Тәуелсіздік — тірегім құламайтын
Жеткізген бізді бұған құралай күн.
Бүгін мен егеменмін сондықтан да ,
Бұдан асқан бақытты сұрамаймын .
Тірегім — тәуелсіздік егемендік ,
Қанша ғасыр ел болып еленбедік .
Бүгін бізді таниды бүкіл әлем,
Бұның өзі ұлт болып теңелгендік .
Қашан да болашаққа бастайтын,
Тірегім, тілім, дінім, салт- дәстүрім.
Түсінетін адамға бәрінен де ,
Тәуелсіздік алған күн ең басты күн.
Шәкәрім атамызға арнау
Шәкәрімдей нар тұлғалы атамыз,
Оқимыз да әнін шырқап айтамыз.
Шөлдеген жан шөлін басар бұлақтай ,
Әр өлеңі түсінгенге бір аңыз.
Өнегелі із қалдырған артына ,
Сөздеріңді теңер едім алтынға .
Жақұт-маржан жырларыңа құмармын ,
Мұра болған ұрпағыңа, артыңа.
Шәкәрім мен Абай десе әр қазақ ,
Елеңдейді жырды сүйер бар қазақ.
Алла десе әр пендені тербейді ,
Иманды ойлап күй кешеді бір ғажап.
Өлеңдерің ғасырларды жалғайды ,
Атақ-даңқың жыр көгінде самғайды .
Ұрпақтарың тұрған кезде ән қылып,
Ертеңгі ұрпақ сені ұмыта алмайды.
Қарақожаева Айнұржан
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицей 10 «Б»сынып оқушысы
Жетекші мұғалімі. Шатемірқызы Ақмарал