астана қаласы  Райымбек батыр атындағы  №50

«Қазғарыш» мектеп-лицейі 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.