Home » Жас қалам » Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік тұғыры

 

Елге деген ып-ыстық сезімімді,

Жетесіне жеткізген – Тәуелсіздік.

Бостандыққа бар болған төзімімді,

Қыл көпірден өткізген – Тәуелсіздік.

 

Өз елім, өз жерім деп өзек өртеп,

Өршіл рух сыйлаған да Тәуелсіздік.

Сананы улаған да сансыз «ертек»

Одан есті жинаған да Тәуелсіздік.

 

Қасқайып қазақ атын жүз қайталап,

Жүрек отын тұтатқан – Тәуелсіздік.

Мойын бұрса еліме түз шартарап,

Арқасы ол – құты артқан Тәуелсіздік.

 

 

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы

Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің

4-сынып оқушысы Саяжан Айым

Жетекшісі: Қадырбекова Айман

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.