Робототехника, құрастыру, бағдарламалау — міне, әлемдегі қазіргі заманның мектеп оқушыларын қызықтырушы көрініс. Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторлар құру, мектеп оқушылар сарайларының базасында балаларды шағын жастан бастап робототехникаға үйрету қажеттігін айтты.
Қостанай филиалы уақытқа сәйкес, облыс мұғалімдеріне оқу үрдісінде курстарда ең жаңа және алдыңғы қатарлы ғана болуға көмектеседі. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тыңдаушылары көшпелі практикалық сабақ шеңберінде инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D модельдеу саласындағы балаларды дамыту «STEM-Academia» орталығына барды. Бұл халықаралық ғылыми-өндірістік орталық. Бірегей авторлық бағдарлама мен STEM Academia көптеген жобаларының арқасында осы бағыттағы білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады.
Педагогтер осы күннен өте жарқын және бай әсер алды. Тыңдаушылар осы орталықта балалардың оқуы туралы көріп қана қоймай, сондай-ақ оқыту әдістемелерін талдап, оқытудың жаңа бағдарламалары туралы білді, Академия жобаларымен танысып, тәжірибелі оқытушылармен тәжірибе жүзінде алған білімдерін тексерді.
Қостанай филиалы «STEM-Academia» балаларды дамыту орталығымен ынтымақтастық келісім-шартын жасады және енді тыңдаушылардың әрбір тобы оған келіп, білімнің үлкен жүгін, бағалы тәжірибені, құрастыру саласындағы практикалық дағдыларды және жағымды әсерлерді ала алады.
Бакуменко С.В.,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,
қоғаммен және басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы