Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. (Балалар жаңа жылдық музыка әуенімен залға кіреді). Ал, бүгін, балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі, ойыншықтары неткен көп. Ал, енді шыршамызға арнаған әнімізді шырқайық.
Ән: «Ақ қоян»
Жүргізуші: Қанекей, балалардың тақпақтарын тыңдап көрейік.
(Аружа, Абдусамад, Мансур, С.Амина, Жәңгір, Ақнұр, Расул, Айзере)
Аружан: Билейміз де ойнаймыз,
Балғын ұл-қыздар.
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар.
Абдусамад: Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз.
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Мансур: Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Ақнұр: Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ дәптерді парақтап
Қыс отырған секілді.
Расул: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
шырша келді ортаға.
Айзере
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме
Аяз ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Айтыңдаршы, жылда жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Аяз ата, Ақшақар
Бәрі: Аяз ата, ақша қар — 3рет
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын, сендердің қатты айқай — шу, тасыр-тұсырларыңнан шошып оянып кетіп, осында келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, аю. Сені оятып жібергенімізге кешір, бірақ біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз. Сен де біздің мерекені тамашалап қонақ бол.
Аю: Рахмет. Мен де сендерге құр қол келмедім. Сендерге өзімнің сыйлықтарымды әкелдім. Қане, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік… (деп ашып жатқанда ішінен сайқымазақ шығады)
Сайқымазақ: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарын қандай жақсы болды. Ол жер тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен. Мен де сендермен Жаңа жылды қарсы алайыншы.
Жүргізуші: Әрине, сайқымазақ. Біздің балалар өте өнерлі. Сендерге тақпақ айтып бермекші. (С. Амина, Жәңгір, Алиасқар, Інжу, Саян, Арсен)
С. Амина: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Жәңгір:
Тамаша тамаша
Жаңа жыл келді.
Аяз ата біздерге
Сыйлық әкелді.
Алиасқар
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
Інжу
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны.
Саян
Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Мықты болу өзіңнен
Ауырмаңдар ешқашан.
Арсен
Тоғай да, баулар да.
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Сайқымазақ: Керемет, тамаша, балалар. Менің де сендерге арналған ойыным бар. Балалар, қараңдаршы, жердің жүзі аппақ мамық қар түйіршіктеріне толып қалыпты. Қане, маған жерді қар түйіршіктерінен тазалауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә
Ойын: «Кім көп қар түйіршігін жинайды?»
Шарты: жерде жатқан қар түйіршіктерін шелекке жинап алу.
Аю: Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Мен сендердің тақпақтарына тойдым, Енді ұйқтасам арманым жоқ, мен енді орманыма қайтайын. Сау болыңдар, Жаңа жылдарың құтты болсын.
Жүргізуші: Сау болыңыздар! Балалар, жаңа жылымызға Аяз атамен ақшақарды шақырайық.
Бірге: Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз ата:
Аяулы ата-аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Мені тани алдыңдар ма? Мен кіммін?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата – аналар! Балалар, тақпақтарың өте тамаша. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Жаңа жыл табысты да берекелі жыл болсын. Аяз ата, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңыз да, алыс жолдан келдіңіздер!
Сіздерге арнаған балалардың әні де бар, биі де бар
Отыр, ата, сәл дем ал
Би: «Снежинки»
Жүргізуші: Балалар, өте жақсы биледіңдер. Келесі кезекті балалардың тақпағына берейік.(Сардар, Ерамир, Әбілмансұр, Әзім, Джахангир, Ямина)
Сардар:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Ерамир
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Әбілмансұр:
Ақ қырауға малынып
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Әзім
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Джахангир
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
Ямина
Арайлайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар
Жаусын, жаусын ақшақар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді бәріміз бірге шыршаны айналып шырша жырын айтайық
Хоровод: «Шырша жыры»
Ақшақар: Өте әдемі айттыңдар. Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал сендер аяқтандар ойынды
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр
Келе жатыр……
Балалар: Жаңа жыл!
Шырша бүгін кәделі
Сендер әрі…..
Балалар: Әдемі
Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата
Келеді бізге.
Балалар: Аяз ата
Аяз ата: Өте тамаша, балалар! Қанекей, маған би билеп беріңдерші.
Би: «Гномы»
Балалардың тақпағын тыңдайық.
Айша
Аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Арман Амина
Тауда туып,
Тауда өскен
Шырша келді ортаға.
Нұрасыл
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері көп-ақ
Кәмпиттерді көп берсе
Тағы айтамын тақпақ.
Альтемир
Тамаша, тамаша
Аяз ата келді
Қуантып іздерді
Сыйлық әкелді.
Раяна
Әдемілеп тізілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Илмаз
Қандай жақсы шыршамыз
Жаңа жылды тойлаймыз
Жүргізуші: Өте тамаша, балалар.
Құлақтан кіріп бойды алар
Тәтті әнмен әсем би
Көңілге түрлі ой салар,-
дей отыра, балаларымызды биімен шақырайық.
Би: «Волшебная шкатулка»
Ән: «Қыс қызығы»
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым-ай, әрине, қазір, қазір…
— Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарын да ақылды, білімді өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерінде қандай әдемі. Біздің сыйлығымызға риза болдыңдар ма? Ал, енді бізде жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Сау болыңыздар. Рахмет сіздерге!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Төрлет, Жаңа жыл» атты мерекеміз аяқталып қалды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
Кобикт Нургул,
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №17 «|Көктем» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны,
тәрбиеші