Home » Мақалалар » ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛАНДАРЫ!

ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛАНДАРЫ!

        Тәуелсіздік — қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. «Тәуелсіздік» дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Ата заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз, төл теңгеміз, өз қарулы күшіміз  бар деген ұғым. Биылғы жыл ерекше жыл – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы.

Тәуелсіздігіміздің көк байрағының желбіреп, егемен еліміздің болашақтары тәуелсіздігіміздің ұландары екендігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаны  өз елінің патриоты болуға   тәрбиелеу  біздің басты міндетіміз болып табылады. Осы мақсатта  мектебімізде мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушылар мен олардың ата-аналарымен бірге «Тәуелсіздік ұландары!» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді. Семинар-тренинг сәлем-сөздің анасы деп сәлемдесуден басталды. Сонымен қатар «Өтінемін», «Кішкентай ергежейлі», «Алақанға жан бітір» ойындары ойнатылды.

Келген қонақтардың ішінен 5 «б» сынып оқушысы Букаев Нұршат қалалық таэквондо сайысының 3-орын жүлдегері екендігін оқушыларға айтып, құттықтадық, ал  4 «а» сынып оқушысы Әнуарбекұлы Төлеу өз өнерін ортаға салып, өлең оқыды. Семинар-тренингте «Мен бақыттымын!» тақырыбында топтық жұмыс плакатқа оқушылармен бірге ата-аналар да сурет салумен жалғасын тапты. Семинар-тренинг «Табиғат тамашалары» бейнеролигімен аяқталды. Семинарға қатысушылар соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, алдағы уақытта осындай іс-шаралардың жалғасын табуына тілек білдірді.

 

№120 Жамбыл орта мектебінің
педагог-психологі
Төреханова Гүлбану Әшірбекқызы
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.