Home » Ашық сабақтар » Тәуелсіз Қазақстаным – ғажайып болашағым

Тәуелсіз Қазақстаным – ғажайып болашағым

Сынып: 1 «В»
Мақсаты:Оқушылардың бойында елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін, қоршаған ортаға деген көзқарасын арттыру.
Міндеттері:—       Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы жайында мәлімет алуына жағдай жасау;

—       Рөлдік-сюжеттік ойындарды сомдай білуге, сахнада өзін еркін ұстай білуге баулу;

—       Мәнерлеп оқу дағдыларын, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Жетістік критерийлері:Өз ойын ашық айту, білімдерін өмірде қолдана алу.
Құндылықтарды дарыту:Адамгершілік, патриоттық, өзіне деген сенімділік.
Пәнаралық байланыс:Сауат ашу, музыка, дүниетану
Ресурстар:АКТ, безендірулер.
Тілдік құзыреттілік:Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

Қолдарына жалауша ұстаған оқушылар сахнаға жартылай шеңбер жасай отырып отырады. Асылбек Еңсеповтың «Хафиз» күйі ойнап тұрады.

ІІ. 1. «Тәуелсіздікке – 26 жыл»                        

Мұғалім: Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Егемендік – бұл елімнің елдігі
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі
Егемендік – елін, жерін қорғаған
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00-де бар-жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Қонаев түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Елі, жері, халқы үшін ашынған қазақтың ұлтжанды ұлдары мен қыздары «Қазақ елін – қазақ басқарсын» деп күресті.

Тәуелсіздік – ел мұраты. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады.

1-оқушы: Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі. (Ж.Алдияр)

2-оқушы: Glancing into the future
It sprung up about the earth
The capital city Motherland
That is now called Astana. (Данэль)

3-оқушы: Мой Казахстан, ты независим
И над страною вьется флаг
Орел парит свободно в выси –
Знак мира, дружбы и добра. (Алуа)

 

4-оқушы: Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн
Елім менің, жерім менің
Баққа қолы жеткен күн. (Арслан)

5-оқушы: Kazakhstan was the last of the Soviet republics to declare independence following the dissolution of the Soviet Union in 1991. The current President Nursultan Nazarbayev, has been leader of the country since then and is characterized as authoritarian, with a government history of human rights abuses and suppression of political opposition. (Ж.Айзере)

6-оқушы: Наш Казахстан – счастливая, могучая страна
Наша Родина любимая богатствами полна
Как стена хлеба стоят, медом пахнут травы
А кругом сады шумят, шелестят дубравы. (Жазия)

7-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның! (Ақарыс)

«Елім менің» (сөзі: Н.Ә. Назарбаев, әні: Б. Тілеухан) әнін хормен айтып, Қайрат Нұртастың «Алға, Қазақстан» әніне топтық би билейді (қолдарында жалауша ұстаған оқушылар топтық би билеп, Тәуелсіздік жайында көрсетілген бөлімді аяқтайды).

Арайлап таңым, асқақтап тауым
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.

Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім,
Бостандық еді-ау – асыл арманың.

Қ-сы: Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.

 (әр оқушының қолдарына гельді шарларды ұстатып, аспанға ұшырту).

Мақпал Қанатқызы Женісова,
№77 мектеп-гимназия,
Бастауыш сынып мұғалімі,
Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.