Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімнің аты: Сауат ашу және жазу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: У у дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру. Уу дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
Тәрбиелік: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, Уу дыбысының баспа түрі, текшелер, түрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, сқоршаған ортамен таныстыру
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой.
Ал,кәнеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Тәрбиеші: Енді біз өзіміздің қандай әріптермен және дыбыстарды үйренгенімізді есімізге түсірейікші. Үйренген әріптермен және дыбыстарды есімізге түсіріп қана қоймай, сол әріптен басталған тілек айтып жаңбыр тамшыларын тақтайға жабыстырамыз.
1-бала: Аспанымыз ашық болсын!
2-бала: Туымыз көк аспанымызда мәнгі желбіресін!
3-бала: Денеміз сау болсын!
4-бала: Мәнгі бақытты болайық!
Дыбыс естіледі
Тәрбиеші: Бұл не дыбыс?
Бауырсақ кіреді.
Тәрбиеші: Бұл кім балалар?
Балалар: Бауырсақ
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым, — деп әндетеді де,
- Бірақ менің үйге қайтқым келеді. Ал мен үйге қайтатын жолды білмеймін. Балалар маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Қане ондай болса жолға аттанайық.
Балалар бауырсақпенен бірге жолға шығады.
Алдарынан қоян шығады.
Қоян: Бауырсақ, бұл сен бе? Қасыңдағы балалар кім?
Бауырсақ: Бұлар – менің достарым!
Қоян: Өткен кездескенімізде мені әніңмен алдап өзің қашып кеткенсің! Бұл рет менің тапсырмамды орында масаң, менен қашып құтылмайсын. Достарың да бұл тапсырманы орындауыңда көмектессе болады.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесейікші.
Қоянның тапсырмасы:
«Гүлдер» ойыны
Шарты: Гүлдің артында жасырынған сұрақтарға жауап беру:
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Олар қандай түспен боялады?
- 2. Дауысты дыбыстарды айт.
- 3. Уу дыбысын айтып көріңдерші, дауысты ма, дауыссыз ба?
- Уу дауысты дыбысы бар сөздер айт.
Балалар бауырсақпен бірге қоянның тапсырмасын орындайды.
Алдыларынан қасқыр шығады.
Бауырсақ (қорқып кетеді): Қасқыр, мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ, сен менің тапсырмамды орында.
Тәрбиеші: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
Қасқырдың тапсырмасы:
«Сиқырлы таяқша» ойыны
Шарты: Таяқшалардан Уу әрпін жасау
Балалар мен бауырсақ жолда кетіп бара жатса, қарсы алдыларынан аю шыға келеді.
Аю: Бауырсақ өткен кездескенімізде маған ән айтып бергенсің, бүгін сен менің тапсырмамды орындайсың.
Аюдың тапсырмасы:
Жұмбақ шешу.
1.Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.(Қауын)
- 2. Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.(Тауық)
Осылай аюдың тапсырмасын орындап, бауырсақ мен балалар әрі қарай жөнеледі. Алдарынан түлкі шығады.
Түлкі : Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! Бірақ мен сені қазір жемеймін. Достарыңменен менің тапсырмамды орындасаң сені жолыңнан қалдырмаймын ,орындай алмасаңдар, бауырсақ сені жеймін.
Түлкінің тапсырмасы:
«Ұшты-ұшты» ойыны
Түлкі бауырсақты бас сап жейін деп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Тәрбиеші: Жоқ, қу түлкі олай болмайды, балалар мен бауырсақ сенің тапсырмаларынды түгел орындады. Сен бауырсақты жей алмайсың.
Балалар түлкінің тапсырмаларын түгел орындап , бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Балаларды ата күтіп алады да, олармен амандасады.
Бауырсақ: Ата, бұл балалар қоян, қасқыр, аю мен түлкінің тапсырмаларын орындап, мені құтқарып қалды.
Ата: Рахмет, балалар.
Узиб берайми узум,
Узумни эккан узим.
Узум айтар ховлида
Яшасам танхо узим.
Ата балаларды жүзіммен қонақ қылады. Балалар бауырсақпен қоштасып балабақшаға оралады.
Қорытындылау
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Мадақтау:
Тәрбиеші: Сендер өз еңбектеріңмен жақсы нәтижеге жеттіңдер, — деп мақтау тәсілін жүргізу.
Хабибуллаева Чарос Химаятуллаевна
«Айша-Биби» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы
Қарнақ ауылы